Khanifa

Description


А в конце будет суд, где вы никого не сможете подкупить.
Advertising
We recommend to visit

Бот знакомств 👉 @leomatchbot
Кто тусит в VK 👉 vk.me/dayvinchik

Интеграции в Дайвинчике 👉 @futuread

Last updated 6 days, 11 hours ago

События в мире, политика, экономика, конфликты

https://knd.gov.ru/license?id=6726ad3daee8a56e0fdd3bb5&registryType=bloggersPermission

Last updated 1 day, 6 hours ago

📰 СНГ Канал Fintopio

📱MiniApp: @fintopio
🌐 Web: fintopio.com

💎 Follow Fintopio:
📰 @FintopioNews

Instagram.com/fintopio
X.com/fintopio
YouTube.com/@fintopio
Facebook.com/fintopio
TikTok.com/@fintopio

Last updated 3 days, 9 hours ago

6 days, 15 hours ago

Әрбіріңізге келуді, керемет аураны сезініп, қимай-қимай, қайта-қайта жеңіл түрде баруды нәсіп етсін Алла!🩷🩷🩷🩷

6 days, 15 hours ago
6 days, 16 hours ago

*Бұл жерден тіпті сырт жағына кеткің келмейді, отыра бергің, келетін тіпті қонуға дайын жер осы бір ғажап мекен дерсің,
әәәрбір жан келуі, көруі, сезінуі тиісті, құтты да жүрек қауышқан мекен. Айналып кеп фото-видеоға түсіре беретін, сондай әдемі, көркем жер.

Жүректер қалып қоятын, өзіне біртабан жақындығыңды сезінетін жер, нұрланған Мединаның, нұрлануына себеп болатын асыл жер*

3 months, 1 week ago

Мәуліт мүбарак, жақсым!

3 months, 1 week ago

Жұма мүбарак, жақсым!

3 months, 1 week ago

*«Уа, Алла!

Егер мені бұл дүниеде танымал қылуың ақыретте масқара ету үшін болса, онда бұл танымалдықты менен алып таста!»
Әмин*

6 months ago

Талайын көрдік те естідік те. Қыздарым, барлық нәрсені ойланып, ойға алып жасайық. Қырағы болыңыздар!

6 months ago

АҢҒАҚ ЕР МЕН АҢҒАЛ ҚЫЗДАР

1 бөлім

Мен көптеген адамдар канал админдерін идеализациялайтынын байқадым.

Олар егер адам исламдық канал жүргізсе (әсіресе жазылушылары көп болса), онда оны нереально тақуа деп санайды.

Осы себепті қыздар діни арналардың админдеріне жиі тартылады.

Ол кісіні жеке танымай-ақ, оның бірнеше жазбасын оқығаннан кейін оған үйленіп, одан 10 бала туып, онымен құшақтасып ислам кітаптарын оқып, бақытты өмір сүруге дайын-ақ.

Расымен сіз солай ойлайсыз ба?

Өтінемін, сондай аңғал болмаңыз.

Адам өзін өте тақуа етіп көрсетіп, діни арна жүргізіп, бірақ сонымен қатар күнәлар жасауы мүмкін...

Мен кейбір еркектерді білемін, канал жүргізіп, өздерін шынайы емес иманмен таныстырады, бірақ олар шынымен қыздарды алдап, ойнайды.

Арналарыңда музыка харам деп айғайлап, бірақ өздері тыңдайды.
Немесе олар зинаға жақын немесе зина жасайды.

Егер сіз Құран жаттаған біреуді білсеңіз, ол 100% Құран бойынша өмір сүреді дегенді білдірмейді.
Егер сіз ислам университетін бітірген адамды білсеңіз, бұл оның міндетті түрде діндар екенін және енді оған үйленуіңіз керек дегенді білдірмейді.

Идеализация жасамаңыз.

ТЕЛЕГРАММА АРҚЫЛЫ (немесе басқа әлеуметтік желі арқылы) кездесуге бел буған студенттің хабарламасын көргенде, қыздар қуанғаннан жылай жаздайды.
Қыз оның пікірін немесе онлайн сабақта қатысуын ғана көрді, міне, болды.. «ғашық»...

Маған сеніңіз... оның сен сияқты жүздеген қыздары бар))) және ол хат жазысатын қызы жалғыз сіз емессіз.

Айтпақшы, ерлерде де солай.

Қалай ойлайсыз, қалыпты, салиқалы қыз интернет арқылы жігітпен танысады ма? Сіз оны коментариялар арқылы тауып, оған жазғаныңызға әлгі салтқалы қыз қуана ма? Әрине, жоқ!

Мұндай еркектер бұл қыздың тұрмысқа шығуын әйелдер арқылы сұрауға да лайық емес.

Қалай ойлайсыз, админ қыздар (немесе жай қыздар) бүкіл арнаға/профиліне тұрмысқа шықтым немесе күйеуге шықтым деп жар салады ма?

Админ қыз арнада оның бойдақ екенін айтқан болса да, бұл ол өлгенше осы статуспен жүреді деген сөз емес, оған кез келген уақытта хат жазып танысуға болатындай.

Қыздарға осылай оңай хат жазатын еркектерге таң қаламын.
Және мұндай нәрселерге түсіп қалатын қыздарда таңғалдырады.
Авадағы фотосуретімен ИМАНИСТ АХИ БАУЫРДЫ тартуға тырысатын қыздардың жағдайы одан да қорқынышты.

Жоқ, жоқ) салиқалы жігіт ондай қыздарға мән бермейді.

Тақырыптың өзектілігі сонша, оны талқылауға және талқылауға болады.

Иә, адамдар арасында ізгі адамдар да бар (олар өздері салған жазбаларына сәйкес Аллаһтың дінін ұстанатындар).
Бірақ бұл жер бетіндегі барлық адамдар тақуа дегенді білдірмейді...
Әрқашан лайықты адамдар бар, бірақ бұл жазбада мен оларды қозғамаймын.

Админдердің арасында Аллаһтан шынайы қорқатындар да, исламдық профильді тек галочка үшін жүргізетіндер де бар.
(Қыздар арасында да солай).

Жалпы, әпкелер, интернетте еркектерге алданып, адамдарды идеализацияламаңдар.

Жалғасы бар…

https://t.me/hayf_111

6 months ago

екі кітаптың екеуі де дұғалар жөнінде. екеуінде де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оқыған дұғалар топтастырылған. тек біреуінің мұқабасы қатты, түсі сары, дизайндатып, әрлеп, сәндей жаздағаны болмаса, бір мысқал артықтығы, алымды, кесімді бәсі жоқ. бірақ! бағасы 5 есе қымбат! 5990. қаңылтырдай ғана өзі.“автордың мақсұт-ындыны ақша табу ма, жоқ әлде елді дұғаға жарытып, жүрекке жарты ауыз зікірдің хикметін салу ма?!” деп амалсыз ойланады екенсің…амалсыз.
ал мына (жасыл) кітапша менің бала кезімнен ел аузында, халық қолында жүрген, жамиғат жүрегіне жол тартқан сүйкімді, сүбелі жинақ. аз да саз. ең керемет, нағыз теңдессіз дұғалар осында. салыстырып шықтым. бағасы 1090-ақ теңге! бұл тегін де таратылады. иісі мұсылман quran.kz-тен ашып оқып, алақан жайып тілеуін тілей береді. һәм намазға түсер, ынтасы артар, пейілі тазарар…осы кіп-кішкентай кітапшаның ішіндегі талай-талай дұғаны жаттадық, айттық, көмейге де, көкейге де түйдік студент кезден. аузымыз босай қалса дұға оқуғы ынталандық. көрдіңіз бе?! Құдай біледі, бұны құрастырған, ақша құйған, басқан, таратқан кісілердің ықыласы оқырман зейінін ашты…қалта қақса қағар еді олар. жоқ, өйтпеді.
ықылас сол – әр мұсылман күпір-күнәдан қашып, Жаббар Иесін паналаса екен деген. тілге түскен сөз жүректің сипатын өзгертеді. таңдайдағы тәтті тілек маңдайға бұйырып, мінез де, мін де түзелер. көптің, қарапайым халықтың. ал енді олардың бәрінде ақша болсын ба?! сондықтан діннің дайын мәтінін бұлай қолдан қымбаттауға оқырман ретінде де, редактор ретінде қарсымын. маркетиңге жығып бермеу керек бұндай киелі мәтіндерді. автордың табан ет, маңдай тері бар дерсіз, бәлкім. иә, рас.

бірақ-бірақ бұл жай бір кітап емес… бұл бүкіл ислами контенттің сынын мен санына әсер етеді. қазақ қоғамы бұндай бағаға дайын емес. оның үстіне дәл бұл тектес жұқа кітаптарға 6 мыңын қимайды. онысы да жөн.

“алты мың теңгеге биттің қабығындай кітап алғанша екі келі ет алмаймын ба” деп сілтей салатындар көп. ол сөз жай лепес емес негізі. бұндай пікірдің кейін басқа авторлар жазған танымдық кітаптар сатылымына да көлеңкесі түседі – “олар ақша тапса болды, атақ алып, қалта қампайтса болды” деген төменшік түсініктің жайылуына себеп болады. “орамалдылар жазған кітаптарды білеміз ғой” деген сыпсың сөз тарайды сосын. жазушылықтың принтерден күні төмен боп отыр. басып, топтап шығара беру…

“автордың ниеті, ықыласы, дін үшін…” деген нәрсені 5990 теңгенің ішінен таба алатын, көре алатын адам аз…ол екінші планда тұр. бағаның буы автор ниетін көлегейлеген. сосын қымбат нәрседен күтер де көп болады. “өй, оқыдық, алдық пәлен ақшаға, көрдік қой” деп сілтейтіндер де, көңілі қалатындар да табылады. олар авторға емес, Құдай кешірсін, дұғаға күмән келтіре бастайды. адамның бәрі әулие емес. қоғам деңгейімен санасқан жөн. баға мен сапа бір жерден шыққаны жөн.
құрастырушының еңбегін құнсыздандырудан аулақпыз, Алла қаламын ұшты, қадамын құтты еткей. бірақ! ақыры, көпке ұсынып отыр екен, дүн-дүниеге жарқыратып, сары алтындай қып шығарыпты, пікір білдіруге қақылымыз деп есептедік. мін емес, сын.

сосын!
дұғаны адам өзі ойдан құрамайды ғой! жазушының өзі құраған, қиыннан қиыстырған, қисынын тапқан, қиуадан шапқан, шиыршық атқан шабыт жолдары болса бір жөн… бәрі бесенеден белгілі дап-дайын мәтіндер.
Алла аманат еткен, Пайғамбар аузындағы сырлы сөз ғой дайын. оны неменеңе бұлдайсың…қызық.
қолдан қымбатшылық жасамайық.
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға оқырман емес, ілім ізденген автор мұқтажырақ…

We recommend to visit

Бот знакомств 👉 @leomatchbot
Кто тусит в VK 👉 vk.me/dayvinchik

Интеграции в Дайвинчике 👉 @futuread

Last updated 6 days, 11 hours ago

События в мире, политика, экономика, конфликты

https://knd.gov.ru/license?id=6726ad3daee8a56e0fdd3bb5&registryType=bloggersPermission

Last updated 1 day, 6 hours ago

📰 СНГ Канал Fintopio

📱MiniApp: @fintopio
🌐 Web: fintopio.com

💎 Follow Fintopio:
📰 @FintopioNews

Instagram.com/fintopio
X.com/fintopio
YouTube.com/@fintopio
Facebook.com/fintopio
TikTok.com/@fintopio

Last updated 3 days, 9 hours ago