Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Лазер эпиляциясы туралы күшті видео шығыпты Vert Dider каналында. Қара түктер эпиляциясы эффектісі неге жақсырақ, жақсы нәтиже үшін неге бірнеше процедура керек деген сұраққа жауап табасыз. Дегенмен лазер эпиляциясы мәселені түбегейлі шешу емес, тек ұнамсыз процедура арасын бір жылға дейін созу екенін еске салайын. Сондықтан өзім классикалық шугарингті жөн көремін ?
YouTube
Лазерная эпиляция в слоу-мо [Veritasium]
Помощь проекту: https://www.patreon.com/VertDider Ходили когда-нибудь на лазерную эпиляцию? А видели крупным планом, как её делают? Оказывается, Дерек Маллер долго планировал видео об этом и, по правде, довольно давно его снял. Настало время и нам посмотреть…
Қазақ еркектері және косметика турасында айтып қалдық қой. Осы біздің еркектердің косметикаға қатысты жарнамасын байқадыңыздар ма? Бір жылдары Кореяға барғанда керсінше косметика дүкендеріндегі постерлерде негізінен жігіттердің суреттері екенін байқаған едім. Ал қазақтың танымал еркектерінің ішінде тек Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеннің жарнамасын ғана көрген екем. Айтпақшы Димаштың парфюмына қатысты мына жарнама жымитты. Біздің жігіттердің косметологияға қатысты жарнамасын көрсеңіздер, бөлісе отырыңыздар
Өткенде айтқан инстаграм аккаунттардың бірінде ерлердің бет күтімі туралы пост шықты. Видеода жігіт бетін тазартып тұрып пилинг құралдары туралы айтып берді. Комменттерді шамамен сезген шығарсыздар)) Айтайын дегенім, ешкім бет күтімін бай табамын, қыздарды қаратамын деп жасамайды. Бет күтімі еркекке де, әйелге де қажет. Өзі үшін. Әрине, әйел мен еркектің бет күтімі сәл ерекшеленеді. Сол туралы жазайын.
Еркектердің бет күтімі әйелдердікінен сәл өзгеше. Оған бірнеше фактор себеп. Ең алдымен — гормондар. Тестостерон деңгейі жоғары болғандықтан еркек терісі 20-25% қалыңдау әрі тығыздау. Тері бездері де әйелдердікіне қарағанда белсендірек жұмыс істейді. Сондықтан еркектер арасында бет терісі майлы, аралас тері типажы көбірек кездеседі. Алайда акне (безеу) әйелдердікіндей тез жазылып кете қоймайды, жас кезіндегі безеу іздері де тереңірек қалады. Оған қоса еркектердің қырыну процесі бар, қышқыл ортасы әйелдердікінен жоғары. Сондықтан отыздан аса бастағанда сезімталдығы артады, гидролипид барьері бұзылады. Нәтижесінде ыстық-суық, лосьон, әтірлерге де беті ашып, қызарып шыға келеді.
Бір жақсысы еркектер терісінде коллаген көбірек. Сондықтан әжім кешірек түседі. Есесіне бет терісі қалың әрі тығыз болғандықтан әжім тереңдеу. Әсіресе маңдай мен қас ортасындағы әжім еркектердің бетіне драма мен жас қосып тұрады. Бұл кезде әжіммен күресу қиындай түседі. Әдеттегі серум, кремдер көмектесе қоюы екіталай.
Еркектер терісінде меланин де көбірек. Сондықтан анау-мынау күнге бола пигмент дақтары мазалай қоймайды. Бірақ қырықтан аса бастағанда меланин азаяды. Сол кезде күннен қорғанып SPF кремдерін қолданып жүргені абзал.
Енді күтімге назар аударайық, ерлердің күтім косметикасында не болғаны жөн. Ең алдымен бетті тазалауға мән беру керек. Қара дақтар мен безеудің алдын алу үшін скраб, лосьон және АНА қышқылдары бар пилингті аптасына бір рет қолданған жөн. Кейде осы тониктің не қажеті бар деп жатады. Әйелдер тониктен бас тартса да, еркектерге тоник міндетті түрде қажет деп ойлаймын. Теріде қалған сабын, қырыну құралдарының қалдықтарын жойып, ылғалдандыру керек. Бірақ құрамында алкоголь жоқ тоник алған жөн. Бетке ылғал қажет. Мейлі бетіңіз майдан жылтырап тұрса да. Майлы бетте ылғал жеткілікті деген сөз емес. Сондықтан крем, серум алғанда ылғалдандыратын компоненттерге мән беріңіз. Сонымен қысқаша айтқанда еркектердің бет күтімі процедурасы (25-40 жас аралығындағы) мынадай: тазарту — теріні түлету (аптасына бір рет) — қырыну — тоник жағу — ылғалдандыру.
Ол үшін сізге қажет 4 зат:
• Бет жууға арналған гель немесе көбік;
• Скраб немесе пилинг;
• Тоник (қырынған соң жағатын лосьон);
• Бетке жағатын крем (ылғалдандыратын).
Косметика алуға тұрарлық инстадүкендер
Негізі бар ғой крем тұрмақ, скраб, шампуньдердің өзін «хозяюшка» сияқты дүкендерден алмаймын. Ол дүкендерге қайдан келгенін ит білсін. Түрлі әңгімелер естіген соң. Бірде бір инста дүкеннен The Ordinary эмульсиясын алып, бетімді құртып алғам. Цехте жасалған самопал деп топшыладым. Содан бері косметика алсам, дәріхана, немесе сенімді кәсіби дүкендерден аламын. Сондықтан өзім инстадан қарап жүріп, сеніммен алатын дүкендеріммен бөлісейін.
korner.kz
Дүкендері Алматы және Ақтөбе қаласында бар. Бағалары өте бюджетті. Басқа қалаларға жеткізу сервисі бар. Небәрі 3-5 күн аралығында косметикасы мұқият оралған қорапшаларды пәтеріңізге дейін жеткізіп береді. Жеткізу ақысы Қазақстан қалалары үшін 1600 теңге көлемінде (ақтаулықтар үшін 1900 теңге).
mixit_kazakhstan Ресейлік бренд. Зертханалық косметика. Ресейлік брендтің бағасы онша арзан да емес, бірақ эффектілі. Шампунь/бальзамы/скраб, бет жуатын құралдары, уопщым тазартатын құралдары өте жақсы. Маскаларын аса түсініңкіремедім. Альгинат маскалары бірден қатып қалады, шешкенде бетті қызартып жіберді. Альгинат маскаларынан корейлік брендтерге жететіні жоқ әлі.
ecomixkz табиғи компонент, экокосметика іздейтіндерге ұсынарым осы. Инстасынан қарап, таңдап, eco-mix.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан тапсырыс беруге болады. Алматыда жеткізу қызметі 900 теңге, Қазақстан бойынша 800 теңге. Иә, маған да өте странды көрінді. Бірақ өзім Құрманғазы көшесіндегі дүкенге барамын. Он мыңнан асатын сомаға тапсырыстар тегін жеткізіледі. Бірақ бар ғой, экокосметиканы жазда сериясымен алдым, бірақ бұрынғы брендтерімен қайта оралдым. Қазір тек сабын, сусабын, ұсақ түйектерін аламын.
qazyna_beauty Ең жақсы косметиканы жинаған, негізінен бағасы ортадан жоғары. Бірақ маған бүл дүкеннің консультанттары ұнайды. Әйтеуір бір нәрсені сатып жіберу емес, өте білімді, тері күтімі туралы сағаттап сөйлесе алатын адамдар. Керек болса бюджетті нұсқаларын да рекомендейді. Инстаграм арқылы да консультация беріп, теріңізге қажетті құралдар тізімін жасап бере алады.
Кейін бір жолы Iherb-тен алдыратын косметика мен витаминдер туралы жазам. Әзірге осымен тәмам.
Қайда барсаң әңгіме Squid Game туралы. Инстаграмда Louis Vuitton парақшасын ашып қалсам, сериалда қашқын қыз Кан Се Бёк рөлін ойнаған Ho Yeon Jung суреті тұр екен. Louis Vuitton ресми аккаунтында ендәгәрі Хо Ён Жуң Global House сән, сағат және зергерлік бұйымдардың жаңа амбассадоры болатыны жазылыпты. «Кальмар ойыны» сериалы 27 жасар модель танымалдығын арттырып жіберген. Netflix-те сериал шықпай тұрып оның аккаунтына жазылушылар саны 400 мың шамасында болған. Қазір 16,7 млн (бұл сан әлі де өсуі мүмкін, соңғы бір тәулікте ғана 1,5 млн фоллоуер қосылды). Бірақ Ho Yeon Jung-ның модельдік карьерасында Louis Vuittonмен қызметтестік кеше басталған жоқ. Ол 2017 жылы Louis Vuitton сән көрсетіліміне қатысқан болатын. Ол кездегі образы, шашының түсі де басқа еді. Сізге қай образы ұнайды, қою қара шаш па әлде жирен бе?
Айтпақшы, косметика, сән, уопщым қыздарский тема туралы бір жақсы подкаст бар. Авторларының бірі Көгершін Сағиева. Доджь телеканалының журналисі. Подкаст атауы "Золушка курит". Осы подкасттың cоңғы эпизодына "Don't touch my skin" брендінің авторы Адель Мифтахованы шақырған екен. Өте пайдалы әңгіме болды. Apple podcastта сілтемесі. Castbox сілтемесі
Apple Podcasts
«Золушка курит» в Apple Podcasts
Общество и культура · 2022
Қандай крем сатып алам деген сұрақты жиі естимін. Бетіңе не қажет деймін ондайда. Теріңіз сұрланып, солғын тартып, ауру адамның өңіндей болса, бетіңізге әр беру керек. С витаминді сарысу, эссенция алып, ниацинамиді бар крем жағуды ұсынар едім. Безеу, қызару сияқты проблемаларды салицил мен азелаин қышқылдары шеше алады. Бір компонент кремде, бір компоненті эссенция, серум сияқт құралда болса тамаша. Кейде екі компоненті де бар заттар да кездесіп қалады. Ұсақ әжімдермен күреске ретинол мен церамидтер тамаша. Айтпақшы суық түсіп, ретинол маусымы басталды. Ретинол пилингтерін, маскаларын қорықпай жасай беруге болады. Сонымен қандай крем аламын дейтіндерге қысқаша кесте жасағандай болдым ?
Кеше haute couture аңызы Пьер Карден (Pierre Cardin) 98 жасында дүниеден өтті.
Принтты колготки, жағасыз ұзынша пиджактарды және көптеген сәнді дүниелерді ойлап тапқан кутюрьеге біз де қарыздармыз. Не үшін?
Ең алғаш прет-а-порте көрсетілімін 1959 жылы қарапайым Printemps универмагында өткізді. Дәл сол жерде өз коллекциясын сата бастады. Дизайнерлік заттардың арзандауының арқасында енді оларды тек бай-бағландар ғана емес, қарапайым тұтынушылардың да қалтасы көтере бастады. Бұл әрекеті үшін Пьер Карденді кәсіподақ haute couture қатарынан шығарып тастады. Дегенмен бірнеше жылдан соң Карден кәсіподаққа оралып қана қоймай, оның төрағасы болды. Ал көптеген сән үйлері қарапайым адамдарға жақындай түсті.
Павлодар қаласындағы қарапайым отбасының баласы. КИМЭПте қаржыгер мамандығы бойынша оқиды. 10 жылдан соң мансабын қалай елестетесіз? Танысып қойыңыз, Celine, Louis Vuitton дизайнері болған, Kanye, Jay-Z, Chalamet және басқа да жұлдыздар үшін образдар жасаған Абзал Исабеков. Balu KZ сұхбаты сіздерге де ұнап қалар)
Француз үйінде DQ хош иістеріне жеңілдік болып жатыр екен. DQ Women World және DQ Men World Edp - 50 мл 34 835 теңге, ал Edt- 50 мл 27 095 теңге. Сүйікті әншіге деген махаббатыңыз парфюм алуға көндірер ме еді, Dears?
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.