QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 3 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 months, 3 weeks ago
ВЕЛОЖОЛДА АВТОКӨЛІКПЕН ЖҮРГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ
🔷 Шымкент қаласында жеңіл автокөлік тізгіндеген жүргізуші велосипедке арналған жолақпен жүргені үшін заң аясында жауапқа тартылды.
🔷 Оқиға қазан айының 23-і күні орын алған. Жүргізуші Toyata Camry маркалы автокөлігімен балалар теміржол вокзалының орнына салынған серуендеу аймағынан жүріп өткен. Бұл тек жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол. Автокөлік жүруіне тыйым салынған. Полиция қызметкерлері заңбұзушыға қатысты хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.
🔷 Сот шешімі бойынша азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабы, 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
🔷 Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі.
🔷 «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
-Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы;
− ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
− өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
− өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы;
− өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;
− тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы.
🏠Пәтер саны – 900.
1 бөлмелі – 238
2 бөлмелі – 412
3 бөлмелі – 250
Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан.
🔷 Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.
📌Конкурстан өткен азаматтарға пәтерлер 3жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз беріледі. Сондай ақ тұрғын үй кезегінде тұрған жағдайда кезектен шығарылады.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 16 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ 28 ЖЕДЕЛ САТЫ (ЛИФТ) ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ.
🔷 Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйде, 29 жедел саты (лифт) қондырғылары ауыстыру жоспарланға. Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын үйдің 22 жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпқабатты тұрғын үйге 6 жедел сатыны (лифт) ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады.
🔷 Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді.
🔷 Айта кетейік Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жедел саты (лифт) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.
ШЫМКЕНТТЕ САТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫЛМАЙТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
🔷 Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы сатып алу үшін ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жасады. Бұл тұрғын үй кешендері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқтығына және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауына байланысты ұсынылмайды.
🔷 Абай ауданы:
1. “РАМАДАН” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3195/1 учаске
2. “BAQSARAI” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3203 учаске
🔷 Әл-Фараби ауданы:
3. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Күншығыс” шағынауданы, Жібек Жолы даңғылы, 63
🔷 Тұран ауданы:
4. “AVENUE-32” ТК – Н.Төрекұлов көшесі, 4/3
5. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Отырар” шағынауданы, М.Дулати көшесі, 206А
🔷 Сонымен қатар, “Шымкент Сити” шағынауданында орналасқан “DAMDES-OTAU” тұрғын үй кешені, 10 және 15А учаскелері бойынша пәтер иелерінен тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр.
🔷 Құжаттардың бар-жоғын тексеру үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады.
Байланыс нөмірі: 8 747 430 16 03.
ҚАРАТӨБЕ ТҰРҒЫН АЛАБЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ
🔷 Шымкентте халықты табиғи газбен қамту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Қаратөбе тұрғын алабы көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге газды іске қосу шарасына қатысты.
🔷 Мегаполис басшысы азаматтармен кездесу кезінде әрбір елдімекеннің газдандырылуы экологиялық тұрақты орта құру және қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сондай-ақ, газды пайдалануда сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
🔷 Бұған дейін халық тұрмыста сұйытылған газ, көмір және отын пайдаланып келді. Бұл халық үшін едәуір қиындық туғызған әрі адам өмірі үшін де қауіпті. Енді көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындардың жылыту шығындары да азаяды.
🔷 Айта кетейік, газдандыру жұмысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Қазіргі таңда 62 абонент газға қосылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ЕСІЛ КӨШЕСІ БОЙЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
🔷 Әл-Фараби ауданында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес демалыс алаңы ашылды. Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақтағы қоғамдық орын бүгін пайдалануға берілді.
🔷 Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
🔷 Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, орындық, қоқыс жәшігі, пергола, жарықшам бағаналары және декоративті тастар орнатылды.
🔷 Бұл аумақта 10-нан астам көбқабатты үй мен 500-ден астам жеке тұрғын үй шоғырланған. Шамамен 2000-нан астам тұрғын бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР 38 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ӨТЕЛДІ
🔷 Қазір мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Бұл ретте қолайлы орта үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтардың маңызы зор.
🔷 Шымкентте қазір 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4 614 адам – бірінші топ, 15 455 адам – екінші топ, 13 505 адам – үшінші топ және 18 жасқа дейінгі 7 970 бала бар.
🔷 Ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдардың қажетті құрылғысы үшін 45 681 өтінім түсіп, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді. Протездік-ортопедиялық көмек құралы үшін 8 203 өтінім қабылданып, 6 147 құрал үлестірілді. Сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім түсіп, 19 012 ерекше жанның қажеттілігі өтелді. Ал, тірек-қимыл функциясында бұзылысы бар азаматтарға арналған қоларба құралына 1 347 өтінім қабылданып, 1 197 адамға арнайы арба берілді.
🔷 Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 901 азамат мұқтаж болса, жыл басынан бері 2 863 адамға қызмет көрсетілген. Шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адамға жолдама берілді.
🔷 Мүгедектігі бар адамдар мұндай қажетті құралдарды әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беріп ала алады. Бәйтереков 89 мекенжайында басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ҚАБЫЛДАУ: 200-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ
🔷 Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау кезінде негізінен, тұрғындар әлеуметтік қамтамасыз ету, баспана, жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, білім беру салаларына қатысты, қаланы абаттандыру, жолдарды асфальттеу және заңсыз құрылыс нысандары туралы сұрақтар қаралды.
🔷 Қала әкімі, орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері шамамен 200 тұрғынды қабылдады. Қала басшысы жауаптыларға өзекті мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
____________________________________
ПРИЁМ ГРАЖДАН: ОБРАЩЕНИЯ БОЛЕЕ 200 ГРАЖДАН РАССМОТРЕЛИ В АКИМАТЕ ШЫМКЕНТА
🔷 Сегодня в акимате города Шымкент прошёл очередной приём граждан. По сложившейся традиции он проводится в первую среду каждого месяца.
🔷 Во время приема в основном горожане поднимали вопросы социального обеспечения, предоставления жилья, узаконения земельных участков. Кроме того, были рассмотрены вопросы, касающиеся сферы ЖКХ, предпринимательства, образования, а также благоустройства города, асфальтирования дорог и незаконного строительства объектов.
🔷 В целом, в течение дня аким города, а также его заместители, руководители управлений и акимы районов приняли порядка 200 человек. Глава мегаполиса поручил ответственным лицам принять во внимание предложения и пожелания граждан при решении вопросов и обращений.
Пресс-служба акима города Шымкент
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ
🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді. Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген.
🔷 Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.
🔷 Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% - көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% - ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.
🔷 Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
QARMET – ресми арнасы
Барлық сұрақтарды @Qarmet_bot жолдауыңызға болады
Официальный канал QARMET
Все вопросы можете отправлять в телеграмм бот @Qarmet_bot
Last updated 2 months, 3 weeks ago
ҚР Кәмбағаллықты қысқартыў ҳәм бәнтлик министрлигиниң рәсмий каналы
Last updated 2 months ago
Last updated 2 months, 3 weeks ago