ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 2 months, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 weeks, 4 days ago
«Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»
Сені өзгертетін аудиоподкасттарды тыңда??
Ниетім 1 МЛН адамға Пайдалы болу?
Last updated 9 months, 3 weeks ago
✉️Сәлем, Лили
Саған хат жазбағаныма біраз болды. Айтар жаңалығым - менің әлемге деген көзқарасым өзгеріп келеді. Бұрынғыдан қарағанда әлемнің таңғажайыптарын байқай бастадым. Жаратылыс ғылымдарына қызыға бастадым. Әлемге енді келгендей… Қалай түсіндірсем екен…
Ой жүгіртіп көрші. Ес білгелі көріп келе жатқан ай бар ғой, иә?! Ғарышқа қызыққалы оған басқаша қарай бастадым. Оған түскен сәулеге қарап, күннің қай жақта екенін, біздің жүйемізде ең кемі жер, ай, күн деген үш дене барын сезіне бастадым. Білмей жүрген жоқпын ғой оны. Бірақ білу бір бөлек… Сезіну бір бөлек екен…
Ай, көре алған адамға, сондай сұлу.
Егер де біздің планетамыздың айналасында көрер көзге тым алыстағы жұлдыздар ғана болып, ай сияқты жақын серігіміз ешқашан болмаса, содан соң бір күні аяқ астынан атып шықса, қалай таң қалар едік?! Айдың толуын асыға күтіп, барлығымыз далаға шығып, оны тамашалап, жер-жаһан шулап, көз алмай қызығар едік деймін.
Бірақ оған таң қалу үшін оның жаңадан пайда болуы шынымен қажет пе?! Ол онсыз да таң қалуға лайық қой, солай емес пе? Ол біз үшін күн сайын пайда болып отырған жоқ па?!
Ал Құдай бар ғой, Лили… Оның айды көз алдымызға көтеріп қоюындағы мақсаты да сол, бізді таңқалдыру шығар.
🌔
Кешірім сұрау қиын… кешіру де. Бірақ одан да қиыны - кешірмей, кешірілмей өмір сүру… (сияқты)
Қызық. Адамға неге бақытты сәттерін есте сақтау қиын. Балалық шағымнан бір қуанып, ойнап-күлген сәттерімді есіме алайын десем - ештеңе жоқ. Адам миындағы нейрондық байланыстардың көптігін ескерсек, өмірімде орын алған соншалықты көп бақытты келмеске, не сананың қол жетпес түкпіріне тықпай-ақ қойса болмас па екен. Сонда Құдайға “жалко” ма?.. дегенде студенттік кезімді сағынып қанша қиналғаным есім түсті.
Дегенмен Құдайдан асқан қамқор жоқ қой.
Адамды адам болғаны үшін жазғырамыз ба?!
Білесің бе, Лили,
бүгін қысқа ғана қайырғым келіп тұр.
Өзіңе қателесуге және кейбір адамдарға ұнамауға рұқсат берші…
Білесің бе, Лили,
адамдар саған дөрекі сөйлеуі мүмкін, намысың тиіп, балағаттауы мүмкін. сен оларды сөздеріне жауапты емессің. бірақ (!) оларға не және қалай жауап беретініңе жауаптысың.
жауабыңа жауаптысың. екі сөздің бірдей жазылатынына қарамайсың ба. бірінші сөз - ол адамға беретін жауабың. екіншісі - Құдайға беретін жауабың. Құдайдың алдындағы “неге?” деген сұраққа қандай жауап таба аламыз? қандай сылтау таба аламыз?
Білесің бе, Лили,
Сенің кім екеніңді білгісі келетін адамдар бар.
Бірақ сен мен менің кім екенімізді білуде қанша пайда бар дейсің.
Осы хаттардан өзін тапқан әр адам - мен, ал оны оқып, құлазып, қуанып, мұңайып, жымиған әр адам - сен емес пе.
Бары сол.
Білесің бе, Лили,
өзге адамдар үшін өмір сүруді қойғаннан соң жүрегіме тыныштық келді. Оңай болған жоқ. Мақтанғым келгенде мақтанбауға, айтарым болмағанда сөйлемеуге, біртүрлі болып көрінуден қорықпауға тырыстым. Әрекетімнің бәрі сәтті болды демеймін. Сол үшін бе екен, арманымның бір бөлігі орындалғаннан ба екен, әйтеуір,
Аллаға шүкір, жылдар бойы сақтап келген танымалдылыққа, мансапқа ұмтылыс су сепкендей басылып, орнына бұрын сезбеген іштей бір кемелдік келді.
Өзгесіз өзіңе жеткілікті болу. Алланы жеткілікті көру. Куәгер ретінде, еңбектің ақысын беруші ретінде, ең жоғары билігі бар танысың ретінде, шағымыңды тыңдаушы, сұрағаныңды беруші, бермегенде қамқоршы ретінде жеткілікті көру... Барлық мүліктің иесін, қандай жақсы мақтау ойлап тапсаң, соның бәрінің иесін…
Одан басқа не керек?
Лили, білесің бе,
бақыт деген күлкі емес екен. Бақыт деген қуаныш емес екен. Тәтті тағам, жақсы киім, мансап, танымалдылық, достық, тіпті махаббат та емес.
Бақыт ол тыныштық.
Тыныштық жүректе болады.
Ал біз оны мидың сездіретін жағымды сезімдерімен шатастырып жүрміз.
Бақыт деген жаздың ыстық емес, жылы күніндегі ашық аспанда шақырайып тұрған күн сәулесінің көзіме түскені деп ойлайтын едім. Ол жүрекке емес миға жағады екен. Ал жүрек оған шүкіршілік еткісі келеді. Оған сол керек. Байланыс керек. Кіммен? Жүректер кімді еске алғанда тыныштық табады?
Сомен…
13:28. Уақыт емес, аят.
Білесің бе, Лили,
Құдайдың қандай қамқор екенін?! Ол бірдеңені берсе қамқорлығымен береді, бермесе қамқорлығымен бермейді. Кейде бермегені бергенінен артық.
Мысалы
бала әкесінен ақша сұраса, әкесі бере салмайды. “Не үшін?” деп сұрайды. Себебі қамқор. Зиян беретін нәрсе алатын болса бермейді. Тіпті бала оны әлемдегі ең пайдалы дүние көрсе де, әкесі бала білмейтінді біледі. Тәжірибесі, білімі артық.
Осылайша Құдай да біздің арамыздағы қарым-қатынастарға мысалдар жасырған екен.
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 2 months, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 weeks, 4 days ago
«Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»
Сені өзгертетін аудиоподкасттарды тыңда??
Ниетім 1 МЛН адамға Пайдалы болу?
Last updated 9 months, 3 weeks ago