تقدم ● ізгі іс ●

Description
Дін《 Өзге де ілімдер《 Қызықты психология《Хадистер《Тасаууф《Қоғам《Саралау《Бастан өткен оқиғалар хикметі《Фиқһ《Ақида 《Жүктелетін кітаптар《ПАРЫЗДАР 《СҮННЕТТЕР《ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Advertising
Tags
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

2 months, 3 weeks ago

Ұлы құлшылықтардың бірі -- Құран оқу 《түсіну, жаттау, үйрету》

Аллаһ елшісі Мухәммәд солЛялЛаһу ъәләйһи уә сәлЛәм былай деген : "Темірді тот басқаны секілді, жүректерді де тот басады. Оны тазарту жолы -- Құран оқу мен өлімді еске алу"

? Хадис: Имам Байһақи, Ибн Нуъәйм

Тот басқан жүрек -- құлшылықтардан нәр алмайды. Керісінше, құлшылық жасамаудан нәр алғандай алданады. Себебі ол өзі бұзылған, одан әрі бұзылуға бейім.
Сол дерттен ем табу, иманды арттыру, сауапқа кенелу үшін Құранды арабшалап та, өз тілімізде де ылғи оқып жүруіміз керек. Және оның шархын түсінуіміз құп

Құранды да дұрыс ниет, шынайы ықыласпен оқуға тырысу қажет. Сонда оның нұры жүрекке қонады, дүниеге сүңгіген руһты тазалайды, шайтанның азғыруына алданған сананы сақтайтын болады

تقدم ● ізгі іс
https://t.me/sauaptar_korjyny

3 months, 2 weeks ago

Есті адамдардың қатарында болғың келсе

Өзінен есеп алатындарды  «есті адамдар»  деп Абай атамыз да санаған. Бұл туралы:  «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе: күнінде бір мәрте,   болмаса жұмасында бір,   ең болмаса айында бір,   өзіңнен есеп ал!  
Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен? Не білімге,   не ақыретке,   не дүниеге жарамды етіп, өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?  Әлде, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?», - деп ой тастайды

◇он бесінші қара сөзі◇

Асыл дінімізде бар нәрсені ұстанған Абай атамыз - расымен дана болған. Шариғатымыздағы өзін есепке алу жайлы хадисті білетін боларсыздар?

Хасан әл-Басри 《оған Аллаһ разы болсын》 айтқан: «Мүмін өз нәпсісіне басшы. Ол өзін Аллаһ үшін есеп етеді. Негізінде, бұл дүниеде есеп еткендердің Қиямет күніндегі есептері жеңіл болады..

تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

3 months, 3 weeks ago

Не ексең, соны орасың

? Хасан Басри 《Аллаһ оған разы болсын》:
"نهارُكَ ضيفُكَ فأحسنْ إليه. فإنّكَ إنْ أحسنتَ إليه ارتحل بحمدِك، و إن أسأتَ إليه ارتحل بذمِّك، وكذلك ليلُك."
“Күндізгі уақыт — саған келген қонақ секілді, онымен жақсы мәміле жаса. Егер оған жақсылық жасайтын болсаң, ол сені мақтап кетеді, ал жамандық жасайтын болсаң, сені кінәлап кететін болады. Дәл сол секілді, түнгі мезгіл де — саған келген қонақ“, — деген

«Әдәбу әд-дуня уә әд-дин», 119-бет

Пікір
Мағынасы қандай керемет, ойланған адамға. Әр күніміз бен түнімізде не іс атқарсақ, соны 2 дүниемізде орамыз...
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

5 months, 1 week ago

Қазақстанда хиджабқа тыйым салынуы мүмкін бе? Штраф?

Осы жаңалық шықпай тұрып та отбасымыздан хиджабқа наразылықты естумен келіп едік 《жылдар бойы》. Бұл жаңалық шығып еді, қарсылық пен қысым одан әрі үдей түсті. Күн сайын ата-анамыздың үрейі мен дінді түсінбеулерінің салмағын көтерудеміз... Бұл күйде жүрген әпке-сіңілілер аз емес. Аллаһ баршамыздың иман, сабырымызды, берекетімізді арттырсын, әмин

Паранджаға шектеу болса түсінер едім... Жоқ, хиджабқа да шектеу қарастырылады-мыс. Қоғамдық орындарда хиджаб киюге де тыйым салынуы мүмкін екенін кей исламофобтар ескертуде

Жаңалықты оқығанымда көз алдыма кей бейнелер салынды. Ойлап көріңіздерші, шектеу салынды делік... Қалай іске асады? Бұл үлкен резонанс, дау, бүлік тудыруы анық қой? Әлде Салтанат Н.-ның хақын қорғауға күші жеткен халық -- орамалды қорғауға күші жетпейді деп ойлай ма...
Кезінде өзге ұлт, дін иелері қазақтың дінін жоюға көп септігін тигізген еді. Соның ықпалы әліге дейін діні Ислам болған қазағымызға әсерін беріп келеді, өкінішті. Дініміздің таралу тарихын білмеудің зияны осы ғой?!

Оқушы кезімізде әдебиет, тарих пәнінде дін жанашырлары, қазақтың ардақты тұлғаларын еститінбіз. Оларға, жалпы қазаққа көрсетілген зұлымдық -- діннің кең жайылуына да кедергі болған. Осы себепті де қазақ -- өз дінінің аз ғана бөлігінен хабардар. Әйтпегенде жерлеу, сүндеттеу т.б. діни рәсімдерді білмес еді. Діннен білМейтін ақпараттары әлі мега көп болуына не түрткі екенін түсінсе, мұндай озбырлықтар болмас еді ✔️

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ ?
https://t.me/sunnet_ielerine

5 months, 1 week ago

Құрбан айт берекелді болсын, әмин

Ол жайлы не білеміз?

Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санасып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды

Бабамыз, пайғамбарымыз Ибраһимнен 《ъәләйһиссәләм》бастау алған құрбан айт -- ұлы күн, мереке. Ал кейбір ғұламалар осы дүниедегі ең қайырлы, тіпті арафа күнінен де артық күн деген.
Белгілі күндерді ұлықтау -- адам баласының тақуалығынан да хабар береді. Аллаһтың рахымына жақындау үшін тақуалыққа ықыласты арттыратын мезгіл. Бұл жайында Аллаһ қасиетті Құранда:

وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ

«Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан» деген

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ: «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың», «Шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауыр» деген. Пайғамбарымыздың ﷺ хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады

? мәлімет муфтият сайтынан алынды, қосымша редакцияланды
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

5 months, 1 week ago

Арафә күні ораза ұсталады. Ертеңгі оразаға да дайын болыңыздар

5 months, 1 week ago
5 months, 1 week ago

Зуль-Хиджәдағы мереке мен береке күндер қасиеті. **2024 күнтізбесімен

Зуль-Хиджә -- қасиетті, ардақты айлардың бірі**

7. 06 -- Зуль-Хиджә айының бірінші күніне түсті. Бастапқы 9-10 күн бойы ораза ұстау, Аллаһты зікір ету, Құран оқу, салауат айту, садақа беру т.б. сауапты амалдарды күшейту қажет, себебі бұлар ұлық күндердің бірі. Оның ұлықтығы Құранда да білдірілген.
︎10-шы мереке күні ораза ұсталмайды, ал басқа ізгі амалдар жалғасады

15. 06 -- Арафә мерекесі. Зуль-Хиджәнің тоғызыншы күні өтеді. Қажылардың Арафәт тауында ғибадат етіп, Раббымыздан қалауларын сұрайтын уақ.
Арафәт тауында бірнеше Ислами, тарихи оқиғалар болған. Солардың бірі -- Адам ата 《ъәләйһис сәләм》мен Хауа анамыздың жәннәттан жерге түсірілгенінен кейін, бірнеше жылдар өтіп, Арафәт тауында қайта кездесіп, тәубелері қабыл болып, күнәлардан тазартылу оқиғасы

?  Бұл ардақты күндері тек қажылар емес, барша мұсылман ғибадат етулері қажет. Бұл ардақты күн-түндері сауапты амалдар мен нашар амалдардың сыбағасы еселенеді... Сол себепті бей-жәй қарауға болмайды

16. 06 -- Ид әл Адхә / яғни Құрбан айт. Аллаһ разылығы үшін Құрбан шалу және қажылықтың аяқталуына байланысты мереке. Бұл Зуль-Хиджәнің оныншы күні.

Бұл мереке -- Ибраһим 《ъәләйһис сәләм》пайғамбардан бастау алады. Мәні мен мақсаты тереңде. Оны әр мұсылман білуі керек. Жалғасы бар

?  Бүгін Зуль-Хиджәнің жетінші күні 《13.06》. Зуль-Хиджәнің бастапқы 10 күні үлкен қадір-қасиетке ие. Егер арамызда бұл ардақты күн-түндердің көбін өткізіп алғандар болса, қаймықпасын. Бүгінмен санағанда, алда әлі төрт 《13, 14, 15, 16》 күніміз бар. Құлшылық-ғибадат, ізгі істер жасап, сауап жинауға асығайық, берілмеңіздер

تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

5 months, 2 weeks ago

Бұл айдың бастапқы он күні мен түні – үлкен берекеге толы

Оның ардақтылығын Аллаһтың өзі Фәджр сүресінде ант ете білдірген: «Рауандап атқан таңмен және 《зул-хижжә айының》он түнімен ант етемін»

Осы он күн мен түнде мұсылмандар ораза ұстап, көптеп Құран, нәпіл намаздар оқып, дұға етулері құп. Мұқтаждарға садақа беруді де ұмытпағаны жөн. Өйткені хадисте айтылғандай, бұл күндері жасалатын қандай да болмасын игі амал -- Аллаһтың қасында үлкен сауапқа ие

Сүйікті Пайғамбарымыз да ﷺ асыл сөзінің бірінде: «Осы он күнде 《яғни зулхиджәнің он күнінде》 жасалған игі істен Аллаһқа сүйкімдірек игі іс жоқ».

? Әбу Дәуд, «Бәбу фи саумиль Ашар» – 2438-хадис.; Ибн Мәджә – 1727

? Уақыттың зымырағаны-ай.. 5-ші күніне де келіп қалдық. Келесі күндерді жіберіп алмайық
https://t.me/sauaptar_korjyny

7 months, 4 weeks ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.