men❤️‍🩹

Description
оқшау ой.
санаға салмақ салар сөз.
терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген.
көрген-баққан.
оқу-тоқу.
жазған-сызған.
Advertising
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 3 days, 8 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

? Канал - @maktubatkz
? Чат - @maktubatchat
? Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 2 months ago

1 month ago
**көрегендік**…біреудің қылығын мен былығын, кем-кетігін көрмейтін …

көрегендік…біреудің қылығын мен былығын, кем-кетігін көрмейтін кісі оғлы жоқ. шұқып-нұқып, саусақ шошайтатындар, пыш-пыш өсектейтіндер иттен де көп. нағыз әдеп иесі, көрегендер ғана көрмеген кейіп, байқамаған сыңай танытады. көріп тұрғанның бәріне көпіре берсең нең қалды…оны “тағафуль” деп жатады. насихатшының өзіне тиісті насихат бар…
біздің міндет бауыр болу еді ғой. сүннет жолы, мұсылмандық әдебі “көңіл қағбасына” тас атпай, тігісін жатқызып сөйлеу еді ғой.
күнә дәриясына ғарық болған, нәпсі батпағына белшесінен батқан адамды құтқару үшін “қолыңды бер” дейтін бірбеткейлер емес, “қолымнан ұста” дейтін жауанмәрт кісілер керек.

біреудің мінін кешірсең,
саған да Құдай кешеді.
бәрін де қылмай, есірсең,
төбеңді əлі-ақ теседі.

көңілі жұмсақ адамның
күрмеуін Алла шешеді.

рахымсыз, пейілі жаманның
орны дайын деседі”
Шәкәрім қажы.

🔗үзінді имам Ғазалидің “Бақыт формуласынан”.

1 month, 1 week ago

👛
жыл аяғы таяды. есті адам есеп береді. жиырма төрт жиырма беске жымыңдап, сырғып, жылжып барады…
не бітіріптік?
не істеп, не қойыптық?
ойға алған іс со күйінде қалып па екен әлде?!

ниет пен амалдың арасы неғұрлым алыс болса, соғұрлым көкжелкеңдегі жалқаулық жуандай береді. іске көшу керек.
амал ниетті күшейте ме, ниет амалды ма?
амалдар саны ниетті күшейте түседі. бұл іске кірісу керек деген сөз. қолда бармен бастап кету керек деген сөз.
сол кезде ғана ниет күшейіп, таза ықыласқа, кіршіксіз көңілге жетеміз. бастайық. ниеттің күшейгенін, нығайғанын күтіііп отыратын уақ емес.

1 month, 1 week ago

💡
– бақытты деп кімді айтса болады?
– өзі өлгенде күнәсі де “өлген” адам бақытты. нағыз бақыт сол – о дүниеге таудай-таудай күнә арқалап бармау.

хәкім Абайда “үй жолдас” деген тіркес бар. үй деп отырғаны – қабір. жолдас дегені – тән құмары емес, жанның қамы. жанның қамы дегені – махаббат, ар, әділет.
жә…біз жақсы көріп, ындынымыз кеткен, сүйікті еткен іс-амалымыз біз қайтқанда шіріп-жоғалмай, “үй жолдас” болса, саған шапағаты тисе, міне, жетістік, мәңгілік бақыт.

1 month, 2 weeks ago
1 month, 2 weeks ago
[**#тілұстарту**](?q=%23%D1%82%D1%96%D0%BB%D2%B1%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83)***✏️***

#тілұстарту✏️

айтпақшы, осы біз неге еліміздің атын Kazakhstan деп жазамыз?) төл әліпбидегі әріп-таңба жағы нашар екені өз алдына, жалтақ емленің салдары ма деп қалам. ана тұрған kh – орыстар
айтатын “казахтың” х-сы. бұл қисынға салсаң, я khazakh боласың, я kazak боласың. бір дыбыстың бір түбірде тұрып екі түрлі таңбалануы дұрыс емес. біз өз ұлтымыздың атын (тіпті!) өзімізге ыңғайлауымыз керек шығар...
сосын… тіл үйренетін кітаптарда “I have” дегенді сыдыртып “менде ____ бар” деп шыққан. бұл да жалтақтық.
“статус документа” деген тіркесің баяғының бай заманында “құжат мәртебесі” боп кеткен. бұның да жырғап тұрған жоқ.
қазір “апай” деуге де қысылатын болдық…оны бәзбіреулер “некультурно” деп тыржияды. бұл туралы тарқатып жазғам. мына жерден оқып шығыңыз.

қазақ бата-тілекке жомарт, аңқылдаған халық. сол тілек айту, лебіз жағы жұтаңдап кеткен. өткенде лифтіден шыға бере (Қытайдан келген) көрші апам “сәбидің ұйқысын тілеймін” деп қалды. біз жасанды жылтырақ “қайырлы түн” дегенге құмармыз. ондай-ондай “іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын” естімегелі қай заман…кібіртіктеп барып “әумин” деппін)
тиктокта тағы бір қандас апам “ақ таңнан ақ сәлем!”, “шаруаның шат-шәлекейін шығардым” деп жатады. біз ше? өте қарабайыр, танымға томпақ бір етістіктерді айтар едік…
сөз байлығы сана байлығы емес пе…
тағы бір үлкен кісіден екеуара әңгімелесе отырып “ұзын құрық, кең тұсау”, “сансырау”, “ыңыршақ”, “ыза сырық”, “ажығұнық” дегендейсөздерді естіп қалдым.оны қойшы, “әкебас” деген еркелеткенде айтатын сөзді Моңғолия, Қытай, Түркия қазақтарының ғана аузынан естідік…

1 month, 3 weeks ago

💭оймақтай ой:
әр адамға Жасаған Иесінің жеңілдеткен, оң жамбасына келтірген, басқаларға қиын көрінген, бірақ тап саған оңайлатқан бір ісі бар. соны іздеу керек. іздегеннің бәрі таппас. бірақ тапқанның бәрі іздепті.
сен іздеген нәрсең сені де іздейді.

4 months, 2 weeks ago

бақыт деген…қолыңда барға қуанып, қолда жоққа қайғырмау.
байлық деген…қолда қалған ақша емес, қолыңнан шыққан садақаң.
жомарт деген…көп садақа беретін емес, аз болса да оңайлықпен беретін кісі.
ілім деген…”мен білем” деп мұрын шүйіру емес, білгеніңмен амал ету.
ықылас деген…күнәлі істі жақсы етіп көрсету емес, жақсы амалыңды күнәңдей жасыру. ниет деген…жақсыларды көре алмау емес, жақсылықты көрсетпей жасау.

?ой жүйрік қой…

4 months, 2 weeks ago

“елдің бәріне жағам деген кісі лидер болмайды. балмұздақ сатады”.
стив жобс көкө жөн айтыпты.
көп айтса көнетін, жұрт айтса бас шұлғитын, ақылдаспай, мақұлдасқыш келетін кісі көш бастамайды. оны Абай “единица болмаса, не болады өңкей нөл” деп ақжем болған алауыз ағайынды бірігуге үндейді.
?кемшілікті кім болса да байқағыш. оны түзету нағыз “единицалардың” ісі.

4 months, 3 weeks ago

шын жандылар – “жансыздар”. Аллаға қарсы шыққан қауымдарды асау толқынның астына көмген, жұтып тынған теңіз-сулар иләһи бұйырықты бұлжытпай орындаушы, дұшпан мен досты танушы “жандыларға” жатады. дәл сол теңіз-мұхит хазіреті Нұх пен Мұса пайғамбарға жар болды, құшағына алып, үстінде тасыды. теңіз танымы бұйрыққа бағынумен таразыланады. оны бұлжытпады да. Нәмрудтің жаққан жалыны хазіреті Ибраһим пайғамбар үшін гүлстанға айналып, жұпар шашты. от бұйрықты екі етпеді. демек от та Құдайы мен пайғамбарын таныған “жандылар” қатарында. ұшқан құс, жортқан аң, жайқалған гүл, атқан таң, батқан күн, тастан тартып тауға шейін өз зікірін қалтқысыз, мүлтіксіз, үздіксіз атқарады.
біз жансыз санайтын жаратылыстың, расында, өз бітім-болмысы, “жаны” бар. оны бас көзімен емес, көңіл көзімен көресің.

?түйін: нәпсі ноқтасын шешкендер тәннің түрмесінен құтылады. ішіп-жеу, қызық қуу, бос мақтан дегендей. ал іштегі кірін кетірген кісілер Жасаған Иесінің досына айналады. бәлекеттер оған бағына бастайды. маңай-төңірегін оған бағындырып қояды.

4 months, 3 weeks ago

бұрынғының дін ұстанғаны мұсылман еді. қазір оларды “діншіл” деп шеттетеді.

бұрынғының тіл мамандары тіл тазалығын дәріптеді, емле түзді, сөздік шығарды, газет басты. қазіргінің граммаршылары тіл-тіл деп алып, дінмен алысып кетті.

баласын орыс мектебіне беріп, блогын орысша жүргізгенімен шатағы жоқ кекірт кісілер тап тілге келгенде емешегі езіліп, “арабизацияның” жалауын желбіреткіш. онысы тіл сақтау емес, жүрегі қабылдамаған діннен сақтану ғана.
оның ар жағында мұсылмандық болмысты жатырқау жатады. оны және мойындамай арамтер. тілде несі бар ондайлардың әйтпесе. Германияда тұратын, қазақ тілін керек қылмайтын, орысша түс көріп, жапонша киініп, кәрісше өмір сүріп жүрген дөй даладағы біреудің дәл сол “машАлла деме”, “ифтар деме”, “Коран ғана оқи берме” деуі нағы екіжүзділік қой.

бұрын пәлен ғасыр бойы араб-парсы тілінде оқыған, қазақ зиялылары аударған жыр-дастан, қисса-хикаяларға қазрігі қоғам әлдебір “изациялардың” ноқтасын кигізгісі келеді.

ілгерінің ізгілері тілім-тілім болған тілін ойлап, жоба тауып, жол көрсетсе, кейінгілер “арабизация” деген желеумен ислами құндылықтарды тұншықтырып, тұқыртқысы келеді.

бұрынғының қазағы исламды атам діні, бабам ділі деп білсе. қазіргілер “арабқұлдану” құралы қып көрсеткісі келеді. бірақ ол туралы арабтардың хабары жоқ)

бұрынғының қазағы дінді қазық етсе, қазіргінің қазағы азық етті. материалдық құндылықтарды көбейтудің жолы етті. қай жерге барма, байлық, баю, ризық туралы әңгімеге ислами дәм беріп айтады. иманын арттыру емес, қалта қампайту тәрізді.
дінді дүнеуи мақсатқа жетудің қолжаулығы етуге әсте болмас.
ақыреттік ұғымдарды пәни, төменшік мақсатқа жығып бермеу лазым. әйтпесе дұғаны тек жағдай жақсарту үшін оқитын ұрпақ келеді. ешбір құлшылық пәни, пендеуи мақсатты діттемесе керек.
солай…

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated 3 days, 8 hours ago

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

? Канал - @maktubatkz
? Чат - @maktubatchat
? Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 2 months ago