Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

shakirt_jazbalary

Description
Advertising
We recommend to visit

Aye Ne Win's views are presented here

Last updated 1 month, 1 week ago

Наш ЧАТ 👉🏻 https://t.me/+Y700lLLPmsE4ZGQy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Last updated 4 weeks, 1 day ago

4 weeks, 1 day ago

Ассаламуғалайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу баршаңызға !
Ораза айт мерекесіне жеткізген АЛЛАҺ Тағалаға мыңда бір шүкір!
Аллаһ Тағала халқымызға иманның байлығын, деннің саулығын және береке, ынтымақ берсін! Айттан айтқа аман есен жете берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Су апаттарынан зардап шеккен жұртымызға жеңілдік пен жәрдемін ұлы Аллаһ Тағала соңының қайырын берсін 🤲🤲🤲
Айт мерекесі мүбарәк, қабыл болсын.
Аллаһ Тағала рамазан айында ұстаған оразаларымызды намаздарымызды құлшылық - ғибадаттарымызды қабыл етсін. Қасиетті айда Алланың рахметіне бөленген тозақ отынан құтылған қадір түнін тауып күнәләрі кешірілген құлдырының қатарынан етсін.
🤲🤲🤲

4 weeks, 1 day ago

Құран айы бітсе де, Құранмен ұштасқан өмір кеудеден жан шыққанша бітпек емес…

4 weeks, 1 day ago

Қанша таңғы ас ішсек те сәресіндей береке жоқ, қанша кешкі ас ішсек те ауызашардай құны жоқ. Алланыңﷻ сауабы мен сыйын өзі беретін уақыт аяқталды. Рамазанның ең асыл мақсаты - тек қарынды емес оған қоса нәпсіні де аш қалдыру еді…

Біздің күнәміз көп, Алланыңﷻ мейірімі одан да көп. Ендігі бізге қалғаны, қасиетті аймен қимай қоштасу, аз амалға көп сауап сұрау, келесі Рамазанға аман жетуге дұға ету.

Қош бол Рамазан! “Келесі оразаны бұдан жақсы өткіземін” - деп айтатын сөзімді тағы қайталадым. Келесі жылы сенің келетінің анық. Ал, бізді саған Аллаﷻ амандықта жеткізсін.

Әр-Райян қақпасынан кіретіндердің тізімінде болмайынша, әр мұсылман тірі, аман болсын!
#қимаймын

2 months, 4 weeks ago

21 ғасыр ақпарат заманы. Әлеуметтік желіні аша қалсақ неше түрлі қызылды жасылды пайдалы дүниелерді алдыңа әкеледі. Әр түрлі саланың сан алуан тұстарын көріп аласың.

Алайда, қолдануға келгенде, ештеңе еске түспейді. Көргенде таң қалып, әсер аласың артынша ұмытасың. Керек кезде ойыңа оралмайды. Яғни, көрген ақпаратқа ойланып қорыту, санамызбен саралау қалып барады.

Әр нәрсені аз - аздан игеріп, жүйе мен тұрақтылықтан тайдық. Шала игерген білім, шамамызды шектеді. Барлығын білеміз, алайда бір нәрсені соңына дейін апаратын табандылық жоқ.

Кітап ашып оқығаннан, телефон алып шұқыған жанымызға жақын болып тұр. Бір сәт әсерге тәуелді болғанымыз қашан…

Шетелдегі жаңалықтардан хабардар болып, көршінің ахуалын білмейтін шамаға келдік…

Көретініміз көп, бірақ көңілге қонбайды.
Еститініміз көп, бірақ ескерілмейді.
Білетініміз көп, бірақ амалда көрінісі жоқ…

3 months ago

Адам боп туу Анадан, хайуан боп өлу өзіңнен

3 months ago

Кімді осы дүниеде қатты жақсы көрсек, қияметте анасы баласынан қашатын уақытта, жақсы көрген адамдарымыз жағамыздан алуы мүмкін. Құр жақсы көріп қана қоймай, ақыларын да беруді ұмытпайық…

5 months, 1 week ago

Кенеттен оқыс жағдайға тап болып, аяқ тайып не бір нәрсе тиіп кеткенде аузымыздан қандай сөз шығады, байқадық па?

Адам күтпеген жерден бір жерін ұрып не жырып жатқанда абайсыздан айтатын сөзі - оның шынайы бейнесі. Өзіңді содан - ақ танып аласың.

Кейбірулер қалай өмір сүрсеңде, кетеріңде кәлима айтсаң жекілікті деп ойлайды. Алайда артымыздан ит қуғанда ауыздан ерсі* сөздер шығып жатырса, өлім періштесі алдыңнан келіп көзіңе тура қарағанда, кәлима айту бұйырар ма екен?!

Аяққа тікен кіргенде ауыз былғанса, ажалдың оғы кіргенде Алланы ұлықтай алар ма екенбіз?!

“Сабыр - соққының алғашқы сәтінде” болса, көбімізде сабыр жоқ.

Әсіресе ер адамдар көлікпен жолда көп сыналамыз. Айтса ауызға, тыңдаса құлаққа сыймайтын сөздерді айтып, соңғы демімізде кәлимадан үміттіміз…

Кей тақуа мұсылманды көргенде шын қызығасың, қолынан тәспі, аузынан зікір түспейді. Сынақ келсе де Раббысынанﷻ кешірім сұрайды. Таяқтың тиген ұшына емес, себебіне қарап, кемшілікті өзінен іздейді. Сырты халықпен болса да, іші үнемі ХАҚпен байланыста.
Солардың қатарына бірге ұмтылуға шақырамын

5 months, 1 week ago

Ең ұлы 3 нәрсе:

  1. Жоқтықта садақа беру
  2. Оңашада күнә жасамау
  3. Жақсылығынан үміт артатын не қорқатын адамға ақиқатты айту

Имам Шафиғи (Алла рахым етсін)

5 months, 1 week ago

Жүйелі жамандық, жүйесіз жақсылықты озады

5 months, 2 weeks ago

**Шайтан мен нәпсі сенен ешқашан ғапыл болмайтынын біліп қана қоймай, сен де бәріне құдіретті Алла тағаланы зікір етуден ешқашан ғапыл қалмауға тырыс

Атаулла Ескендири**

We recommend to visit

Aye Ne Win's views are presented here

Last updated 1 month, 1 week ago

Наш ЧАТ 👉🏻 https://t.me/+Y700lLLPmsE4ZGQy

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Last updated 4 weeks, 1 day ago