?ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ФУТБОЛ UFC КӨРУ ТЕГІН!
«SPORT12.KZ» ақпарат агенттігінің 09.07.2024ж. Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ22VPY00096439 лицензиясы бар.
✅ жарнамаларға әкімшілік жауап бермейді.
✅Сотрудничество: @kzsport12
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша
Ресми сайт: https://soqqy.com/
Youtube арна: https://youtube.com/@soqqy
Әлімжан Асқар: https://www.instagram.com/alimjanasqar
«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берге
Last updated 1 month, 3 weeks ago
Комментатор Ерсін Еріктің арнасы
Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі
Жарнама бойынша
@VaranRaphael
Last updated 2 months ago
🇰🇿*🇰🇵 Қазақстан Солтүстік Кореяға қарсы ойнайды*
Теріскейліктердің футболы жайлы ақпарат аз. Көбіне фейктер шығып жатады. Ұлттық құрамасына кезінде Әлем чемпионы атанды деген фейк есіңізде шығар? Бірақ бұл жерде бірден 2 өтірік бар:
Солтүстік Корея Әлем чемпионы атанбаған;
Әлем чемпионы атанды деп теледидарларында көрсетпеген.
Бұл жай ғана шетелдіктер монтаждаған әзіл.
Кореялықтар Ұлттық құрамасының шын күшін біледі. Бірақ құрамасының ойындарын телеарналары сирек көрсетеді. Соңғы рет сонау 2010 жылы мундиалдағы Португалияға қарсы ойынды алып берген. КХДР 0:7 есебімен ойсырай жеңіліп қалды. Содан бері тікелей эфирде футбол көрсетіп, тәуекел етпейді.
Бізде, Солтүстік Кореядан бір ерекшелігіміз, лайв-трансляция болады. Матчты Qazsport көрсетеді.
Ал қарсыласымыздың футболы жайлы көбірек білгіңіз келсе, Дмитрий Позовтың видеосын көріңіз. Қызық.
Бүгін 🏴 Манчестер Сити – Ньюкасл және 🇩🇪 Байер – Бавария жүргіземін
Жақсы-жақсы матчтарды алдым.
Fonteam-де Ман Сити Фора (1.5) жеңеді және Байер 2:2 Бавария деген болжам қалдырғанмын. Шыға ма екен? 🤔
Эх, Челси, Челси 🥃
❤️ FONBET-тегідостарымыз керемет құлаққап ойнатып жатыр!
Қатысу үшін мына сілтемедегі барлық шартты орындау керек: https://fnbt.link/993fa⬅️
65/35
«Соққы және гол!» эксперті Дидар Есемов Манчестер Ситидің УЕФА чемпиондар Лигасы ⅛ финалына шығу мүмкіндігін 35 пайызға бағалады
Біз келіспедік. Реалдың өтіп тұрғаны кемі 80-90% сияқты. Алайда Дидар ойын нақты жеткізіп, аргументтерін келтіріп, сөзін дәлелдеп бергендей. Қиындықтар болғанымен, «Этихадта» үмітсіз ойын көрсеткенімен, «қалалықтар» бір-ақ доп айырмасымен жеңілді.
Ал Мадридте бәрі басынан басталады. «Сити» – топ клуб, Пеп Гвардиола – топ бапкер. Хосекеңнің бір ойлағаны бар. «Сантьяго Бернаубеде» түрлі нәрсе болуы мүмкін.
Соққының комментінде Дидарды қолдағандар көп. Келіспегендер де аз емес. Бірақ оның сөзі, айтқан ойы нық болғаны шүбәсіз.
Қазақ эксперттерінің деңгейі жоғарылап, нақты қадау-қадау сөйлейтіні маған қатты ұнайды. Популизмнен қашып, «Реалға» да, «Барсаға» да, Месси мен Роналдуға, Ямал мен Мбаппеге де орынды сын айта алады. Сынын фактілермен көмкереді.
Содан болар, көрерменнің де талғамы биіктеді. Себебі Дидар «Реалға» қарсы шығып тұрса да, «реалфандар» оны жеп тастаған жоқ. Қарсы позиция әдемі айтылған соң, қабылдап жатыр. Келіспесе де, мойындайды. Мен де 65/35 дегенге көнбеймін. Дегенмен Диданың қарсы ойын ұқтым.
Демек айтушы да, тыңдаушы да өсті. Қазақ ютубы дамыды деген осы.
«Ман Сити» – «Ньюкасл» матчына болжам
🏴 🏴 Бұл ойында «қалалықтар» еркін көсіліп, екі доп (Ф -1,5) айырмасымен жеңіске жетеді ойлаймын. Сондай-ақ басқа да болжамдарды Fonteam арнасынан көре аласыздар.
❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз жаңа тіркелгендердің алғашқы депозитіне 200 000 теңгеге дейінгі бонус тарту етеді: https://fnbt.link/49eff ⬅️
🚨 Fonteam арнасының екінші видеосы шықты!
⚽️ Бұл жолы Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Бексұлтан Кеулімқос және мен Қазақстан емес, Еуропадағы топ-лигалардың басты матчтарын талқылап, болжам жасадық.
Қазақстан чемпионаты жаңа маусымының күнтізбесі шықты
Премьер-лига букмекердің атауынан арылмады. Федерация демеушімен келісім-шарттың біткенін күтетін сияқты.
Бір қызығы, бірінші турда-ақ бірден Ел Классика көреміз. Және Астана мен Қайрат соңғы турда да кездеседі. Ұйымдастырушылар сөйтіп басын да, соңын да тәтті қылмақшы.
Негізі көшбасшылар бабына енген шағында жолықса, жақсы еді. Бірінші турда Эль-Класико, Дер-Классикер, Ливерпуль – Манчестер Юнайтед сияқты матчтарды елестету мүмкін емес. Сол сияқты Астана мен Қайраттың шайқасын да чемпионат қызған уақытта көргіміз келеді.
Сондықтан бұл шешімге келісе алмадым. Күнтізбе жасаушылар ел назарын бірден футболға аударып алуды қалады ма екен? Мүмкін түбінде Ұлттық құрама мүддесі жатыр ма, білмедім.
Қайтсек те, Елордамыз футболды сағынып қалды. Бірінші турда Астана-Аренаға адам толады деп отырмын. Сөйтіп маусым біткенше қызығушылық сөнбесін.
📱Күнтізбемен танысыңыз: https://kff.kz/kk/news/26427
Астанада Fonteam түсірдік. Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Бексұлтан Кеулімқос төртеуміз алдағы матчтарға болжам жасадық. Қызық болады.
?ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ФУТБОЛ UFC КӨРУ ТЕГІН!
«SPORT12.KZ» ақпарат агенттігінің 09.07.2024ж. Мәдениет және ақпарат министрі берген № KZ22VPY00096439 лицензиясы бар.
✅ жарнамаларға әкімшілік жауап бермейді.
✅Сотрудничество: @kzsport12
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Футбол жайлы ақпарат тарататын үздік парақша
Ресми сайт: https://soqqy.com/
Youtube арна: https://youtube.com/@soqqy
Әлімжан Асқар: https://www.instagram.com/alimjanasqar
«Соққы және гол!» спорт порталының 23.07.2024 Мәдениет және ақпарат министрі берге
Last updated 1 month, 3 weeks ago
Комментатор Ерсін Еріктің арнасы
Парақша YerSport.kz сайтының серіктесі
Жарнама бойынша
@VaranRaphael
Last updated 2 months ago