𝗠𝘂𝘇𝗮𝗸𝗸𝗶𝗿𝗮🥀

Description
Артық білім кітапта...
Insta:https://instagram.com/__battalova__?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Advertising
We recommend to visit

Инсайдики

Last updated 1 неделя назад

в душноте, да не в обиде
*автор - Анастасия Паутова
**, for advertising questions - DM
https://instagram.com/llllllll1111llllllllll?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Last updated 1 месяц, 1 неделя назад

🔗 Ссылки:
Реклама ТГ ИН: https://telega.in/c/Fruzer228
ВК:https://vk.com/official_top4ik
Менеджер (Реклама): @nikshigo
Бот: @FruzerFeedbackBot


№ 4944150879

Last updated 3 дня, 10 часов назад

1 month, 2 weeks ago

Біз ұмытып кете беретін бір ақиқат бар. Алла барлығын Көріп, Білуші.

Қалағаныңды жаса, бірақ бәрінің есебі болады. Себебі, Раббыңның алдында жауап беретін күн келеді…

#өзімеескертпе

2 months, 1 week ago

“Адамның жүректен аяулы жері жоқ”.

Абай

2 months, 1 week ago

Ұйымдастырушы жақын танитын әпкем. Иорданияда 10 жылдан астам уақыт білім алған магистрант. Барлықтарыңызды қатысуға шақырамын! Білмейтін біраз дүниені біліп, көп пайда алып шығатындарыңыз анық! Пайдалы білімнен құр қалмаңыздар!

4 months ago

Лас, жеңіл дүние су астында ұзақ жатпайды. Түбі су бетіне қалқып шығады. Сол қалқып шыққаны судың тазалығын ластайды, сәнін құртады.

Өтірік те солай. Түбі өміріңіздің әсем бетіне қалқып шығады, әшкере болады. Себебі, өтірік те лас, жеңіл нәрсе. Сіз ойланбай, сол сәтте айта салуыңыз мүмкін, ол сізге жеңіл болуы ықтимал бірақ, соңғы жақсылыққа апармайды.

Себебі, ол ашылған кезде адамдар алдындағы тазалығыңызға дақ түсіп, сәніңіз құртылады. Ең бастысы, қадіріңіз кетіп, сенім жоғалады…

#таңғыой

4 months, 2 weeks ago

Әдеби кітап оқысам, түрлі ойдың тоғыз торабына түсіп, шытырман шатқалына шығып, кейіпкер өміріне күңіреніп кететінім бар.

Әдеби кітап сонысымен ұнайды. Кейіпкер өмірінен көп ой түйіп, сабақ алып, санаға тоқып, өзіңе түртіп аласың.

4 months, 2 weeks ago

Кейде жасыңа қосылған сандар емес, жаныңдағы адамдар, жанға түскен жаралар, денеге түскен дерттер, кірленген көңілдер, айтылмаған сөздер, сөнген сезімдер, сабырыңды сынар сынақтар сені бір-ақ сәтте есейтіп жібереді.

4 months, 2 weeks ago

Өмірдің кейбір сәттерінің көріністері мәнді-сәнді, құнды болмаса да, ұмытылмай есіңде сақталып қалады екен.

Несіп Қалымбетова «Тағдыр мен тағылым»

4 months, 3 weeks ago

الحمدلله على كل حال ?

5 months, 1 week ago

Менің жазбаларымды сағындыңыздар ма дееееп өзіме көп алсам)

5 months, 1 week ago

Өткенде бір танысым “Күйеуің екеуің ұрысасыңдар ма?” деп сұрап қалған еді. Күлдім)

Ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде болған соң, бізде де арасында ыдыс-аяқ сылдырлап тұратыны бар. Несін жасырайын? Өмірімізде бір рет ұрыспадық деген отбасы жоқ-ау.

Болмашыға баладай бұлданып, кішкентайға керісіп, сәл нәрсеге қыңырайып, әзіл сөзге томсырайып, көңіл бөл деп бұртиып, қырсықтықтың қырын көрсетіп қалатын сәт екеуімізде де болмайды емес, болааады.

Бірақ, соның бәрін айналып келіп “кешірім” деген дүние жабады, жояды. Отбасының сылдырлаған ыдысының дыбысын басып, қозғалған қабырғасын қалпына келтіретін де сол КЕШІРІМ болса керек-ті.

Тәкаппарланбай кешірім сұрап, кешіре біліп келе жатқанымызға бүгін тура 6 жыл болыпты. Аз да емес, көп те емес.

Алла кешірім сұрайтын емес, күліп еске алатын сәттерімізді көбейтсін, отағасым ❤️

We recommend to visit

Инсайдики

Last updated 1 неделя назад

в душноте, да не в обиде
*автор - Анастасия Паутова
**, for advertising questions - DM
https://instagram.com/llllllll1111llllllllll?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Last updated 1 месяц, 1 неделя назад

🔗 Ссылки:
Реклама ТГ ИН: https://telega.in/c/Fruzer228
ВК:https://vk.com/official_top4ik
Менеджер (Реклама): @nikshigo
Бот: @FruzerFeedbackBot


№ 4944150879

Last updated 3 дня, 10 часов назад