Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

men❤️‍🩹

Description
insta: aryn.qunanbai
☕️ шай ішіп отырып оқитын оқшау ойлар
🕯 көрген-білген, жиған-терген
🖇 таным-түсінік, ой-толғау
❤️‍🩹 жүректен жүрекке
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

6 days, 19 hours ago
6 days, 23 hours ago
1 week, 2 days ago

☁️
“жанып тұрған шамның майы төгілген сайын жарқырай түседі…” адам да солай. “жарқырау” үшін көз жасы керек болады кей кездері. шынайы, риясыз.
шын тәубенің көз жасына періштелер таласады дейді кітаптарда.
бір тамшы көздің жасындай…

2 months, 1 week ago

балам, осы иттер айнаға қарап үреді ғой, неге үретінін білесің бе?
себебі ол айнадағы өзін танымай, басқа ит екен деп үреді. тарих – біздің айнамыз. біздің кейбір ғалымдар «бізде ондай болмаған, бұл әншейін миф» деп бой бермейді. олар өзіміздің төл тарихымызға үріп жүргендерін өздері де білмейді. олардың бәрі марксизм-ленинизм ілімімен уланған. сондықтан айнадағы өз бейнесін танымай, үруге дайын.

Халел Досмұхамедұлы.
Алаштың ардағы, қазақтың алғашқы дәрігерлерінің бірі, ана тілімен қоса, латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс және француз тілдерін қажетті дәрежеде еркін меңгеріп, еркін жаза білген қоғам қайраткері.

🦮өз тілін, ділін, тарихын білмейтін адам да итке ұқсайды. абалағыш келеді.

2 months, 1 week ago

🇰🇿
“бір ауызға бір емес, бірнеше тіл сыйады, бірақ соған ана тілін сыйғыза алмасаң, қазақ болмай-ақ қой”
Қадір Мырза-Әли

2 months, 1 week ago

“…Алла сүйген құлдарын шөлде адастырғанды жақсы көреді. сол арқылы судың қадірін білсе дейді. Құдай қаласа, Қағбаға атақ-даңқ іздеп емес, Жаратқанға ғашық болғаннан барар күн нәсіп болар. ішіңдегі Қағбаға, яғни жүрегіңе жол табарсың, бұйырса”.
❣️Элиф Шафак
“Махаббаттың қырық қағидасы”

2 months, 1 week ago

🫂
менің кітап оқуға құштарлығымды ашқан жан-жағымдағы кітапқұмар жігіттер еді. жүрсе-тұрса оқу айтатын, жазу сызатын, автор талдайтын, кітап сыйлайтын кісілер болады өзі. солардың ішінде жүріп сен де “кітапауру” жұқтырасың. басы қосылса кесе төңкеріп, бөстекі әңгіме айтатын салаңдаған бөспелердің ішінде жүріп кітапқа қызығып кетем деген өтіркке жақын әңгіме. сынықтан басқасының бәрі жұғады…

2 months, 2 weeks ago

❣️сыңаржақ пікір сайтаннан. еркек үшін әйеліне жайнатып отырып гүл сыйлауы ысырап болса, әйел үшін көңіл, құрмет, сезім. проблема шықпасын деп сыйламау керек, оның қақын жемеу үшін сыйласын.
❣️ажырасу сезім жетіспеушіліктен болады. нақтырақ айтсақ, сезімімізді жеткізе алмаудан, іште жұтып жүруден болады. “тамағың дәмді боптыдан” бастап, “сәбидің ұйқысын тілеймін” дегенге дейін)
❣️ер адам сезімін анасына айта алмаса, үйде жүрген шешесімен жөнді сөйлесе алмаса, әлі қарым-қатынасқа дайын емес. жыламай тамақ ішпейтін шолжаң, шалбарын шыңғырып әрең киетін жігіт-мігіттер біреудің аялаған қызының соры. тілін таппай қор қылады.

2 months, 2 weeks ago

отбасылық өмірге қатысты екі күндік семинардамыз. гештальт терапевт, психосомат, бала тәрбиесі мамандары, андролог, сексолог, теологтардың айтқанынан тобықтайын, түйгендерді жаза отырайын осында. оқырманның ақысы:
❣️отбасында “мен” жоқ, тек “біз” бар.
❣️бала-шағаны асырау деген сөз тәрбиелеу деген сөз емес. бала-шағаны ойнаттым деген сөз әйелдің ақысын бердім, көңілін таптым дегенмен тең емес. жеке-жеке көңіл, назар, жылу керек.
❣️садақаны ең жақындардан бастайсың. тапқан табыстың ең қайырлысы – отбасы қажеттілігіне жұмсалғандар.
❣️отбасы – әйел мен күйеу. болды. шешімді осы екеуі шығарады. үшінші жақтан келетін қаңқудан, түртпектен, бақастықтан күйеу әйелін сақтауы, қорғауы міндет, парыз.
❣️кесенің әйелің ішкен жерінен ішу де романтика. әйеліңе қатты жақсы көретініңді айт, іспен дәлелде.
жақсы көру=әйелмен санасу. сыйлық алсаң да, ақылдасып ал.
❣️тіпті әйелдің етеккірі келетін уақытты айтқызбай сезіп, жағдайын жасап, мазасын алмау, жұмысын жеңілдету нағыз қамқар, көзі ашық еркектің ғана қолынан келеді.
❣️әйелді түсіну=сұрақ қою.
❣️ құрмет=күту. еркек әйелді асықтармасын. күтсін. дүкенге барса да, базарға барса да қол ұстасып жүріп, санасып, ақылдасып жүріп, бірге қайтсын. Пайғамбарымыз (с.а.с) йемендіктер кеп қылышпен ойын көрсеткенде бірге тамашалаған. “қайтайық” дегенде Айша анамыз аяғына дейін қызықтауды қалаған. Пайғамбарымыз (с.а.с) да бірге аяғына дейін күткен.
❣️күнкөрісті арқалаған, тиын санаған әйел тез қартаяды. оның еркегі босбелбеу ез деген сөз. бала асырап, күйеуінің бензинін төлеп, өкшесі жарылып, табаны тозып, тырнағы сынған әйелдің еркегі намыссыз.

2 months, 3 weeks ago

исра, миғраж сапарында Пайғамбарымыз (с.а.с) өзіне дейінгі келген барша пайғамбарларға екі рәкағат намаз оқытқан, имам болған.
көңілі құлазып, жақындарынан айырылған, тауы шағылған Пайғамбарымызды (с.а.с) дәл осы Миғраж түні жеті қат көкке серуендеткен, сейіл құрып, дәті бекіп, көңілі серпіліп, тың қуат, ерекше күшпен, сыймен оралған.
аспан әлеміндегі ең қасиетті мекен саналатын “періштелер үйінде” жеті аспанның сансыз періштесіне имам болады…үтір уәжіп намазы, құныт дұғасы, әттахият дұғасы, намаз рүкіндері (қиям, рүкуғ, сәжде, отырыс), жәннат пен тозақтық адамдардың жағдайы, Мүнкәр-Нәкир періштелердің сұрақ-жауапқа тартуы, мына әлемнің шегі болған “Сидратул Мунтаһаны” көріп, біліп, түсініп қайтқан ұлы сапар…
бес уақ намазға жығылып, елу уақыттың сауабын алу бақыты осы түні бұйырды.
үмбеті үшін періштелер ғибадатын осы түні сұрап алған. біз үшін.
парасат пайымы келіскен, абзал, кемеңгер пайғамбарлармен кездесіп, дидарласып, батасын осы түні алған.
бұл түні жәннатқа бірінші боп кіретін Мұхаммед (с.а.с) және оның үмбеті деген хабар айтқан Ыдырыс (а.с) пайғамбар. Мұса (а.с) пайғамбармен кеңескен, ақылдасқан.
бұл түні ешкімге, ешуақытта орнынан тұрып құрмет көрсетпеген, сәлем бермеген, алмаған, күлмеген Әзірейіл (а.с) періште Пайғамбарымызға (с.а.с) орнына тұрып, құшақтап амандасқан дейді…
бұл түні Пайғамбарымыз (с.а.с) сегіз жәннаттың иісін сезіп, дүниеге алданғандардың жазасын өз көзімен көріп, Құнт деген періштеден дұға алып қайтады. сыры көп үтір уәжіп намазын алғаш оқиды.
бұндай ғажайып, сауапқа толы сапарды үмбеті, біздер үшін сұрап алады. мүміннің намазы – миғраж.
бұл түні пайғамбарымыз (с.а.с) Алламен сөйлескен.

бұл түнді ерекше шабыт, шынайы шүкірмен өткізейік.

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas