tamshym🌊

Description
тамшымын...
тағдырға сенемін!☔🌊
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 3 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 2 weeks ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 6 months ago

3 months, 1 week ago

кей адамдардың “қол жетпейтін” алыста болғаны әлдеқайда дұрыс сияқты. жақындаған сайын өз санаң мен қиялың жасап алған “тым асқақ” образы көз алдыңда төмендеп кетеді.

3 months, 1 week ago

мына қымбатшылықта қалай өмір сүріп жатырсыңдар, еей, айтыңдаршы

3 months, 1 week ago

таңертен ұйқымды қимай оянғанымды, тереземнен бетіме тіке түскен күннің нұрына жанымды жылытып, сен туралы ойлағанымды, плейлистімдегі кездейсоқ бір әнді тыңдап, айна алдында асықпай боянғанымды, автобустағы орыс тәтенің әңгімесін, алматының ауа-райын, кеште мұңлылау әуенге елітіп жылағым келгенін, алақанымның тоңғанын, жырымды, жанымды, бәрін-бәрін саған айтқым келген. өзге емес. саған ғана. әйтеу, әр қуанған, қобалжыған сәттерімнің бәріне куәгер болсаң дедім. өскенімді де, өшкенімді де көрсең. көріп қана қоймай, қолдасаң, қуаттасаң дедім. сенсіздігімді, үнсіздігімді, үмітім мен күдігімді де тек өзіңе ақтара салғым келген.

5 months, 4 weeks ago

– ағай, жас келді ғой, қашан үйленесіз?
– жас келгенде емес, керек кісің жолыққанда үйлену керек. жас келгенмен, жауапкершілік “келмесе” тағы қиын…

*жолығу демекші, адамдар кейін жолықпайды олардың рухы әуелден бірге болған, сезеді. тек кейінірек кезігеді деуші еді…кей кісілерге қарап аңсарың ауып, көңілің кетіп, сөйлескің кеп тұратыны қайда… дәл сол сезім?**

6 months ago

болғаныңдай көрін не көрінгеніңдей бол.

мәулана руми

6 months ago

тағы бір рецензия, оқып көріңдер? биыл Нобель сыйлығын алған Хан Гаң апайдың «Вегетерианка» шығармасы хақында
https://zhasalash.kz/news/kogam-erezhelerne-karsi-kures-nemese-han-gannin-vegetariankasi-6293af/?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAabKaKeRrJXjKQAStIu1ehFCt4oB5-a3c54eyzG2e5gi6nfiwH5NdOfHKsg_aem_tGfe62duPURA9NXo0XFK0A

6 months ago

бұл мекен тұрғындарына ортақ бір-ақ нәрсе болса, жалғыздық шығар. бәрі жалғыз. әркім өзінше жалғыз. жалғыздығы жайлы ойды өзіне серік еткен жалғыздар.

6 months ago

байқайсыңдар ма, осы қазіргі жасөспірімдер, зумерлер не қазақша, не орысша қатырып сөйлей алмайды, иә. енді ағылшынша айта қойшы десең, онысы да жетісіп тұрған жоқ. сонда олар қай тілде түс көріп, ойланады?

6 months ago

Күзбен қоштасу...?****
Аспан жылайды...
Суық бола ма түн бүгін?
Бұлтқа жасырған сәулеңді, айтшы, кім, Күнім?
Біздің өлкеден тағы күз кетіп барады
Ішіне сақтап сұмдығын.

Жылытпас енді құшақ та ыстық жат мұңлық,
Мизам шуақтан бағымды арай таптым нық.
Дәл сіздей мені тастап барады күз тағы
Жаныма жасап сатқындық...

Пердесін таңның тамшыдай мөлдір ашқан мұң,
Жалғасын жазып ғазиз ғұмырлы дастанның.
Құстар да "қош" деп, сыңсу әуенін шырқайды
Ұзатып алыс күз-ару қызын аспанның.

Ұлпа қар құшқан жапырақ сынды жан сенбей,
Күзгі бақтарда қалып қойғандай нәрсем кей.
Мені суыққа тастап барады жыл құсы
Қатігез екен... дәл сендей.

11.11.21
(Біздің өлкеге қар түсті)
ескі #өлең

6 months, 1 week ago

Бұл қаладан барлық адасу белгілері табылатын.
Бәрі адасады…
Жолынан адасқан көліктер,
Ізінен адасқан адамдар,
Болашағынан адасқан балалық,
Балалығынан адасқан ересектер…

Мен де адасып кеткенімді біле тұра кетіп барамын.
Бағытсыз.
Бағдарсыз.

(с) т.б.

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 3 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 2 weeks ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 6 months ago