Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Рыбакинаның ракеткасы🎾

Description
Отандық теннис туралы қазақ тіліндегі №1 телеграм-арна


💳Қолдау көрсету Kaspi Gold карта нөмірі 4400 4302 7583 0856
Advertising
We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago

hace 1 mes, 2 semanas
Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Мехико …

Қазақстандық, әлемнің 201-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирін сәтті бастады.

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 359-орында тұрған Зимбабве өкілі Бенджамин Локпен өткізді.

Бірінші партияда Б.Лок 6:4 есебімен басым түскенімен, Б.Жұқаев ойын тізгінін қолға алып, камбэк жасай білді – 6:3, 6:4.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт 19 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін рейтингіде 685-сатыдағы мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен кездеседі.

hace 1 mes, 2 semanas
**Тимофей Скатов Барлетта (Италия) челленджер турнирінің …

Тимофей Скатов Барлетта (Италия) челленджер турнирінің екінші айналымына өттіҚазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 626-орында тұрған корт иесі Андреа Гуэрриримен сынға түсті.

Үш сағат 35 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов қарсыласын 6:4, 4:6, 7:5 есебімен қапы қалдырды.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 166-ракеткасы, Аустрия өкілі Филип Мисоличпен кездеседі.

hace 1 mes, 2 semanas
Рыбакинаның ракеткасы🎾
hace 3 meses, 2 semanas
Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі …

Росарио қаласында Дэвис кубогі іріктеу кезеңі аясында Қазақстан – Аргентина матчында Тимофей Скатов таразы басын теңестірді.

Корт иелері ең күшті ойыншыларын шығарғандықтан, матчтың айқын фавориттері аргентиналықтар еді.

Жарыстың бірінші күні алдымен АТР рейтингісінде 338-орында тұрған Дмитрий Попко әлемнің 22-ракеткасы Франсиско Серундоломен сынға түсті.

Бәсеке Серундолоның басымдылығымен өтті – 7:5, 6:2.

Екінші болып кортқа рейтингіде 278-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 28-ракеткасы Томас Мартин Этчеверримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Скатов есеп 5:4 болған мезетте брейк жасай алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 6:5 болған мезетте Тимофей тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 7:5.

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 5 эйспен ғана көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан – Аргентина матчында есеп теңесті – 1:1.

hace 3 meses, 2 semanas
Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик …

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Александр Бубликтің финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

hace 3 meses, 2 semanas
hace 5 meses, 2 semanas
**Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик …

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын айтты.
Қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті.
Алдымен маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды. Содан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті жеңді.

"Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен жыл бойы қиындықтар болмай қалған жоқ. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көре алдым. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім", - деді Александр Бублик.

hace 5 meses, 2 semanas
Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз …

Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Түркияның Ыстанбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті.

Аталмыш жарыста қазақстандық жас теннисшілер табысты өнер көрсетті.

Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.

Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.

Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді – 6:2, 5:7, 6:10.

hace 5 meses, 2 semanas
**Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов …

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында алдағы жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатында ойнайдыСонымен қатар Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасында Аустралия біріншілігі 20-27 қаңтар аралығында өтеді.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов 16 жаста. Жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 55-орында тұр. Ол ITF Juniors санатында өткен жарыстарда жекелей және жұптық сында бес реттен жеңімпаз атанды.

Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова рейтингіде 68-сатыда келеді. Ол ITF Juniors додаларында жекелей сында бір рет чемпион болды. Ал жұптық сында 13 титулға қол жеткізді.

hace 7 meses

Достар!

Жақсы жаңалығым бар😍 енді әр апта сайын Қазақстан теннис федерациясының YouTube арнасында қазақ тілінде “Қазақстан теннис жаңалықтары. Апталық шолу” бағдарламсы шығады.

Отандық теннис жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар🙏

We recommend to visit

Ассалому Алайкум!

Сиз «Тезкор Хабарлар» (@tezkorxabarlar) расмий каналидасиз.

Каналимизда юртимиз ва дунёда рўй бераётган энг сўнгги янгиликлардан ва ибратли маърузалардан хабардор бўлинг.

Реклама: @sifatliuzb

Last updated 2 days, 5 hours ago

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша

Жарнама бойынша: @alimjanasqar

Баннан шығару: @kushimbaev

Last updated 1 month, 3 weeks ago

Қарақалпақстан бойынша ең сапалы биринши кеўилашар канал
Каналымызда ҳәммеси бар: қызықлы видео, музыка, жаңалық ҳәм тағы басқа да сизиң кеўлиңизден шығатуғын мағлыўматлар салынып барылады.

Реклама ушын: @lidernew

Last updated 1 week, 6 days ago