ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 4 days, 21 hours ago
Кейіп өлместіктің қамын жасау үшін адам мәнге ұмтылу керек. Кішкентай баланың жұмсағанға жармасып, өзінің экзистенциясына ұмтылғаны сияқты, сен де бар нәрсеге жармасып, көрген нәрсеге ұмтылып, өзіннің экзситенциялық қажеттілігінді жабуға әрекет қылуын қажет. Мәнсіз дүниеден арыл! Өмір мәнгі деген оймен мәніңнен айырылып қалма!
Балаға мән бер, өмірі мәнді болады.
Баланы әрдайым мәнді нәрсені істеуге баулу керек. Телефон, ютуб, тик ток - мәнсіз дүниелер. Қиса, ертегі, философия, өсиет әңгімелер, ойнау, жұмыс - мәнді дүниелер.
Кез-келген істі істерде бала өзінің экзистенциялық қажеттілігін жабады. Біреуді бір жерге жұмсасан кішкентай бала да жарысып, жағаласып сол істі атқаруға тырысады. Үйге келсен домофонға жармасады, машинаға отырсан рөліне жармасады. Бұл баланың экзистенциялы қажеттілігі, яғни оның өзінің болмысың, өмір сүруіндегі маңызың іздеуі. Бұл өмір бойы жалғасады. Тек бала кезде осындай айқын, элементарлы қадамдармен көрініс табады.
Егерде бала осындай кезінде мәнсіз дүниелер жасар болса оның экзистенциялық қажеттілігі жабылмай қалады. Нәтижесінде, ертең өмірінің алдында туындайтын экзистенцилық сұраққа бала жауап бере алмайтын болады.
Ал адам өмірінің үш кезеніңде экзистенциялық сұрақ оның миын, жүрегін жегідей жейді. Ол - жасөспірімдік кризис, орта жас кризисі, сосын қартайғандағы кризис. Шартты түрде 15-30-60 кризисі деп айтады.
Кризис среднего возраста дегенді бәріміз естіген шығармыз. Көбі осы жаста ішімдікке салынады, дұрыс жолдан таяды, не суицидке дейін барып жатады.
Бірақ, орта жас кризисі жасөспірім кризисында пайда болатын экзистенциялық сұрақтарға дұрыс жауап таба алмағаннан туындайтының көбісі біле бермейді.
Оданда сорақысы, орта жас кризисін дұрыс өткермеген жан қартайғандағы өлім алды кризиспен соқтығысады. Бұл есті адамға ең қорқыныштысы. Абайдың "Адам жылап туады, кейіп өледі" дейтіні осыдан.
Таяқпен тәрбиелеу бізде бәлкім КСРОдан, бәлкім орыстың Империясынан келген болу керек. Бұндай мәдениет өмір сүруге қиын жағдайда туындайды сірә. Өмірден қажыған, жұмыстан шаршаған, біреуден жәбір көріп келген әке-шешеде бар ашуын өзінен кішіден, өзінен әлсізден алуға құмарлық туындайды. Бұл мықты тоталитарлы мемлекеттерде айқын көрініс табады. Әсіресе, екінші сортты ұлттар арасында.
Әйтпесе, қай халықта болсын өз баласын мәпелеп, аялап өсірген. Қазақ халқы да баласына ертеде патшадай қараған.
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 4 days, 21 hours ago