Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Last updated 2 months, 3 weeks ago
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 days, 10 hours ago
Путин: “Біз Хмеймим базасынан Тегеранға Иранның 4000 сарбазын жеткіздік. Алеппоны қаруланған 350 адам басып алды. Ал Сирия билігі мен Иранның 30 мыңға жуық әскері қаланы ұрыссыз бере салды.
Біз Сирияда өзіміздің мақсатымызға толық жеттік. Неге? Себебі біз халифаттың құрылуына кедергі болдық, ал қазір билікке келгендер лаңкестер емес.
Сирияда Ресейдің базалары қала ма дегенге келсек, бұл ең алдымен Ресей мен Сирия билігінің мүдде сәйкестігіне байланысты мәселе.”
17-желтоқсаннан бастап «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасында 200-ге жуық жұмысшы жалақыны көтеру туралы талап қойып, жұмысты тоқтатқан. Жұмысшылар жалақыны 100 пайызға көтеруді сұрауда. Жалпы БАҚ-тың жазуынша 2024 жылы компаниядағы орташа жалақы 730 431 теңге болыпты. Ең жоғары айлықты жерасты жұмысшылары алатын көрінеді, шамамен 1,2 млн теңге дейді ақпарат көздері. Ал автобус жүргізетіндер 550 мың алса керек. БАҚ-тағы деректер солай дейді. Компания дауды шешуге қатысты ресми мәлімдемесін жариялады.
«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:
2024 жылғы 18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті.
Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қатысты.
Кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.
Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды:
1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге);
2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу.
Келіссөз барысында Н.Нуриев жалақының күрт әрі негізсіз ұлғаюы түптің түбінде компанияның бірқатар кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, консервациялануына әкелетініне, салдарынан жұмыс орындарының жабылуына әкеліп соқтыратынын атап өтті.
Сондай-ақ ұсыныстарды түсіндіру үшін жұмыс орындарында, оның ішінде шахталарда жұмысшылармен тікелей кездесу ұйымдастырылды.
2024 жыл 19 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, келіссөз жалғасуда.
Компания барлық жұмыскерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қалыптасқан жағдайды тезірек шешу үшін оң қадамдарды жүзеге асыруды жалғастыруда.
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ…
Еgov-та несие беруге шектеу қоятын қызмет бар. Кіресіз, несие алуға шектеу қоясыз. Бұрын 6 ай, сосын шектеу автоматты түрде алынатын. Немесе 6 айға дейін қалаған уақытта өшіруге болатын. Енді соның мерзімі шектеусіз. Шектеу қоясыз, өзіңіз алмайынша тұра береді.
Мұның пайдасы не?
Алаяқтар сырттан несие рәсімдеп кетеді деп қорықпайсыз. Сырттан біреу өтінім берсе өзіңіз қойған шектеу тұр. Сайттар соны несие алудан өзіңізді шектеуге болады, деп жазып жатыр. Негізі өзіңді шектеу емес, "өзгелерді", алаяқтарды шектеу. Әйтпесе, өзіңді былай-ақ шектеуге болады. Негізі алаяқтар да қол сұға алмайтын жасауға болады. Ол үшін әр адам қаржылай сауатты, банктердің "көзі қырағы" болса жеткілікті. Ол да ұзамай шешілер.
Ақпарат журналист Ербол Азанбектің парақшасынан
БАҚ: “Қазақстан Германияға сомасы 850 миллион долларды құрайтын тауардың 100 түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты.”
Қазақстан президенті Тоқаев БҰҰ-ны реформалау жайлы ойын айтты.
“Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау үдерісіне де белсене атсалысуға дайын. Бірқатар дамыған мемлекет, соның ішінде Германия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатарында болуға әбден лайық”, - дейді ол.
Bloomberg: Еурокомиссия Венгрияға санкция салу мен Словакияға бөлінуі тиіс 12,8 млрд еуроны бұғаттау шешімін қарастыруда. ЕО басшылары Орбан мен Фицоның әрекетіне қатаң жауап беруді талқылауда.
Бұған дейін Еурокомиссия ЕО-ның ортақ миграциялық саясатын ұстанбағаны үшін Венгрияға 200 млн еуро айыппұл салған болатын.
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Last updated 1 month, 2 weeks ago
Last updated 2 months, 3 weeks ago
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Last updated 2 days, 10 hours ago