Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Сабақ жазғым келмегесін, пәлсапа жазбаққа ниеттендім.
Пәтуасыз пәлсапа — 1
Сенім арту оңай,
Сенімді ақтау қиын.
Мен сенімнен шыққан адамға да сенім арта аламын. Ал, оны ақтау, ақтамау — оның құзырындағы дүние.
Сүю, қадірлеу, бағалау, ұнату қолынан келсе де, бақытты болу қолынан келмейтін пенделер бар…
Кем—кетікті толтырасың кейде сен,
Сүмбілемсің, сүбелі сөз сөйлесем.
Ойымдасың ормандайын ой десем,
Түсімдесің, түсімдегі бейне — сен.
Жалт-жұлт етіп,
жылтыраған жарлы арман,
Адастым—ау ақылы жоқ арманнан.
Сені неғып көре берем жандардан,
Сені неге таба берем таңдардан?
Бейнеңді іздеп, бебеулесе бебеу мұң,
Сенің мені сүйеріңе сенермін.
Сенің осы жан—тәніңе не бердім,
Дәл осылай сен де маған не бердің?
Қапырықтай ыстық лебім соғылған —
Жүрегім бар, ол да саған о құрбан.
Жайдарылық күтіп жүрмін жолыңнан,
Майда қылық көрсетпеші соңымнан.
Күпті көңіл, күпті күдік, күпті үміт,
Бұлғаңдаған бұлаң мұңды бұқтырып.
Өр басымды өміріңе тіктіріп,
Кеттің мені көп үмітті күттіріп.
Күй салдырған көңіліме киелі ең,
Иек артпа, сенім артып, иелен.
Таңдайыңнан түскен сөзді қағып ап,
Маңдайыңнан сүйер ем…
Күштеді көремін деп күй сендіре,
Жүрегіме көп кірме, тисең дүре.
Күпірлік пе, білмедім, шүкірлік пе,
Мүбәрак болып шықты бейсенбі де.
Сәлдесі бар сенбісің таза Айгерім,
Азайды сендей ару да, азайды ерім.
Нұр шашатын болғасын, жасырмаққа,
Ілінді ме көзіңе көзәйнегің?
Біле алмай, сұрай да алмай есіміңді,
Несіне кешіктірем несібімді?
Бүгін тағы көрдім де, бір сұқтандым,
Кешір мені, Құдайым, кешірімді…
…Ей, аппақ қар, неге түстің жерге сен?
Табандарда кетеді ғой енді есең.
Адам деген аямайды ақтықты,
Менен сұра сенбесең.
Мен сен болсам келмес ем…
200-ден түсіп қалмайық🥲❤️
Жетпейтіндей бір нәрсе көркем ойға,
Ақындардың теңеуі келте, майда.
Беатриче бар, бірақ оның сұлу
образын жасайтын Данте қайда?
Арулар бар, аз емес күшті ұлдар да,
Көзден ұшқан бағынған ұшқындарға.
Сұлу әйел сүрінген тасты сүйіп
Өлмес өлең туғызған Пушкин бар ма?
Орын берді ойынан Жахан оған
Адам бар ма есімін атамаған.
Балқадиша кеткенде өлең жазған
Бар ма бүгін баяғы Ақан ағам?!
Сол жігіттер жоқ бүгін сүйе алатын,
Сүйгені үшін өмірін қия алатын.
Қорланамын көргенде кей жігіттің
Қорландарға жасаған қиянатын!
Авторы: КҮЛƏШ АХМЕТОВА
Жылдар жылжыр, айды айлар алмастырар,
Біздің бақты бәрі де жалғастырар.
Біз алғашқы қар жауса жолықпаймыз.
Біз жолықсақ жауады алғашқы қар.
(С) Сандыбай
Жатыр мені жарылқамай күй арбап,
Жатқаны аз тағдыр маған сый арнап.
Саған жақын болсам ғой деп үнемі,
Отырамын омақасып, қиялдап.
Нөсерлетіп ән тыңдаса жанарың,
Таң кезінде алғаш өбер самалым.
Жібектейін иісі жұпар шашыңды,
Тарайтұғын болмадым ба тарағың?
Сен болғанда жоғалады қайғы-мұң,
Бақытымсың, басымдағы байлығым.
Маңдайыңды сәулесімен сипалар,
Болмадым-ау төбеңдегі Ай-Күнің.
Қара қайғы жұтып отыр ақының,
Сырын аңсап сағынышты сәтінің.
Тамағыңды самалдайын өбетін,
Болмадым ба иісі жұпар әтірің?
Сенің күлкің көңілімді қамшылар,
Маған туар бақыт күні бар шығар.
Түскен сайын ақ денеңді жуатын,
Болмадым ба жауындағы тамшылар?
Көрсетеді қорқынышпен түн айбар,
Сенде мені ғашық етер шырай бар.
Тілек тілеп үлгерейін, Жарығым,
Жұлдыздайын құшағыма құлай қал.
Ай сәулелі сағынышты сүттей мұң,
Сенен өзге ешкімді де күтпеймін.
Жырым-жырым жырларымды өзің деп,
Парақтарды жүрегіме бүктеймін.
Тағдыр саған тауқыметін төкпесін,
Сен түңілсең Күн ұясы — көкке сын.
Маңдайыңды бақ пен соры белгісіз,
Мен өбейін, басқа ешкім өппесін.
(С) Жанарыс Әскербай
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago