Үйде жатпа!

Description
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 day, 2 hours ago

💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:*🌝*Балхия Мұхамеджанованың "Иірім" атты көрмесі

Суретшінің туындыларының басты кейіпкерлері – ішкі әлемі мен сезімдерін, махаббаты мен нәзіктігін бейнелейтін әйелдер мен жас қыздар. Сонымен қатар автор шығармаларында “ана” тақырыбын көтеріп, әйел денсаулығына және жалпы адамзаттың болашағына теріс әсер ететін экологиялық мәселелерге назар аударады.

Орны: Almaty Gallery (кіші зал), Достық даңғылы, 44
Күні: 21 және 22 желтоқсан, 11:00 – 19:00
*🥀*Жаңа жылдық “Karatun Fest" этнофестивалі

"Karatun Fest” этнофестивалінде дәстүрлі түркі мәдениеті мен тарихы жайында терең танысып, жанды әуеннен ләззат алып, ұлттық тағамдардан дәм татасыз. Сонымен қатар таланттар шоуына қатысып, өзіңіздің вокалдық және музыкалық қабілетіңізді көрсетуге мүмкіндік бар. Кітаптар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін аралап, ерекше дүниелерді тамашалай аласыз. Бұл этнофестиваль ежелгі түркі мейрамы – Қара түнмен байланысты және қысқы күн тоқырауымен сәйкес келеді. Ежелгі түркілердің нанымына сәйкес, жылдың ең ұзақ түні ата-баба рухы, яғни аруақтар жақындарына қонаққа келеді. Ал қараңғы күштер адамдарға зиян тигізуі мүмкін деп саналған. Бұл күн жарық пен қараңғылықтың күресін білдіреді. Сондықтан ата-бабаларымыз жарық сәуленің жылдың ең ұзақ түнін тезірек жеңуі үшін арнайы ғұрыптық рәсімдер өткізген.

Орны: Бәрібаев 36-үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 21 желтоқсан, 10:00 – 18:00
*💐*Рысбек Ысқақовтың жеке көрмесі

Суретшінің 40-тан астам картинасы қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты бейнелеп, адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін көрсетеді.

Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі 92 (интерком 77)
Күні: 21 желтоқсан, 12:00 – 18:00
*🎄*Жаңа жылдық іс-шаралар

22 желтоқсан, сағат 14:00-16:00 – Отбасыңызбен бірге қатысатын аспаздық шеберлік сағаты (MEGA 2, үлкен атриум).

22 желтоқсан, сағат 17:00-18:00 – QUIZ брендтермен бірге. Мұнда қызық викторина және тамаша сыйлықтар болады (MEGA 1, фуд-холл).

Орны: MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247А*😬*Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі өз туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінгі күнге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.

**Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 21 және 22 желтоқсан, 12:00 – 18:00

АСТАНА:*💪*"ADAMGERSILIK" көрмесі**

Бұл көрме — Қазақстанның үздік суретшілерінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі. Олар күнделікті өмірде жиі шетте қалатын аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелеріне назар аударады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 21 және 22 желтоқсан, 10:00 - 20:00
*👀*Жаңа жылдық іс-шаралар

21 желтоқсан, сағат 18:00 – ShowToday интерактивті жаңа жылдық ойындары.
22 желтоқсан, сағат 18:00 – Жаңа жылдық хор өнері.

Өтетін орны: MEGA Silk Way, басты сахна (MEGA Arena), Қабанбай батыр даңғылы, 62.

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!

1 day, 3 hours ago

💡📆📆📆📆📆 21 желтоқсан

💪21 желтоқсанда БҰҰ бастамасымен нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық конвенция қабылданды. Бұл құжат әлем халқын нәсілдік кемсітушіліктің алдын алуға міндеттейді. Сонымен қатар ұлттар мен этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікке, төзімділік және достық қарым-қатынас шараларын қабылдауға үгіттейді. Қазақстан 1992 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. осы ұйым аясында бір тудың астында 124 ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп келеді.

👀Бүгін Қысқы күн тоқырауы күні аталып өтеді. Бұл — жылдың ең қысқа күні әрі ең ұзақ түні. Кейбір халық үшін бұл оқиға жазғы күн тоқырауымен, көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуімен бірге жылдық циклде ең маңызды оқиғалардың бірі болып саналады. Бұл күн жаңғырумен байланыстырылады. Өйткені бүгін күннің ұзақтығы артып, қараңғы уақыт қысқара бастайды. Ал Оңтүстік жарты шарда керісінше, бүгін жазғы күн тоқырауы күні тойланады.

Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

🧠Бүгін сөзжұмбақтың пайда болған күні. 1913 жылы 21 желтоқсанда New York газетіне алғашқы сөзжұмбақ жарияланды. Осылайша ол көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше танымалдыққа ие болады. Тіпті газеттерде сөзжұмбаққа арналған арнайы бөлімдер пайда болды.
Көптеген адам сөзжұмбақты өзін-өзі дамытып, уақытын тиімді пайдалану үшін қолданады. Ал енді бірі таным-көкжиегі мен сөздік қорын кеңейтіп, тапқырлығы мен ойлау қабілетін қалыпқа келтіру үшін мақсатты түрде шешеді. Тіпті түрлі сөзжұмбақты құрастырып, оны шешу бойынша арнайы чемпионаттар мен конкурстар өткізіледі.

Сізге сөзжұмбақ шешкен ұнай ма?

👥21 желтоқсан — танымал екі саясаткердің туған күні. Бүгін Грузия мен Украинаның мемлекеттік әрі саяси қайраткері Михаил Саакашвили 56 жасқа толды. Ол биліктен шеттелуіне себеп болған "Раушан революциясы" жетекшілерінің бірі. 2004-2013 жылдары екі мерзім қатарынан Грузия президенті қызметін атқарды. Ал 2015-2021 жылдар аралығында Украинада маңызды саяси қызметтер атқарды. 2021 жылы отанына оралып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта Грузияда қамауда отыр. Сондай-ақ бүгін Францияның қазіргі президенті және Андорра ханзадасы Эммануэль Макрон 47 жасын атап өтеді. Ол мансап жолын Rothschild & Cie Banque-те инвестиция банкирі ретінде бастады. Мұнда қызмет атқару барысында ол “қаржы Моцарты” деген лақап атқа ие болды. 2016 жылы "Алға, Республика!” партиясын құрды. 2017 жылы Макрон сайлауда жеңіске жетіп, Франция Республикасының тарихындағы ең жас президент атанды. 2022 жылы екінші мерзімге қайта президент болып сайланды.

Сізге қай саясаткер ұнайды: Майкл Саакашвили немесе Эммануэль Макрон?

#күнтізбе #21желтоқсан

2 days, 4 hours ago

💡📆📆📆📆📆 20 желтоқсан

🤩20 желтоқсан — Қазақстанның мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні. Бұл қызмет мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты құжаттарды жоғары билік органдарына, үкіметтік мекемелер мен әскери басқармаларға жеткізумен айналысады.
Фельдъегерлер кез келген жағдайда өзін-өзі қорғай алуы қажет. Сонымен қатар атыс қаруын басқарып, шабуыл кезінде жүктерді қорғаудың түрлі тәсіліне дайын болуы қажет.

Ал сіз фельдъегер мамандығының бар екенін білдіңіз бе?

😊1928 жылы Қазақ КСР Орталық атқару комитеті латын әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылдады. Реформалау 1924 жылы Қазақ фонетикасын ескере отырып, дауысты дыбыстарды дұрыс беру мақсатында басталды. Латын әліпбиіне көшу жобасын Ахмет Байтұрсынов әзірлеп, оны "Төте жазу" деп атады. Ал кирилица Қазақстанда 1940 жылы қабылданды.

Сіз латын әліпбиіне көшуді қолдайсыз ба?

😔Желтоқсанның үшінші жұмасында “Сәтсіздікке ұшыраған адамдар күні” аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – сәтсіздікке ұшыраған, не болмаса “сәтсіз” деген бейресми атқа ие болған адамдарды күресуге, белсенді болуға шақыру. Осылай ғана психологиялық кедергілерді жеңіп, жаңа деңгейге көтерілуге және өз-өзіңді дәлелдеуге және табысты болуға болады. Сәтсіздіктеріңе дұрыс қарап, одан қорытынды шығарып, мұңға салынбай, табысқа ұмтылып, жіберген қатеңнен сабақ алу – қиын міндет, алайда оны еңсеріп шығуға болады.

Есіңізде болсын, әрбір сәтсіздік – бұл тәжірибе және жеңіске жету жолындағы тағы бір қадам.

👥20 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. Бүгін қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков 82 жасқа толды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік сыйлығының иегерінің повесттері мен әңгімелері неміс, болгар, венгр, чех тілдеріне аударылған. “Платин Тарланы” сыйлығының иегері жиырмадан астам театр пьесалары мен фильм сценарийінің авторы. Оның 70 жылдығына орай Алматыда Халықаралық фестиваль өтті. Мұнда Болгария, Түркия, Ресей және Тәжікстан театрлары бой көрсетті. Сондай - ақ бүгін "Реал" клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 26 жасын атап өтеді. Мадридтік “Реал” мен Франция құрамасының шабуылшысы жылына 30 миллион еуродан астам табыс тауып, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі саналады. 2018 жылғы әлем чемпионы, соңғы чемпионаттың күміс жүлдегері әрі үздік сұрмергені атанды.

#күнтізбе #20желтоқсан #тұлға

1 week ago

💡📆📆📆📆📆 15 желтоқсан

🤩Желтоқсанның үшінші жексенбісінде энергетиктер күні тойланады. Мереке энергетикалық ресурстарды өндірумен, электр және жылу энергиясын өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне арналған. Электрлендіру бағдарламасының құрметіне орай 1966 жылдан бастап аталып өтеді. Қазақстанның заңнамалық жүйесінде Энергетиктер күні 1998 жылы ресми мәртебеге ие болды.

Егер таныстарыңыздың арасында энергетиктер болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🤗15 желтоқсан — Халықаралық шай күні. Ең танымал сусын шамамен 5000 жыл бұрын Қытайдың екінші императоры Шен Нунг тұсында пайда болды. Ежелгі Қытайда шай өсіру мен оны өндірудің құпиясын ашқан адамдар өлім жазасына кесілген. Оның бүкіл әлемге кең етек жаюы Жібек жолындағы сауданың дамуымен тікелей байланысты. Ал Қазақстан аумағында шайдың таралуы Сақ патшайымы Томирис кезінде орын алды деген болжамдар бар. Содан бері шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орын қалыптастырды.

Сіз шайдың қандай түрін ұнатасыз?

👋2022 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Ұлттық банкі TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Қазақтың ежелгі ұлттық ойындарының бірі саналатын тоғызқұмалақ UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Монеталар мынадай сипатта жасалған:
— күмістен (нүктелік алтын жалату, біржақты оксидтеу және интерференциялық кемпірқосақ жабынын қолдану технологиясымен), салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңге, тиражы 3 000 дана.

👥15 желтоқсан — қос өнер иесінің туған күні. 95 жыл бұрын қазақ суретшісі әрі актриса Гүлфайрус Исмаилова (1929-2013) дүниеге келді. Ол көпшілікке "Ботагөз" және "Қыз Жібек" фильмдеріндегі басты рөлімен танылды. Өнер иесі Абай атындағы опера және балет театрының бас суретшісі қызметін атқарған кезде көптеген қазақ операларының декорациялары мен костюмдеріне эскиздер жасады. Қала берді Байсейітова, Нұрпейісова, Қастеев, Әуезов және Мұқановтың танымал портреттерін салды. Сонымен қатар бүгін америкалық актер және әнші Дон Джонсон 75 жас мерейтойын атап өтеді. Оған 1990 жылы түсірілген "Детектив Нэш Бриджес" сериялындағы басты рөлі үлкен танымалдық әкелді. "Алтын глобус" сыйлығының иегері "Харли Дэвидсон и Ковбой Мальборо” “Мачете”, “Джанго освобожденный” және “Достать ножи” сияқты фильмдерде де ойнады. 1996 жылы ол Голливудтың "Даңқ аллеясында" жұлдызға ие болды.

#күнтізбе #15желтоқсан

1 week, 1 day ago

💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:*👋*Рысбек Ысқақовтың жеке көрмесі

Суретшінің 40-тан астам картинасы қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты көрсетіп, адамның табиғатпен тығыз байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

**Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі 92 (интерком 77)
Күні: 14 желтоқсан, 12:00 – 18:00

💪Christmas Night Market**

Мұнда мерекенің ғажайып аурасымен бірге, жақындарыңызға шабыт сыйлайтын сыйлықтар, ыстық шай, хош иісті тәттілер мен күтпеген тосынсыйлар болады.

**Орны: Бәрібаев 36-үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 14, 15 және 16 желтоқсан, 09:00 – 21:00

✔️Балхия Мұхамеджанованың "Иірім" атты көрмесі**

Суретшінің туындыларының басты кейіпкерлері – ішкі әлемі мен сезімдерін, махаббаты мен нәзіктігін бейнелейтін әйелдер мен жас қыздар. Сонымен қатар автор шығармаларында “ана” тақырыбын көтеріп, әйел денсаулығына және жалпы адамзаттың болашағына теріс әсер ететін экологиялық мәселелерге назар аударады.

Орны: Almaty Gallery (кіші зал), Достық даңғылы, 44
Күні: 14 және 15 желтоқсан, 11:00 – 19:00
*👥*Almaty Pop Up Store

Орталық Азиядағы жергілікті өндірушілердің ең ірі жәрмеңкесінде қазақстандық және шетелдік брендтер, алуан түрлі дәмді тағамдар ұсынылып, ойын-сауық кеші ұйымдастырылады.

Орны: ҚР орталық мемлекеттік мұражайы, ш/а. Самал-1, Д. 44
Күні: 14, 15 және 16 желтоқсан, 12:00 – 21:00
*💪*Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнеріндегі жетекші суретшілердің бірі дәстүр мен заманауилық диалогын, сондай-ақ дәстүрлердің мәдени сәйкестікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары өткен, қазіргі және болашақ туралы ойлануға шақырады, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық өзіндік сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын нәзік зерттейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 14 және 15 желтоқсан, 12:00 – 18:00
*👀*"Оқиғалар желісі" көрмесі
Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады. Мұнда автордың терең сезімдері мен әлемге деген ерекше көзқарасы бейнеленген.

**Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні:14 және 15 желтоқсан, 10:00 – 19: 00

АСТАНА:

"ADAMGERSILIK" көрмесі**

Бұл көрме күнделікті өмірде шеттетіліп жүрген аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелерімен күресуге арналған. Мұнда бірнеше суретшінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі ұсынылады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні:14, 15 және 16 желтоқсан, 10:00 - 20:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино мен театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алуға арналған 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!

1 week, 1 day ago

💡📆📆📆📆📆 14 желтоқсан

👀14 желтоқсан Чернобыль АЭС-ындағы апатты жоюға қатысқандарға құрмет көрсету күні ретінде бекітілді. 1986 жылы 26 сәуірде атом реакторларының бірі апатқа ұшырап, адамзат тарихындағы ең үлкен техногендік апат орын алды. 1986 жылы 14 желтоқсанда радиацияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында салынған күрделі қорғаныс құрылысы аяқталды. Апат салдарын жоюға және қорғаныс нысанын тұрғызуға 500 мыңнан астам адам тартылды. Олардың ішінде 32 мыңға жуығы қазақстандықтар болды. Сәулеленудің жоғары мөлшеріне байланысты бұл адамдар ардагер ретінде танылып, әртүрлі әлеуметтік қолдауға ие болды.

🙈14 желтоқсан — Халықаралық маймылдар күні. Бұл күн АҚШ университеттерінің бірінде әзіл ретінде пайда болған. Алайда кейін әзіл дәстүрге айналып, интернет желісінде халықаралық мереке есебінде тойланатын болды. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі хайуанаттар бағы әлем бойынша тек 400-ден астам түрі бар приматтарға арналған мерекеге қатысады. Жануар қорғаушылары аталмыш күні маймылдар мәселесіне ерекше назар аударуға шақырады.

💪112 жыл бұрын адам баласы алғаш рет Оңтүстік полюске табан тіреді. 1911 жылы 14 желтоқсанда Руал Амундсен экспедициясы мақсатына жетіп, Норвегия туын шексіз қарлы жазықта желбіретті. Полярлық зерттеуші әрі саяхатшы Рауль Амундсен (1872-1928) — ғаламшардың екі географиялық полюсіне барған алғашқы адам.
Айта кету керек, Антарктидадағы екі тауға "Қазақстан" және "Астана" атауы берілген.

👥14 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. 521 жыл бұрын француз дәрігері, жазушы, астролог, алхимик әрі пайғамбырлық қасиетімен танымал болған Нострадамус (1503-1566) дүниеге келді. Оның болжамдарын заманауи оқиғалармен байланыстыра отырып, адамдар болашақты 2240 жылға дейін болжауға тырысады. Көптің айтуы бойынша, Нострадамус Екінші дүниежүзілік соғыс, Хиросимадағы ядролық жарылыс, ЖҚТБ эпидемиясы, 2001 жылы орын алған АҚШ-тағы терракт сынды оқиғаларды алдын ала сипаттаған. Сонымен қатар 100 жыл бұрын кино тарихында ең танымал актерлердің бірі Радж Капур (1924-1988) өмірге келді. Үндістанның өнер қайраткері көптеген беделді марапаттың иегері. Мансап жолында ол "мыңжылдық шоумен" деп атанып, Алтын ғасыр дәуірінің “ең үздік кино актері” болып саналды. Оның танымалдығы КСРО елдерінде үнді киносының кең таралуына үлкен ықпал етті.

Ал сіз болжамдарға сенесіз бе?

#күнтізбе #болжам #14желтоқсан

2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 8 желтоқсан

🫲8 желтоқсан — Халықаралық суретшілер күні. Бұл кәсіби суретшілермен қатар сурет салуды ұнататындардың да мерекесі. Шығармашыл адамдар әр дүниеден ерекше ләззат алып, әр іске сүйіспеншлікпен қарайды. Сонымен қатар өнері арқылы әлемге үйлесімділік пен сұлулық әкеледі. Тіпті ежелгі адамдардың да бейнелеу өнерінен хабары болғанын атап өтуге болады. Яғни, олар үңгір қабырғаларына адамдардың, жануарлардың және басқа да өмір көріністерін бейнелеген. Содан бері дарынды суретшілер жоғары құрметке ие болып келеді.

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!

👣1991 жылы 8 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды. Бұл — Беларусь, Ресей және Украина құрған мемлекетаралық бірлестік. “Беловеж келісімінде” мемлекеттер КСРО-ның үлкен дағдарыста тұрғанын және ыдырауға жақын екенін алға тартып, өмір сүруін тоқтатқанын мәлімдеді. Нәтижесінде олар саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және өзге де салаларда ынтымақтастық дамытуға ниет білдірді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан келісімге қосылып, Беларусь, Ресей және Украинамен бірге Алматыда ТМД мақсаттары мен қағидаттары туралы Декларацияға қол қойды.

👀2021 жылдың 8 желтоқсанында Францияда өткен CANNES SHORTS қысқаметражды фестивальде жас режиссер Маржан Бекмағанбетованың “Мариям” фильмі “Көрермен көзайымы” атты арнайы жүлдеге ие болды. Канн фестивалі — әлемге әйгілі суретшілер мен режиссерлердің жас таланттарды таныту үшін жасаған бірегей кинофестиваль.

👥8 желтоқсанда өмірге келген танымал тұлғалар. Біздің дәуірімізге дейінгі 65 жылы Ежелгі Рим әдебиетінің "Алтын ғасыр" ақыны Гораций дүниеге келді. Квинт Гораций Флакк Вергилиймен бірге осы дәуірдегі ең ұлы екі ақынның бірі. Оның құрметіне орай Меркурийдегі кратер "Сатиралар", "Эпостар", "Одалар" және "Хаттардан" тұратын өлеңдер жинағының атауы берілген. Сондай-ақ бүгін американдық актриса, әнші әрі модель Ким Бейсингер 71 жасқа толды. "Оскар" және "Алтын глобус" сыйлықтарының иегері мансап жолында 40-тан астам фильмдерде ойнады. Өнер иесі киноиндустрияның дамуына қосқан үлесі үшін Голливудтың даңқ аллеясында жұлдызға ие болды.

#күнтізбе #8желтоқсан

2 weeks, 1 day ago

💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:*🌝*Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнеріндегі жетекші суретшілердің бірі дәстүр мен заманауилық диалогын, сондай-ақ дәстүрлердің мәдени сәйкестікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары өткен, қазіргі және болашақ туралы ойлануға шақырады, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық өзіндік сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын нәзік зерттейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 12:00 – 18:00
*🍀*Қалада өтетіе Tabiğat Labs отбасылық фестивалі

Мұнда дәрістер, ойындар, шеберлік сабақтары, кітап клубының кездесуі және басқа да қызық шаралар ұйымдастырылады. Ең маңыздысы – бұл жерде ғаламшарымыздың экологиясының болашағына жанашыр адамдар бас қосады.

Орны: Food Market PlatformA, Абылай хан даңғылы, 125
Күні: 7 желтоқсан, 12:00 -16:00
*💐*Рысбек Ысқақовтың жеке көрмесі

Суретшінің 40-тан астам картинасы қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты көрсетіп, адамның табиғатпен тығыз байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі 92 (интерком 77)
Күні: 7 желтоқсан, 12:00 – 18:00
*🌺*"Махаббат туралы 100 минут" фильмінің көрсетілімі

Efes Art Space барша кино сүйер қауымды әсем қаланың көшелері арқылы сиқырлы саяхатқа жетелейтін фильмді тамашалауға шақырады. Туындыда Алматы жай ғана қала емес, тағдырлар мен отбасыларды біріктіретін жан біткен мекенге ұқсайды. Әр кейіпкер жақындарына, достары мен туғандарына қамқор таныту арқылы өзін табады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 7 желтоқсан, 17:00
*😻*"SYR BAQYT" көрмесі

Бұл — Нұра Әмір мен Ғалия Төренің топтық көрмесі. Көрменің тақырыбы – әйел-ана. Ол декреттік демалыстағы эмоциялық күйзеліс туралы: іш пыстыру, немқұрайлық, ашушаңдық секілді сезімдермен көрініс табатын жағдайлар. Күнделікті жұмыстар бірсарынды күйге еніп, қуаныш әкелмейтіні белгілі. Сонымен қатар көрмеде Аялы Айбектің алғашқы фото-видеоарт жұмысы ұсынылған.

Орны: Бәрібаев көшесі 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 09:00 – 21:00
*🥳*Жаңа жылдық TAU FEST жәрмеңкесі

Жәрмеңкеде қонақтар Алматыдағы мерекелік көңіл күйді сезініп қана қоймай, шопинг жасауға мүмкіндік алады.

Бұл жәрмеңке ғана емес, Алматыдағы мереке мен шопингтің бірегей премьерасы.

Орны: "Арман" кинотеатры, Достық даңғылы, 104
Күні: 7 желтоқсан, 12:00-18:00
*🤗*"Көшпелілер өркениетінің өрнегі" көрмесі

Көрермендер әйгілі суретші Расул Естемесовтің гобелендерін, графикалық жұмыстары мен мүсіндерін тамашалай алады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 11:00 – 19:00
*🤩*"Оқиғалар желісі" көрмесі

Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады.

**Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 10:00 – 19:00

😍"Әйелдер айтады: әділетсіздікке қарсы өнер" ұжымдық көрмесі**

Суретші 15 әйелдің бірлігі, теңдікке ұмтылуы және әділетсіздікпен күресуі өнер арқылы күш біріктірді.

**Орны: Бәрібаев көшесі 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 09:00 – 21:00

АСТАНА:*💪*"ADAMGERSILIK" көрмесі**
Бұл көрме күнделікті өмірде шеттетіліп жүрген аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелерімен күресуге арналған.Мұнда бірнеше суретшінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі ұсынылады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 10:00 - 20:00

Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!

2 weeks, 1 day ago

💡📆📆📆📆📆 7 желтоқсан

✈️Бүгін — Азаматтық авиация күні. 1944 жылы 7 желтоқсанда 52 мемлекеттің өкілі Чикагода Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияға қол қойды. Бүгінде авиация жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда ғана емес, халыққа медициналық көмек көрсету, іздеу-құтқару жұмыстары және және табиғи апаттар кезінде де пайдаланылады. Өткен жылы Қазақстанда ішкі әуе рейстерін бес отандық авиакомпания 57 бағыт бойынша орындаса, ал халықаралық рейстер 28 елге 115 бағыт бойынша жүзеге асты.

Ұшақпен, пойызбен немесе көлікпен саяхаттағанды ұнатасыз ба?

💪2017 жылы 7 желтоқсанда асық ату ойыны қазақтың дәстүрлі ойыны ретінде UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл ойын этникалық тегіне қарамастан, өскелең ұрпақ арасындағы мәдениет пен достықты нығайтып, танымды және физикалық дағдылардың дамыуына әсер етеді. Асық — қазақ халқының әлеуметтік бірлігін нығайтуда және өзіндік ерекшелігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Ал сіз асық атуды жақсы ойнадыңыз ба?

👀Бүгін АҚШ-та Перл-Харборға жасалған шабуылды еске алу күні аталып өтеді. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония АҚШ базасына ескертусіз шабуыл жасады. Бұл оқиғадан кейін АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуға мәжбүр болды. 353 жапондық ұшақ Гавай аралдарына жасырын ұшып, екі сағат ішінде АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының негізгі күштерін талқандады. Осылайша америкалықтардың шығыны 3,5 мыңнан астам адамды құрады.

"Перл-Харбор" фильмін көрдіңіз бе?

👥7 желтоқсан — танымал қос тұлғаның туған күні. Бүгін ағылшын кино және теледидар актері Николас Холт 35 жас мерейтойын атап өтеді. “Х адамдар: бірінші класс”, “Х адамдар: Жақын болашақтың адамдары” және “Х адамдар: Апокалипсис” комикстеріндегі мутант құбыжық рөлі оны әлемге әйгілі етті. Сонымен қатар бүгін 12 мәрте әлемдік рекорд орнатқан жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю 30 жасқа толды. Екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан барлық титулды жеңіп алған тарихтағы алғашқы адам.

Сіз мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық спортшылардан кімді білесіз?

#күнтізбе #7желтоқсан

2 weeks, 6 days ago
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 1 day ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago