Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
📚ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:
Ырым туралы
☘️ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Індет өздігінше тарамайды, жаман ырымдар (ешбір нәрсеге) ықпал етпейді, жапалақтың жылауы – өтірік, сапар айының сәтсіз екені де – өтірік» (әл-Бухари, 5757, Муслим, 2220, 102).
Муслимнің келтіретін нұсқасында келесідей қосымша бар: «...Жұлдыздар (әлдебір нәрсеге) әсер етпейді әрі жауыз рухтар да (тылсым күштер де еш нәрсеге) әсер ете алмайды» (Муслим 2220, 102).
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان
اللغة القازاقية
المترجم: طلحة أبو علي
✨Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі
📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі
📌 Жиырма екінші сабақ.
✅ Қайтыс болған адамды жерлеуге дайындау, оның жаназа намазын оқу және жерлеу
Аллаһтың нығметімен кітап аяқталды
📚ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:
Ырым туралы
Аллаһ Тағала былай деді:
مَعَهُ أَلا إِنَّمَا طَائِرُهُمْ عِنْدَ اللَّهِ وَلَكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لا يَعْلَمُونَ (١٣١)
«Ақиқатында, олардың сәтсіздіктері Аллаһ тарапынан. Бірақ олардың көбі білмейді» («әл-Әғраф» сүресі, 131-аят).
قَالُوا طَائِرُكُمْ مَعَكُمْ أَئِنْ ذُكِّرْتُمْ بَلْ أَنْتُمْ قَوْمٌ مُسْرِفُونَ (١٩)
«(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті жаман ырым деп санайсыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер", - деді» («Я Син» сүресі, 19-аят).
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان
اللغة القازاقية
المترجم: طلحة أبو علي
✨Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі
📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі
📌 Он алтыншы сабақ.
- Намаздың сипаттамасы
🍃 Саубаннан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Расында, мен үмметімде адасушылыққа салатын имамдардың пайда болуынан қауіптенем. Әрі егер оның төбесінен қылыш түссе, онда ол Қияметке дейін көтерілмейді (қайта алынбайды). Ә рі менің үмметімнің тірі қалғандары көпқұдайшылдарға қосылмайынша және олардың бір бөлігі пұттарға құлшылық ете бастамайынша (Қиямет) Сағаты келмейді. Әрі менің үмметімде отыз өтірікші дүниеге келеді. Олардың әрқайсысы өзін пайғамбар деп жариялайды, ал (шындығында) мен – пайғамбарлардың соңғысымын, әрі менен кейін пайғамбар болмайды. Бірақ менің үмметімде үнемі ақиқатты ұстанатын әрі жеңіске жететін бір топ адамдар болады, және оларды көмексіз қалдырғандар оларға Аллаһтың әмірі келмейінше зиян тигізе алмайды».
📚 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:
Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы
Аллаһ Тағала былай деп айтты:
قَالَ الَّذِينَ غَلَبُوا عَلَى أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِمْ مَسْجِدًا (٢١)
“Ал олардың іс басындағылары: «Біз міндетті түрде олардың үстіне мешіт тұрғызамыз», - деді” («әл-Кәһф» сүресі, 21-аят).
📌Абу Сағидтың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендер өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдетіне ізбе-із және шынтақ-шынтақпен ілесетін боласыңдар. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кіріп кетсе де, сендер де міндетті түрде солардың ізінен еріп кететін боласыңдар!» Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?», — деп сұрадық, ал ол: «Басқа кімді?!», - деп жауап берді” (әл-Бухари, 3456; Муслим, 2669).
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان
اللغة القازاقية
المترجم: طلحة أبو علي
✨Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі
📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі
📌 Он бесінші сабақ.
< Намазды бұзатын іс-әрекеттер;
< Намаздың рүкіні, уәжібі, мустахабы арасындағы айырмашылықтар;
< Саһу сәждесі;
< Бес уақыт парыз намаздардан бөлек намаздарға қысқаша шолу.
Пәк Аллаһ Тағала былай деді:
قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَلِكَ مَثُوبَةً عِنْدَ اللَّهِ مَنْ لَعَنَهُ اللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ الطَّاغُوتَ أُولَئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ (٦٠)
«(Уа, Мухаммад, оларға:) «Сендерге Аллаһтың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба? Олар – Аллаһ оларды лағынеттеп, оларға ашуланған, және оларды маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар, және тағутқа табынғандар», - де» («әл-Мәида» сүресі, 60-аят).
📚 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:
Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы
Аллаһ Тағала былай деді:
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَؤُلاءِ أَهْدَى مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلا (٥١)
«Сондай өздеріне Кітаптан үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар жибт пен тағутқа иман келтіреді де, кәпірлерді: «Бұлар мүминдерге қарағанда туралау жолда», - дейді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).
?ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:
Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы
? Муслим Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер жоқ болып жойылды», - деп айтып, осыны үш рет қайталағандығы туралы Ибн Масғудтың хадисін жеткізеді (Муслим 2680, Абу Дауд 4608, Ахмад 386/1).
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.