dabyl

Description
іздемеңдерші сезімдерден себеп
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 month ago

әрбір қадам – артта қалған күмән мен алда тұрған үміттің тоғысқан сәті. ол із қалдырады – жерде, жүректе, тағдырда.

1 month, 1 week ago

қарауға жағымды, тыңдағанға қызық болатын, ынтамен әңгімелейтін, үнсіздіксіз-ақ жайлы, шын көңілмен күлетін, құлшыныспен еске алатын және келесі кездесуді асыға күтетін адамды табу - өмірдегі үлкен жетістік..

1 month, 1 week ago

неге ерте келіп, ерте кеттің алғашқы қар?

4 months ago

жарығым,жүрегіңе өзің құйған уың, əр кешкен күйіңнің соңы – мағынасыздық. естегі пейілсіз пенделердің көзіңнен тамған тамшыға татымайтынын түсінесің. тағатың таусылса да, тірліктің күйі шаршатса да шыдайсың. құндылықтың құны жоқ, баянсыз ғұмырдан алаңсыз бақыт күтесің...

өзекті өртеген өкініш пен көңілді түсіретін кез ұмыт болсын. сəттермен əрле. еркін бол.

4 months ago

қолыңда алтын тұрса әбден жасырып, біреуге тапсыратын болсаң, кімге берсем екен деп, басынды қатырасың. жүрегіңді алтындай бағалай алмайтының өте өте өкінішті..

4 months ago
4 months ago

есейгенімді сезгеніммен, мойындағым келмей, əлі де сол сəби көңілмен көңілімді көншітіп жүрмін.
кезінде «он сегіз жастамын» дегеннің түрі мен мəнерінен бір мыс пен салмақтылықты байқайтынмын. қазір біздің не түрімізде, не сөзімізде салмақ жоқ. желігіп жүрген біреуміз əйтеуір.
заманның ағымымен жүзіп, жүйрік болып жүрміз, оған де шүкір дейін бе?..
өмір дегеніміз — өлім мен өмірдің арасындағы баланысты сақтау секілді. өлімнің əйтеуір бір келетінін білсем де, ойлайтыным осы дүниенің лəззəты. әр кімге әр қалай ғой жарығым, осылай да бақыттысың сен.

тек өмір бояуларың сұр түске боялмасын. тағдырмен дос бол.

4 months, 1 week ago

бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің. көшеден жүз адамды ұстап алып, сырлассаң, жүзі де әлдекімнен қиянат көрушілер болып шығады. сонда қиянат жасаушылар қай жақта жүр?

4 months, 1 week ago

«сүйіспеншілікпен жасалса, бәрі тым қарапайым болар еді, дәә?»

6 months, 3 weeks ago

алда әлі қанша жыл, қаншама дәуір болатынын/болғанын ешкім болжай алмайды. сол бір шексіздіктің бөлшегі - қайталанбас ерекше жаратылыс екеніңді, енді сенің өмір жолыңды ешқашан, ешкім иелене алмайтынын ұмытпашы..

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago