РАББЫҢ КІМ?!!

Description
Дұрыс ислами наным-сенім негіздері. Мәңгі өмір бастауындағы алғашқы сұраққа дайындалу.
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 7 months ago

?ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:

Ырым туралы

☘️ Әнастан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Індет өзінен-өзі тарамайды, жаман ырымдар әлдебір нәрселерге ықпал етпейді, әрі маған жақсы белгі (нышан) ұнайды». Одан: «Ал жақсы белгі (нышан) деген не?», - деп сұрағанда, ол: «Жақсы сөз», - деп жауап берді (әл-Бухари, 5756. Муслим, 2224).

1 year, 7 months ago

?ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:

Ырым туралы

☘️ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Індет өздігінше тарамайды, жаман ырымдар (ешбір нәрсеге) ықпал етпейді, жапалақтың жылауы – өтірік, сапар айының сәтсіз екені де – өтірік» (әл-Бухари, 5757, Муслим, 2220, 102).
Муслимнің келтіретін нұсқасында келесідей қосымша бар: «...Жұлдыздар (әлдебір нәрсеге) әсер етпейді әрі жауыз рухтар да (тылсым күштер де еш нәрсеге) әсер ете алмайды» (Муслим 2220, 102).

1 year, 7 months ago

???  دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز  بشرح الشيخ هيثم سرحان

  1. تجهيز الميت و الصلاة عليه و دفنه

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

? Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

? Жиырма екінші сабақ.

Қайтыс болған адамды жерлеуге дайындау, оның жаназа намазын оқу және жерлеу

Аллаһтың нығметімен кітап аяқталды

1 year, 8 months ago

?ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:

Ырым туралы

Аллаһ Тағала былай деді:
مَعَهُ أَلا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لا يَعْلَمُونَ (١٣١)
«Ақиқатында, олардың сәтсіздіктері Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 131-аят).

قَالُوا طَائِرُكُمْ مَعَكُمْ أَئِنْ ذُكِّرْتُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ (١٩)
«(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті жаман ырым деп санайсыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер", - деді» («Я Син» сүресі, 19-аят).

1 year, 8 months ago

???  دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز  بشرح الشيخ هيثم سرحان

  1. الأخلاق المشروعة لكل مسلم؛ الآداب الإسلامية؛ التحذير من الشرك وأنواع المعاصي

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

? Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

? Жиырма бірінші сабақ.

Мұсылманның бойында болуға тиіс адамгершілік қасиеттер (15-дәріс),
ислами әдептер (16-сабақ), көпқұйшылық пен үлкен күнәлардан сақтандыру (17-сабақ).

1 year, 8 months ago

? Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету кітабы

? ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Сиқырды алып тастау (нушра) туралы бап

☘️ Жәбир, оған Аллаһ разы болсын, былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сиқырды (басқа бір сиқырдың көмегімен) алып тастау туралы сұрағанда, ол: «Бұл шайтанның істерінің бірі», - деп жауап берді” (Ахмад, 3/294; Абу Дауд, 3868).
Абу Дауд былай деді: “Бұл туралы Ахмадтан сұрағанда, ол: "Ибн Масғуд бұған толығымен тыйым салатын», - деп жауап берген”.

☘️ Әл-Бухари Қатаданың мына хадисін жеткізген: «Мен Ибн әл-Мусайябтан: "Сиқырланған әрі (сондықтан да) әйеліне жақындай алмайтын адамды емдеумен айналысуға болады ма, әлде бұған тыйым салынған ба?», - деп сұрадым. Ол: "Бұда әлдебір айыпты нәрсе жоқ, өйткені ол осынысымен игілік жасауды қалап жатыр, ал пайдалы нәрсеге тыйым салынбайды", - деп жауап берді».
Сондай-ақ әл Хасан әл-Басридің: «Сиқырды тек сиқыршы ғана кетіреді», - деп айтқаны жеткізіледі (Ибн әл-Жәузи «Жәмиғ әл-Масанид»).

1 year, 8 months ago

???  دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز  بشرح الشيخ هيثم سرحان

  1. الحج

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

? Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

? Жиырмасыншы сабақ.

Исламның бесінші тірегі – қажылық

1 year, 8 months ago

Имран ибн Хусойн Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерін жеткізген: «Әлдебір ырым жасайтын немесе ырым жасататын, балгерлікпен айналысатын немесе балгерлік жасататын, сиқыршылық жасайтын немесе сиқыр жасататын адам - бізден емес. Ал сәуегейге келіп, оның айтқандарына сенген адам, сонысымен Мухаммадқа түсірілгенге күпірлік танытты» (әл-Баззар, 3578 және әт-Табарани «әл-Кабирде», 18/162).
Әл-Бағауи былай деді: «Балгер (ғарраф) — бұл белгілі бір белгілер арқылы шынайы фактілерді білетінін және ұрланған, жоғалған, т.с.с. заттың қайда екенін көрсете алатынын мәлемдейтін адам». Сондай-ақ: «Бұл — сәуегей», - деп те айтылған.
Сәуегей (кәхин) деп болашақта не болатынын хабарлайтын адам аталады. «Ол адамның ойындағы құпия ойлар туралы хабарлайтын адам», - деп те айтылған.
Ибн Таймия: «Балгер — бұл сәуегейді, жұлдызнамашыны, топырақпен бал ашатынды, яғни осындай жолдармен (ғайып) нәрселерді білемін деп айтатынынң әрбірін біріктіретін атау» (Қз.: «Мәжмуғ әл-Фатауа», 35/173, 193).

1 year, 8 months ago

2512 - Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің ‎ﷺ былай дегенін жеткізген: «Аллаһ Тағала барлық құлдарды бір жерге жинағанда хабаршы оларға: «Әр қауым құлшылық еткендеріне барсын», - деп хабарлайды және әр қауым өзі құлшылық еткеніне барады, бірақ кейбір адамдар сол жерде қалады. Оларға келіп: «Неге барлық адамдар кетті, ал сендер осында қалдыңдар?», - деп айтылады. Олар: «Біз өз Құдайымызды күтіп тұрмыз», - деп айтады. Оларға: «Сендер Оны білесіңдер ме (танисыңдар ма)?», - деп айтылады. Олар: «Егер Ол бізге Өзін көрсетсе, біз Оны танимыз», - деді. Ол (Аллаһ Тағала) оларға балтырын көрсетеді және олар Оған сәждеге жығылады. Әрі бұл Аллаһ Тағаланың мына сөздері:يَوْمَ يُكْشَفُ عَنْ سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ فَلا يَسْتَطِيعُونَ (٤٢)
«Қиямет күні балтыр ашылады да, олар сәждеге шақырылады, бірақ сәжде жасай алмайды» (68:42). Сол кезде бүкіл екіжүзділер сәжде жасай алмай қалып қалады. Кейін Аллаһ Тағала оларды (мүминдерді) Жәннатқа апарады»
* («әс-Сахиха», 584).
* Яғни екіжүзділер сәжде жасай алмайды.

1 year, 10 months ago

???  دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز  بشرح الشيخ هيثم سرحان

  1. صفة الصلاة

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

? Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

? Он алтыншы сабақ.

- Намаздың сипаттамасы

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.