Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Жыл жоспарын жазып болдым. Фокустар жиналды. Алып бара жатқан дәңене жоқ. Қырам-жоямды қойдым)
Биыл тағы да тұрмысқа шықпайтын болдым. Жігіт жоқтықтан емес, жігітпен кездесетін уақыттың жоқтығынан. Бар демалыста қыдырам? мүйіз шықпайтынын білем. Ми құйылатыны үшін.
Мына ғасырда байлығың көлік те, үйде емес, санаңның саулығы. Ақша барма алтынмен аптала бергенше бір тәуір психологқа баршы. Сосын барып баймын дерсің. Жүрегің жырым -жыртық, санаңның саңлауынан жел соғып тұра көлік мініп, көлгісуің ешкімге керек емес. Біріншіден өзіңе де. Жылы киімнен бұрын жүрегіңнің жылуылығын ойла!
Жоқ, менің театр туралы жеке каналым бола тұра неге осындс жазғанмын, и? Біраө ол жақтың құлпы бары тағы бар.
“Турандот” - саналы түрде сызылады. Әлібектегі ми қыртыстарың қопаратындық ұнаса да, Ақтюеге билеттің бару бағасына Миланға жетіп ары Париж өтіп “Мольерді” көруге болады.
“Бақытсыз Жамал” - жолға жалғыз жете алмайтындаймын. Серік табылса ойланам.
“Теміртас” - Фархадтан көңіл қалғанын қаламаймын. Сондықтан біраз уақ оның қойылымдарын көрмеймін дегенмін.
“Әпке”-?
Өмірдің өзі өтіріктен өрілген…
атам заманда осылай деппін. Ол кездегі ойымда адамдарды ақтап алу басым етін. Қазір мейірім мен жауапкершілік жоғары. Бұған тік мінездің де ықпалы бар-ақ.
қазір ешкімді ақтамаймын да, жақтамаймын да. Бар болмысымен қабылдадым десем де бірді екіге соғатындарды түсіне алмақ емеспін. Қуыстанбай жүргің келсе айта салсаш. Қырық өтірікті құрақ қылып жамамай.
алдыңкүні “Ұлпанға” кешігіп бардым. Есіктер жабылып кетіпті. Алғаш рет 18 жылдық театрал деген стажым есікті айқара ашып берді. Партердегі орныма емес, балконнан бос орын болса кіргізілерің сұрадым. Келісті. Антракт басталғанша балконға жайғастым. Жайғастым да жанымдағы жігітпен сахнаға созылған сайын біресе шыңтағымыз, біресе басымыз тоғысып қалып жатты. Кейін өз орныма барып жайғастым. Жігіт қалған. Кешелі бері жазыпты. Инстаның запросын қарамаппын да. Парақшамды ақтарғаны білініп тұр. Жазғаны “театрдан не түйетініңді түсіндім, ал саяхат ойларыңды өзгертті ме?” Әй-шәйсіз. Ойларымның қазіргі нүктесін білу үшін, алғашқы бастауынан басталуы керек қой әңгіме. “Өзгергенің білу үшін әңгімені өзегінен бастау керек шығар” деп едім. “Уақытым көп, айтуыңды талап етемін” деді ғой)
“Сіздің келте балақтан тапқан Құдайыңызды, мен сапардағы сезімдерімнен таптым” дей салдым. Шамына тию емес едік әуелгі ойым. Бірақ “көкем” көсілім көкірегіңдегісің төгіп кетіпті…
Адамның энергия көзінің бірі - отбасы, тума-туыс, жақындары ғой. Солармен көрісіп бір жасап қаласың. Айтқаныңды екі етпей өсірген ата-апа, ағаларыңды көріп қамсыз күндеріне еріксіз ораласың. Сол эмоцияның өзі ақ бақыттың шыңына апарардай. Төрт жүз адам арасынан байқамай өтсең жеңгелерің де, ауыл ағалары да, ұстаздарың да, әкенің жолдастары да жазғырмай артынан келіп өздері амандық-саулық сұрасып жатқанда “қап, көрмей кеткенімді ай” деп қапа болғаныңмен олардың риясыз көңіліне шалқып қаласың. Үлкендіктерің міндеттемей қайта “үлкен қызымыз” деп құшақ жайғандары өзіңе деген сенімділікті арттыратыны тағы бар.
Ауылда береке бары, рас. Одан бұрын маңыздысы мейірім мен қолдау бар. Қаласаң ауылдасқа қорған да бола алатындары тағы бар
Свет болмай сандырақтап кеттім. Жұмыссыз отқан қиын екен)
Алматы жыласа болды свет өшетін болыпты ғой. Не жұмыс жоқ, не қуат жоқ, не кофе ішетін кофейня жоқ.
Свет болмаса қараң екенбіз ғой негізі.
Тараймыз, достар. Жалған жүрек қағысы. Тик-токтан шығып едім, миымнан да жоғалып кетті
Актермен ауыратындартенді сендерді сөкпеймін. Өзімде біреусіне сәл симпатиям кетіп, қызуым көтерілгелі тұр
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago