QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 4 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 days, 4 hours ago
«Өзенмұнайгаз» АҚ қаржылық жағдайына қатысты кейбір мәселелер бойынша ақпараттық хабарлама«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның шикізат сатудан түсетін жыл сайынғы табысы 2 триллион теңгені құрайтыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Энергия ресурстарының бағасын, ішкі нарыққа жеткізілетін өнім үлесін (жанар-жағармай бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында) және өндіру көлемін қоса алғанда, компанияның жылдық табысы 1 триллион теңгеден аспайды. Мысалы, 2020 жылы мұнай саудасынан 477 млрд теңге қаржы түсті, ал 2022 жылы бұл сома 901 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар, журналист жазбасында «Өзенмұнайгаз» шығындарының құрылымына қатысты жалған ақпарат берілген. Мысалы, 2022 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды бұрғылауға 93 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 10%-ын жұмсады. Ал ұңғымаларды жөндеуге 14 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 1%-ы, сорғы-компрессорлық құбырларды сатып алуға 21 млрд теңге немесе жалпы шығындарының шамамен 2%-ы жұмсалды.
Биылғы көрсеткіштерге келер болсақ, 4 айдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14 млрд теңге болды. Бұл нәтижеге қарамастан, ұңғымалар қоры мен арнайы техника паркін, жерасты жабдықтарды жаңартуға бағытталған өзге де инвестициялық шығындарды ескергенде, таза қаржы ағымы минус 40 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Құйылған инвестициялар қайырымын компания болашақта көреді деп күтілуде.
Сондай-ақ, қала құраушы негізгі кәсіпорын ретінде «Өзенмұнайгазға» жоғары әлеуметтік жүктеме артылған, компания жыл сайын өңірдегі кәсіпорындарды ғана емес, отандық тауар өндірушілерді де жұмыспен қамтуға айрықша мән береді.
Компанияның операциялық және қаржылық нәтижелері туралы ақпарат ресми дереккөздерде (kase.kz, dfo.kz, компания сайты) жарияланатынын еске саламыз. Дәйекті ақпаратқа сүйенуді сұраймыз.
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 4 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 days, 4 hours ago