Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

🇰🇿 Акимат города Шымкент

Description
Шымкент қаласының әкімдігің ресми Telegram - парақшасы

📱 https://instagram.com/akimat_shymkent?igshid=YmMyMTA2M2Y=
🔗 https://www.facebook.com/akimat.shymkent?mibextid=ZbWKwL
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 19 hours ago

1 day, 22 hours ago

ШЫМКЕНТТІКТЕР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

🔷 Шымкентте республикалық акцияның “Жасыл аймақ” апталығы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сонымен қатар аудан әкімдіктері, басқармалар мен қала тұрғындары да “Таза Қазақстан” акциясына белсене атсалысты.

🔷 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері сенбілікке шығып, әлеуметтік қызмет көрсеу орталығының маңын көгалдандырды. Әрі айналасына 100 түп ағаш отырғызды.

🔷 Ал, Абай ауданының әкімдігі мен тұрғындары ішкі орамдық көшелер мен магистральді көшелерде тазалық жұмысын жүргізді. Нәтижесінде аудан аумағынан 13 тонна қоқыс шығарылды.
Дін істері басқармасы және Тұран мен Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен тұрғындар мазарат маңын бей-берекет қоқыстан тазартып, 300 көшет екті. Шараға аудан тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері және 10 арнайы техника жұмылдырылды.

🔷 Қаратау аудан халқы да акциядан шет қалмады. 30 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында шөп ору және ағаш қырқу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мыңнан аса азамат 10 шақырымнан аса жол жиегін қоқыстан тазартты.
Әл-Фараби ауданында ақсақалдардан бастап жас еріктілерге дейін жалпы саны 2000-нан астам адам сенбілікке қатысты. Олар ирригациялық жүйелер мен көшелерді қоқыстар тазартып, шөп қырқу, ағаш әктеу жұмыстарын жүргізді.

🔷 Қала әкімі барша тұрғындарды республикалық акцияға белсене қатысуға шақырды. Акция тағы екі апта бойы жалғасады. Таза Қазақстан-таза қаладан, ал таза қала-таза ауладан басталады. Демек, әрбір азамат шараға өз үлесін қосуы тиіс.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

1 day, 22 hours ago
🇰🇿 Акимат города Шымкент
2 days, 3 hours ago

ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ

🔷 Инженерлік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, халықты сумен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету мәселелері Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің жеке бақылауында.

🔷 Қазіргі уақытта қалада "3-Энергоорталық" АҚ қазандығынан жылу энергиясы мен ыстық су алатын 238 үйдің тұрғындары 2015 жылдан бастап жазғы уақытта ыстық суға қол жеткізе алмай отыр.

🔷 Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша осы тұрғын үйлерді жыл бойына ыстық сумен қамтамасыз ету үшін ҚР-3 жергілікті қазандығы мен құбыр байламы жаңғыртылды.

🔷 Бұл жұмыстар жуық арада Теріскей, Сайрам, Күншығыс, Отырар және 18- шағынаудандарында тұратын 178 үйдің тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
____________________
В ШЫМКЕНТЕ 238 ЖИЛЫХ ДОМОВ ПОДКЛЮЧАТ К ГОРЯЧЕЙ ВОДЕ

🔷 Вопросы развития инженерной инфраструктуры, в том числе обеспечение населения водой, электроэнергией и теплоснабжением находятся на личном контроле акима города Шымкент.
В настоящее время в городе жители 238 жилых домов, получающих тепловую энергию и горячую воду от котельной АО «3-Энергоорталык», с 2015 года не имеют доступа к горячей воде в летнее время.
По поручению главы мегаполиса была проведена модернизация локальной котельной РК-3 и трубопроводной обвязки для обеспечения данных жилых домов горячим водоснабжением круглогодично.

🔷 В ближайшее время жители 178 жилых домов, проживающие в микрорайонах «Теріскей», «Сайрам», «Күншығыс», «Отырар» и в 18 микрорайоне, будут обеспечены горячей водой.
Кроме того, после завершения реконструкции внутриквартальных тепловых сетей, планируется подача горячей воды жителям еще 60 жилых домов, расположенных в микрорайоне «Нижний Отырар» - 23 дома, «Верхний Отырар» - 30 домов, по улице Адырбекова - 1 дом , по Рыскулова - 5 домов и по Верещагина - 1 дом.
Подача горячей воды будет произведена в самое ближайшее время.

Пресс-служба акима города Шымкент

2 months ago

ҚОШҚАР-АТА ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН АБАТТАНДЫРУ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновациялау бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын бақылады.

🔷 Бозарықтағы көппәтерлі құрылыс алаңын аралау кезінде қала әкімі 9 қабатты 2 үйдің эскизін қарап, компания басшыларына бірқатар ұсынысын айтты. Ал тұрғындардың келісімімен салынып жатқан Безделеев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін толық аяқтауды міндеттеді.

🔷 Сондай-ақ Ә. Молдағұлова атындағы № 29 жалпы орта білім беретін мектептің мәселесі қарастырылды. Мұнда 1400-ден аса оқушы білім алуда. Бүгінде 1964 жылы салынған мекемеде орын тапшылығы сезілуде. Мәселенің мән-жайын білген қала әкімі 600 орындық қосымша ғимарат салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, тозығы жеткен Молдағұлова ескерткішін қалпына келтіруді тапсырды.

🔷 Аралау барысында Қошқар-ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары пысықталды. Ғабит Әбдімәжитұлы инвесторлардың эскиздік жобасымен танысып, нақты шешім шығару үшін қоғамдық тыңдау жүргізуді жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
_____________________
В ШЫМКЕНТЕ ПРОЙДУТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ СЛУШАНИЯ ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ НАБЕРЕЖНОЙ РЕКИ КОШКАР-АТА

🔷 Аким города Габит Сыздыкбеков проинспектировал ход строительных работ, проводимых в рамках программы реновации на объектах в микрорайоне Бозарык. Ознакомившись с эскизом двух 9-этажных домов, он озвучил ряд предложений руководителям компаний. Глава города также поручил качественно и в срок завершить все работы на территории жилых комплексов по улице Безделеева.

🔷 Кроме того, были обсуждены проблемные вопросы средней общеобразовательной школы № 29 им. Алии Молдагуловой. На сегодняшний день в образовательном учреждении, построенном в 1964 году, ощущается нехватка мест. В свою очередь, аким города сообщил, что будет построена пристройка на 600 мест. Помимо этого, Габит Сыздыкбеков поручил отреставрировать памятник Алие Молдагуловой.

🔷 Во время рабочего объезда акиму города презентовали эскизный проект по благоустройству набережной реки Кошкар-ата. В ходе обсуждения он поручил провести общественные слушания для принятия конкретных решений.

Пресс-служба акима города Шымкент

2 months ago
🇰🇿 Акимат города Шымкент
2 months ago
🇰🇿 Акимат города Шымкент
2 months, 1 week ago

🔷 Болат блюм шығаратын «Shymkent Temir» зауыты қаладағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорын 2018 жылы іске қосылды. Жалпы аумағы – 21 гектар. Бүгінде өндіріс ошағында 500 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыт жылына 250 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы.

🔷 Өндірістік орында арматура, түрлі металл бөлшектері шығарылады. Мұнда жартылай дайын өнімдер 40 тонналық индукциялық пеш, өңдеу құрылғысы жəне үш ағынды үздіксіз құю машиналарында дайындалады.

🔷 Кәсіпорын аумағында тұйықталған темір жол, газ тазалау қондырғысы бар. Сонымен қатар, электр желісі мен су құбыры тартылған. Өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына барлық жағдай жасалған.

🔷 Зауыттың өнімі көршілес Өзбекстан еліне экспортталуда. Ал елімізде Қостанай қаласына тасымалданып жатыр.
______________________________________
🔷 Завод «Shymkent Temir», выпускающий стальные блюмы, расположен в индустриальной зоне «Оңтүстік». Предприятие было запущено в 2018 году, его общая площадь составляет 21 га. Завод способен производить 250 тыс. тонн продукции в год. На сегодняшний день здесь работают 500 человек.

🔷 В цехах предприятия изготавливают арматуру и различные металлические детали. Для изготовления продукции используют 40-тонную индукционную печь, и трехпоточные машины непрерывного литья.

🔷 На территории предприятия имеется закрытая железная дорога, газоочистная установка, подведены линии электропередач и водопровод. На производственной площадке созданы все условия для полной реализации проекта. Продукцию завода поставляют в Костанай и экспортируют в соседний Узбекистан.

2 months, 1 week ago

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті жеке қабылдауында 40-тан аса азаматтың түрлі салаға қатысты өтініштерін қарастырды. Сондай -ақ прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

🔷 Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
_____________________________________
БОЛЕЕ 300 ОБРАЩЕНИЙ РАССМОТРЕНЫ НА ЛИЧНОМ ПРИЁМЕ ГРАЖДАН

🔷 В акимате Шымкента сегодня прошел очередной приём граждан. Вопросы, с которыми более 40 жителей, пришедшие на прием к акиму, касались различных сфер жизнедеятельности Шымкента. Габит Сыздыкбеков лично выслушал каждый поднятый вопрос и дал соответствующие поручения ответственным лицам.
Кроме того, представители прокуратуры, полиции, заместители акима, акимы районов и руководители управлений города ознакомились с обращениями граждан и рассмотрели пути их решения. Вопросы, требующие дополнительного рассмотрения, взяты на контроль.

🔷 Пришедшие на личный прием, высказали свои пожелания в различных сферах. Среди них ЖКХ, земельные вопросы, дороги и инфраструктуры, здравоохранение, социальная защита.
Подводя итоги, глава города отметил, что без внимания не останется ни один вопрос и обратная связь будет предоставлена каждому обратившемуся жителю города. Все вопросы будут решаться в соответствии с законодательством.

Пресс-служба акима города Шымкент

2 months, 1 week ago

ШЫМКЕНТТЕ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында Ел біріншілігі басталды. Сайыстың ашылу салтанаты барысында қалалық Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Мұрат Бұзауов қатысушыларға сәттілік тіледі.

🔷 Аталған дүбірлі додада еліміздің 11 өңірінен 281 мерген бақ сынайды. Бағдарлама бойынша спортшылар 17 ақпан күні 25 метр, 18 ақпан күні 18 метрден нысананы көздейді. Ал 19 ақпан күні олимпиадалық және 20 ақпан күні командалық сайыс өтеді.

🔷 Жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылып отырған Ел біріншілігінде үшінші мегаполистен 68 спортшы бәсекеге түседі.

🔷 Айта кетейік, финалдық ойындарға 21 ақпан күні старт беріліп, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

__________________________________

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ ЧЕМПИОНАТ КАЗАХСТАНА ПО СТРЕЛЬБЕ ИЗ ЛУКА

🔷 В Шымкенте стартовало первенство страны по стрельбе из лука среди юношей. В ходе церемонии открытия директор городской комплексной школы высшего спортивного мастерства Мурат Бузауов пожелал участникам удачи.

🔷 В этом турнире примут участие 281 спортсмен - лучник из 11 регионов страны. Согласно программе, 17 февраля выявят сильнейших на дистанции 25 метров, 18 февраля - 18 метров. 19 февраля пройдут Олимпийские, а 20 февраля командные соревнования. В легкоатлетическом спортивном комплексе третий мегаполис страны представят 68 спортсменов. Отметим, что финальные игры пройдут 21 февраля, в тот же день состоится торжественная церемония закрытия.

Пресс-служба акима города Шымкент

2 months, 3 weeks ago

ХАБАРЛАНДЫРУ

🔷 Құрметті тұрғындар!

🔷 Қала аумағында 2024 жылдың 8-9 ақпан аралығында «Көктем–2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылады.

🔷 8 ақпан сағат 12:55-те жалпықалалық ДАБЫЛ іске қосылады.

🔷 Дабыл кезінде түсіністік танытып, тыныштық сақтауға, үрейге жол бермеуге шақырамыз!
_____________________
ОБЪЯВЛЕНИЕ

🔷 Уважаемые жители!

🔷 С 8 по 9 февраля 2024 года на территории города будут проводиться республиканские командно-штабные учения "Көктем-2024".
8 февраля 12:55 будет запущена общегородская СИРЕНА.

🔷 Призываем отнестись с пониманием, сохранять спокойствие и не паниковать во время тревоги!

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 1 week ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 19 hours ago