Байқуния манзумасы

Description
Бұл каналда Байқунияға байланысты пайдалы мағлұматтар шығатын болады. Алла Тағала бұл амалымызды пайдалы қылсын!
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

4 months, 3 weeks ago

Арабша кішігірім кітап таңдап, оны осы каналға аударма ретінде шығаруға ойларыңыз қандай?

Идеялар болатын болса:

t.me/anonaskbot?start=E8ldiag8g3xbvY2

6 months ago

عَنْ أَبِي عُبَيْدَةَ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ ، عَنْ أَبِيهِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:" التَّائِبُ مِنَ الذَّنْبِ، كَمَنْ لَا ذَنْبَ لَهُ"

Алла Елшісі ﷺ былай айтқан:
«Күнәсінен тәубе еткен кісі бейне бір күнәсі жоқ адам іспетті».

عَنْ أَنَسٍ،أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:"كُلُّ ابْنِ آدَمَ خَطَّاءٌ، وَخَيْرُ الْخَطَّائِينَ التَّوَّابُونَ".

Пайғамбарымыз ﷺ:«Бүкіл адам баласы қателеседі. Алайда, қателесетіндердің ең жақсысы — тәубе қылатындары!»

Раббымыз болған Алла! Бізді Өзің жараттың. Барынша берген уәделерімізге толық өтеуге тырысып жүрген пендеміз. Істеген амалдарымның жаманынан пана тілейміз. Берген нығметтеріңді әрі қылған күнәләрімізді де мойындаймыз. Сол үшін бізді кешіре гөр! Сенен басқа күнәні кешіретін ешкім жоқ.

6 months ago

«Пайғамбарымыздан ﷺ басқа бүкіл адамның сөздерінің арасында қабылданатыны да, қабылданбайтыны да бар!»

Бұл Абдулла ибн Аббас, Ато ибн Аби Рабах, Мужаһид, Малик ибн Анас секілді Ислам тарихындағы ең алып ғалымдардың айтқан сөздері.

[Ал-инсаф фи байан асбаб ал-ихтиляф, 52 б.]

6 months, 3 weeks ago

— Шейх Абдулла Сиражуддинның «Байқуния манзумасына» жазған шархынан кейін бастауыш оқушы не оқыса болады? «Нузһатун назар»-ды оқиды ма әлде Шейх Абдулмажид ат-Туркманидың «Мадхалын» оқыса болады ма?

— Иә, Шейх Абдулмажид ат-Туркманидың кітабын оқыса жақсы. Өйткені, мусталах кітаптары шафиғи мазһабы бойынша жазылған. Оның ішінде мурсал хадистер әлсіз деген секілді үкімдерді оқып, танысады. Ал бұл кітап арқылы оқушы ханафи мусталахын және оның шафиғилерден айырмашылығын табады. Әрине, Шейх Абдулла Сиражуддинның шархынан кейін бұл кітап біраз ауыр болуы мүмкін. Егер қатты ауырлық қылатын болса, онда ұстаз Байқунияны оқытып жатқан кезде ханафи мен шафиғилердің хадис іліміндегі мусталахтардың айырмашылығын аз-аздан түсіндіргені жөн.

Қазіргі кезде ханафи талибтардың өзі ханафи мусталахты білмегені себепті өздерінің мазһабтарының қуатты екендігіне аса қатты сене бермейді. Бұл өте қауіпті іс! Әр мазһабтың хадистерді әлсіздіктен сақтайтын өзіндік ережелері мен қағидалары бар. Талиб өзінің мазһабының қуатын білу үшін мазһабтың қағидаларын білу қажет.

Жауап берген: Шейх Муаффақ ал-Мурабиғ (Алла өміріне берекет берсін)

7 months, 2 weeks ago

«Канз ал-ъибад» және басқа да кітаптарда Салман ал-Фарисиден осындай хадис жеткен:
«Кім ораза айт күні және құрбан айт күні имам айт намазын оқып болғаннан кейін тағы 4 ракағат намаз оқып, 1 ракағатында «ал-Ағля» сүресін оқыса Құранды толық оқығандай сауап алады. 2 ракағатында «аш-Шамс» сүресін оқыса, күннің өз ұясынан шыққандай сауап жазылады. 3 ракағатында «ад-Духа» сүресін оқыса, бүкіл жетім баланы тойдырып, сусындырып, майын беріп, таза киім кигізгендей сауап беріледі. 4 ракағатында «Ықылас» сүресін оқыса, Алла Тағала оның бұрыңғы 50 жылдық және кейінгі 50 жылдық күнәсін кешіреді».

Хадисте айтылған сөйлемдердің өзі хадистың жалған екендігін көрсетеді. Бұл сөзді Пайғамбардың ﷺ сөзі деп айту адал іс емес! Бұл хадис — жалған!

[التعليق الممجد، ١/٦١٢،بتصرف يسير]

7 months, 3 weeks ago

Үзірлі адам істей алатын амалдар мен құлшылықтар

Айша анамыз шариғи үзір себепті кей қажылық амалдарын жасай алмаған кезде жылап қалды. Сөйтіп, Алла елшісі ﷺ оған:
—Ештеңе етпейді. Сенде бір адам баласысын. Алла Тағала басқа әйелдердің маңдайына жазған нәрсені сағанда жазды,-деген. (Бухари риуаяты)

Сол үшін, пенденің тағдырында не болса да, оған еш қайғымастан көну керек!

"Сахих Бұхари" кітабында Алла Елшісі ﷺ былай айтқан екен:
«Егер пенде ауырып қалса яки сапарға шықса (және сол себепті күнделікті жасап жүрген амалдарына шамасы жетпей қалса), Алла Тағала оған сапарға шықпай тұрып сау кезінде жасап жүрген амалдай сауап жазады.»

Үзірлі адам жасай алатын амалдар:
1-Тәпсір кітаптарын оқып, Құран аяттарын оқып, ойланып-толғану.
2-Құран тыңдау және мағыналарына үңілу.
3-Тасбих, тахмид, таһлил секілді жалпы ортақ зікір ету.
4-Хадистерде келген зікірлерді оқу. Бұндай зікірлерді әдетте мұсылман адам толығымен оқи алмайды. Алайда, үзірлі адам үшін бұл оңтайлы сәт. Бұны имам Науауиның «Азкар» атты кітабынан оқи алады.
5-Салауатты көп айту. Бұрыңғы ғалымдарымыз секілді салауатты көп айтатындар қайда?
6-Ғылыми программалар мен уағыздарды тыңдау (видео яки аудио болса да).
7-Білім алып, оны қайталау. Мысалы: тажуид, фиқһ және т.б.
8-Күнделікті өміріміз бен тәрбиемізге тығыз байланысты хадис кітаптарын оқу. Мысалы:«риядус салихин» (қаз. хадистер жинағы), Имам Бұхариның «ал-адаб ал-муфрад», Имам Тирмизинің «аш-шамаил ал-мухаммадия», Имам Ибн Хажардың «мухтасар ат-тарғиб уа ат-тарһиб» кітаптары.
9-Уағыз кітаптары және салиқалы кісілер мен ғалымдардың өмірбаяндарын оқу.
10-Күніге қайталанатын жиһад болып табылатын, сауабы мол үй жұмыстарын жасау.
11-Аллаға көп жалбарынып, дұға қылу.

Жазушы: Шейх Мухаммад Уаил ал-Ханбали

8 months ago

Абу ал-Мауаһиб аш-Шазили:
«Нағыз махаббат сопылық бағытындағы ғалымдардың айту бойынша — еріксіз тартымдылық».

Бір араб ақыны былай деген екен:
«Көзімді сенен басқаға әдейі қаратамын,
Қайта саған оралатынын біле тұра...
»

Жунейд бір күні махаббат жайлы сұралғанда:
«Жақсы көрілген кісінің сипаттары жақсы көрушінің сипаттарының орнына кіруі»

8 months, 1 week ago

Біздің бұрыңғы салиқалы ғалымдарымыз Құранның артықшылығын, оны оқуда үлкен сауап бар екендігін білді. Сол себепті, оны шариғаттың негізгі қайнар көзі әрі діни үкімдерінде Ата-заң ретінде көріп, Алланың сөзін жүректерін көктем секілді тірілтуші және күнделікті құлшылық қылып алған. Өз жүректерін Құран үшін ашып, аяттарына ой жүргізіп, ішінен түсінілетін ұлы мағыналарды өз жандарына сіңдіре алды. Осы арқылы Алла Тағала оларға бұл дүниеде барша әлемге үстемдік қылуды нәсіп етті. Ақыретте де олар үшін орасан зор дәрежелер бар.

Ал біз Құранға мән бермей дүниедегі де, діндегі де әлсіздікке жеттік...

Шейх Салих ал-Ғурси (حفظه الله)

9 months ago

وما أضفته إلى الأصحاب من قول وفعل فهو موقوف زكن Сахабаға жатқызған сөзің менен ісің, Мусталахта мауқуф деп танылған тұғын. ومرسل منه الصحابي سقط وقل غريب ما روى راو فقط Хадистен сахаба түсіп қалғаны мурсал болмақ, Ғарибтың айт, бір рауиның болатынын.

9 months, 1 week ago
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.