Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
ҚБМ ЖҰМЫСШЫСЫ ПІКІРСАЙЫС ҮЗДІГІ АТАНДЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) №2 мұнай өндіру цехының(МӨЦ) операторы Таңат Ералиев өңірдегі өндірістік мекемелер жұмысшылары арасында өткен пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» атанды. «Самұрық-Қазына» АҚ-на қарасты компаниялардың Маңғыстау облысындағы жастар кеңесі мен «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы ұйымдастырған додада 6 команда бақ сынады.
ҚБМ намысын пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының токарі Серік Табынаев пен №2 МӨЦ операторы Таңат Ералиев қорғады. Америкалық парламенттік формат бойынша өткен ой жарыста қатысушылар екі тарапқа бөлініп, жастар саясатына қатысты тақырыптарды жан-жақты талқыға салды. Жақтаушылар да, даттаушылар да ұтымды кейстерді пайдаланып, нақты аргументтерді алға тартты. Өз позицияларын қорғау үшін статистикадан дерек келтіріп, сандарды сөйлетті.
Спикерлерден бөлек, белсенді көрермендер де тақырып бойынша сұрақ қойып, зияткерлік қабілетін паш етті. ҚБМ командасын қолдап келген электр цехының электромонтері Сырым Ізғалиев өткір пікірімен дараланып, ойға ой қосты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
ЫСЫРАПСЫЗ ӨНДІРІСТЕГІ «LEAN» ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Самұрық-Қазына»АҚ (СҚ) құрамындағы компаниялардың жас мамандарына арналған «Ысырапсыз өндіріс» тренингіне қастысты. Жастарға «Lean»-эксперт, СҚ «Жас маман кеңесі» төрағасы Әділет Мүтәлі және төраға орынбасары Сәбит Қаржаубайұлы дәріс оқып, тәжірибе бөлісті.
«Lean» - Kaizen философиясына негізделген жүйе. Ол ысырап пен шығынды азайту, сапаны жақсарту мақсатында көбіне мұнай-газ саласы, машина жасау, қызмет көрсету мен логистика секторларында кеңінен қолданылады. Тренинг барысында жастар аталмыш жүйені жұмыс процесіне енгізудің негізгі қағидаларын меңгерді. Сондай-ақ қатысушылар өндірістік ысырап шығындарын азайту, процестерді оңтайландыру, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру бойынша пікірін ортаға салды.
Ысырапсыз өндіріс көп компанияда күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың бірі. Сондықтан жұмысшылардың бұл бағыттағы білімі мен мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тренингке қатысушылар алған білімі мен жаңа ақпараттарды басшылыққа жеткізіп, жұмыс барысында енгізуге уағдаласты.
ҚБМ ЖАСТАРЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері компанияның жетістіктер қоржынын тағы бір кубокпен толтырды. Бұл жолы әуесқой футболшылар командасы «Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен аймақтағы жұмысшы жастар арасындағы аяқдоп жарысында жүлдегер атанды.
Өңірдің өндірістік мекемелеріндегі жас мамандардың бірлігін нығайту және жұмысшы жастар арасында берік қарым-қатынас орнату мақсатында өткен додада жиырмадан астам команда бақ сынады. Қаражанбастықтар алдымен «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жігіттерімен кездесіп, басым түсті. Бұдан соң «Қазпошта» құрамасын 10:2 есебімен жеңді. Алайда жартылай финалда «ӨзенМұнайГаз» АҚ командасы 4:3 есебімен алға шықты. Шешуші сайыста біздің жігіттер «OilServiceCompany» ЖШС қақпасына 5 гол соғып, үздік үштікке ілікті.
«Турнирге қатысу арқылы біз өзге мекемелердегі әріптестермен танысып, жаңа орта қалыптастырып үлгердік. Өндірісте еңбек ете жүріп, спортқа да қабілетті үзеңгілестердің көп екеніне қуандық. Көп ішінен дараланып, жүлдегер атану оңайға соқпады. Жастар – қозғаушы күш екенін жауапкершілікпен сезіне отырып, компания намысын тек спортта емес, түрлі бағыттағы сайыстарда қорғау үшін барымызды салуға әрқашан дайынбыз!»,- деді ҚБМ «Жас маман» кеңесі мүшелері.
АЭС САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Парламенті сенатының депутаттары Бекбол Орынбасаров пен Сүйіндік Алдашев Қаражанбас кен орнына жұмыс сапарымен келіп, еңбек ұжымдарымен кездесті. Басқосуда елде атом электр станциясын салу жобасының артықшылықтары мен қоршаған ортаға қауіпсіз тұстары талқыланды. Қаражанбас – Маңғыстаудың Бозашытүбегінде орналасқан ірі кәсіпорын. Қаражанбас мұнайының құрамында жол битумын өндіруге қажетті шикізат мол. Кен орны өз қызметін тоқтаусыз жалғастыруы үшін энергия қауіпсіздігі аса маңызды. Сондықтан елімізде атом электр станциясын салу – уақыт талабы дейді мұнайшылар.
Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Қазір барлық өңірде халыққа түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Сенаторлар референдумның өткізілуі келешек Қазақстанда энергия тапшылығын жоюға бағытталған шаралардың алғашқысы екенін жеткізді.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша бізде қазір 3 млрд киловатт сағатына дейін энергия тапшылығы сезіліп тұр. Мемлекет басшысы осы мәселені халықтық референдумға салып, шешуді ұсынып отыр. Аталмыш мәселені бүгін біз мұнайшылармен бірге талқылауға арнайы келіп отырмыз»,-деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев.
Айта кету керек, Маңғыстауда еліміздегі атом электрстанциясы құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб жұмыс істеп тұр. Оның құрамында саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен энергетика саласының мамандары бар. Бүгінде штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесіп, көпшілікті толғандырған сауалдарға тұщымды жауап беріп жүр.
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.