Күнделік ~ 📓🖊

Description
Құрметті менің бауырым! Бұл канал сіз үшін өте пайдалы боларына сенімім мол.

Дін мен дәстүр, махаббат пен мейірім, шынайылық пен қарапайымдылық ұштасқан каналға тіркел де жүрегіңді демалдыр!🥰🙌🏼 өзіме ұнаған жазбаларды саламын…
Инста: bekzhan_bazarbek
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 8 months, 1 week ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 weeks ago

2 months ago

Алматы қаласында жаз айында 300-500 мың тапқың келсе бұл сен үшін👇🏻

Динатай SMM-де 2 жылдық тәжірибесі бар Гүлзира Айдарбекова, QULAN секілді отандық брендтермен жұмыс жасаған маман🚀

30+ шәкіртін табысқа шығарған маманнан жаңа мамандықты оффлайн үйреніңіз🔥

Дәл қазір жазып, ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯ алыңыз😊⤵️

https://wtsp.cc/77472091398

2 months ago

Алланың саған деген мейірімі - кеудеңдегі жүректің соғысы әлі тоқтамауы. 🫀

https://t.me/kundelik_oi

2 months, 1 week ago

Қорқыныш - бақытсыз болуға себеп емес. Тәуекел - бақытты болуға мүмкіндік. 🤍

https://ig.me/j/AbYqvXMKHgsm8MU-/

2 months, 4 weeks ago

КҮНДЕЛІК КАНАЛЫМА ЖАЗБА САЛМАЙ КЕТТІМ 🥺🤦🏻‍♂️

ӨЙТКЕНІ инстада жаңа канал ашылып сол жақта белсенді болып кеттім. 🥲

мен осы каналдағы оқырмандарымды жақсы көремін. душасыздар ғой сіздер

КҮНДЕЛІК КАНАЛЫН ҚАЙТА ҚОЛҒА АЛСЫН ДЕГЕНДЕР ⤵️*
*JEKE DAMU
каналына жазылып алыңыздар. Күнделікті пайдалы дамуға байланысты ақпараттар осы жақта ⤵️

https://ig.me/j/AbYqvXMKHgsm8MU-/

3 months, 2 weeks ago

Намазды кешіктірсем, Жәннатқа да кешігіп қалам ба деп қорқамын!

https://t.me/kundelik_oi

3 months, 3 weeks ago

Я, Алла!Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, мақрұм қыла көрме, бізді таңда да, құр қалдырма, бізді риза болатын құл қыл да, бізден риза бол. (Насаи)

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әәсирнә уә лә ту-әсир ъаләйнә, уардыйнә уарда ъанна».   

1 Қиыншылықтан, бақытсыздықтан сыйыну.

Я, Алла! Сынақ қиыншылықтарынан, бақытсыздықтардың жалғасуынан, тағдырдың жамандығынан, дұшпандардың басынуынан Саған сыйынып, пана тілеймін. (Бухари, Муслим)

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин жәһдил-бәләә, уә дәрәкиш-шақаа, уә суил-қадаа, уә шәмәтәтил-әъдәә. 

1 Жұмысыңызды әрі кәсібіңізді жүйеге салып, Алланың мейірімін шақыратын дұға.

«Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені қас қағым сәтке болса да өз нәпсіме тапсырма әрі менің барлық ісімді оңда, Сенен басқа ешбір тәңір жоқ!». (Әбу Дауд, Ахмад) 
«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржуу, фәлә тәкилни илә нәфси тарфәтә ъайн, уә аслих ли шә’ни кулләһ, лә иләһа иллә Әнта!».

Адал ризық-несібе және пайдалы білім сұрау

«Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі қабыл болатын амал сұраймын!». (Ибн Мәжәһ, Насаи)

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ъилмән нәфиъан, уә ризқан тайибән, уә ъамәлән мутәқаббәлән!»

1 Берекелі байлық, салихалы жар, үлгілі ұрпақ сұрайтын әрі ахыреттің азабынан пана сұрайтын дұға!

Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта! («Бақара» сүресі, 201-аят)

«Раббәнәә әәтинәә фид-дуния хасанатән, уә фил аахирати хасанатән, уә қинәә ъазәәбән-нәәр».

Шипа сұрау

«Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». («Әнбия» сүресі, 83-аят) 

«Ән-нии мәссәниәд-дурру уә әнтә әрхәмур-рахимиин».

1 Ата-ана үшін жасалатын дұға

«Раббым, Мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!». («Исра» сүресі, 24-аят)

«Роббир-хәмһумәә кәмәә раббәиәәнии сағиираа».

3 months, 3 weeks ago

*🔴Міне сіздер үшін (потолок)қажетті дұғаларды салып қойдым⤵️* 1 Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға.**

«Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын». (Муслим)

«Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина».

1 Жар таңдағанда жаңылыспас үшін, салиқалы әйел, ізгі ұрпақ сұрау және адамдарды абзалы болуды тілеу.

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ете гөр әрі бізді тақуалардың алды қыл!». («Фурқан» сүресі, 74-аят)   

«Раббәнәә һәб ләнәә мин әзуәәджинәә уә зуррииәәтинәә қурратә әъюн, 
уә-джъәлнәә лил-муттәқиинәә имәәмәә». 

1 Қадір түнінде оқылатын аранайы дұға.

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).

«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни». 

1 Алладан кешірім өтінгенде оқылатын дұғалардың төресі.

«Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдем мен сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын әрі күналарымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды кешіруші ешкім жоқ!». (Бухари)

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдук, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мә-стәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә Әнта!».

1 Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға.

«Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын». (Бухари) 

«Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл»

1 Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад)

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт».

1 Жақсы мінез қалыптастыратын дұға

Я, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)  

«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».   

1 Жалқаулықтан, кедейліктен, жаман мінез бен жаман аурулардан пан сұрау дұғасы.

Я, Алла! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қатыгездік пен бейқамдықтан және дәрменсіздіктен, қорлық пен кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Пасықтықтан, бөліушіліктен, екіжүзділіктен және ел естісін, ел көрсін деген риякершіліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, мылқау, алапес, жынды, таз болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. (Табарани)

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-ъажзи уәл-кәсәл, уә аъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәл-ъайләти, уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-фусуқи уәш-шиқақи уән-нифәәқ уәс-сумъати уәр-рия-и, уә әъузу бикә минәс-самами уәл-бакам, уәл-жунуни уәл-барас, уәл-жузәми уә сәийил-әсқам». 

1 Алладан дүние-мүлкіңізді көбейтуін сұрау дұғасы

3 months, 3 weeks ago
3 months, 4 weeks ago

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ АЙТҚАН 3 ӨСИЕТІ.

🌸 Ұстаз Ерлан Ақатаев

@kuran_tapsir

3 months, 4 weeks ago

Мешіттің есігі ашық, тек сенің жүрегің құлыптаулы

✍🏽 Бекжан Базарбек

https://t.me/kundelik_oi

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 8 months, 1 week ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 weeks ago