Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Біздегі уақыт 05:42.
Жүрекшені кім басты екен? Ерте ояныпты:)
Баршаңа қайырлы таң!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Телегтегі 700 жазылушы тт-дағы 70мың жазылушы дегендей, мен сендерді жақсы көремін!
?Осы жазда оқыған кітаптарыма шолу:⤵️
? Тарихи кітаптардан:
? Бекмаханов 1 том
Қазақтың ұлы тарихшысы Е. Бекмахановтың тарих ғыламы үшін күрескен сол аласапыран заманды көрсететін А.М. Панкратова хаттары да жарияланған.
Кітап – тарихшы мамандарға, оқытушыларға, аспиранттар мен студенттерге, сонымен қатар Қазақстан тарихына қызығатын қалың оқырман қауымға арналады.
? І. Сариев, М. Омаров “Ойрандалған адай даласы”
Маңғыстаудағы отызыншы жылдары болған қанды қырғынның «ВЧК, ОГПУ, НКВД» сияқты айбарлы мекемелердің халықтан жасырып, құпиялап келген құжаттары, айтылмаған шындықты жариялау негізінде жазылған.
? Детектив жанрынан тек Агата Кристиді ғана оқыппын.
? Агата Кристи “Ночь без конца”, “Шығыс экспресіндегі өлім”. Бұлар туралы осында.
? Шетел әдебиеті:
? Ш. Айтматов “Ақ кеме”
? А. Камю “Бөгде”“Бүгін анам дүние салыпты. Кім білсін, бәлкім, кеше қайтыс болған шығар” дегеннен сөйлемінен-ақ қызығушылығым артты.
Камюдің өзі – “Бақыттың ешқандай формуласы жоқ, адам мәні жоқ өмірден мән іздеп өтеді” – деген. Камюдің шығармашылығымен таныс болмасаңыз осыдан бастасаңыз да болады.
? Ф. Кафка “Құбылу”
Классика! Маған ұнады, оқырмандарға ой саларлықтай шығарма, оқуға ұсынамын.
? Гёте “Фауст”
Әлемдік әдебиетте Гётенің шығармашылғын Пушкин, Шекспир, Бальзакпен салыстырады. Шығарма жай абстрактілі философияға негізделмеген, оқырмандар эстетикалық жағын бірден көре алады, қызықты әрі әдемі пьеса.
? А. Баймуханбетов “Тастамашы ана”
? Қазақ әдебиетінен:
? Ұ. Нұрғалымұлы “Дайағашы”
Өте жақсы, қызықты кітап.
Өзі айтып тұрғандай – “Көшпенділер өмірін көзімен көрген қазақтың әңгімелері”. Нағыз қазақылықтың иісі аңқитын кітап дер едім.
? Б. Мұқай “Өмірзая”
Аяғанның басынан өткен оқиғаларды суреттей отырып, сол кездегі қоғамдық ортаны, тағдыры тәлкекке түскен ұлт қасіретін, халықтың аянышты жағдайын жайып салған шығарма болды.
? М.Әбдіраманхан “Белгісіз” & “ұлы”, егіз кітабы
Жанға рухани дем беретін, ерекше дизайндағы кітап.
? Б. Майлин “Шұғаның белгісі”
Б. Майлиннің проза жанрындағы алғашқы төл туындысы, хикаяттар жинағы.
?Пы./Сы.: Әрі қарай жазуға еріндім. Сендер де 50 реакция жинай қоймадыңдар. Сондықтан осыған қа-на-ғат.?
?Алдағы күзде оқитын кітаптарыммен бөлісейін.⤵️
?Тарихи:
?Фель Н. «Русия һәм көшпелілер»;
?Бекмаханов;
?Карутц Р. «Қазақтар мен түрікмендер».
?Шетел әдебиетінен:
?Х. Хоссейни «Батпырауық қуған бала», «Таудағы жаңғырық»;
?М. Пьюзо «Өкіл әке»;
?Ш. Айтматов «Жан пида», «Қызыл алма».
?Фантастикадан:
?С. Коллинз «Аштық ойындары».
?Күзде көретін сүйікті фильмдер мен сериалдарым:
?Джентельмены;
?Достать ножи;
?Зеленая книга;
?Простая услуга;
?Век Адалин;
?Осень в Нью-Йорке;
?Амели;
?Общество мёртвых поэтов;
?Матилда;
?Дневники вампира;
?Шерлок;
?Сплетница;
?Сверхъестественное;
?Энн с двумя Н;
?Волчонок.
*Кітабын баспагерлер жиырма рет қабылдамай қойған жазушы-Уильям Джеральд Голдинг қырық жылдық әдеби мансабында 12 роман жазған.
XX ғасырдағы әлемдік әдебиеттің ең көрнекті туындыларының бірі-“Шыбындар әміршісі/Повелитель мух” туралы айтайық, осы шығармасы оны әлемге танымал етті.
Алғашында кітап аты “Іштен шыққан бейтаныстар” деген атаумен шыққан.
Кітабын баспагерлер жиырма рет қабылдамай қояды, ақыры кітап атауы өзгергеннен кейін жарыққа шыққасын Уильям Голдинг бұл кітабын жек көріп кетеді. Голдингтің жеке басына келсек, екінші дүниежүзілік соғысқа барып келіп, қарапайым мұғалім болған.
1983 жылы Нобель алса, бес жылдық кейін Елизавета патшайым “рыцарь” титулын берді.
“Шыбындар әміршісін” оқымай тұрып, бала кезімде экранизациясын қараған едім, ол кезде көп мән бермейтін едім.
Адам бойында болатын хайуани принциптер мен болмыстың хаосымен күресу үшін ақыл мен интеллектің маңыздылығын көрсетеді.
Жанры-антиутопия, тілі жеңіл оқуға ұсынамын.*#кітапжәнемен
Әдемі реакциялар қосып қойдым, баспаңдар ал.
Жүгіру, марафон дегенде қай жазушы естеріңізге түседі?
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago