сотрудничество / реклама - @mekhronapr 📩 [ основной ]
доп рекламный аккаунт - @Kseniaa_LL
Last updated 1 month ago
Last updated 1 week ago
Сені жерлеп келген адамдардың палаудың дәмді немесе тұзы аз екенін айтуын, ең жақын болған сүйіктіңнің де көңілдес табытынын - өлмей тұрып ойлап, несіне уайымдайсың? Мұның барлығы табиғи емес пе?
сені айналаңда сан түрлі етіп көретін адамдар өміріңді қызығырақ етеді, иә?
сан түрлілікті екіжүзділік деп қабылдайтындар ше?
әрқайсының көзінде әртүрлі бейнеде өмір сүресің және олар сенің бейнеңнен өзіне қажетті қасиетті ғана көретін сияқты, әрі олар сенің сондай екеніңе сенгілері келетіні тағы бар, тіпті жылдар бойы сол ойымен жадыларында сақталып қаласың, бір күні ойларын өзгертуге себеп тауып берсең, қиялдарында өздері құрастырған мозаикасының күл-талқанын шығарасың, алайда олар өздеріне таныс, ыңғайлы көрінген бейнені сақтап қалуға тырысады, себебі ойды өзгерту қиын ғой, мидың өзінде қалыптасқан әдеттерге қарсы шығу, бұрынғы түсініктерді бұзу — күрделі процесс екені айтпасам да белгілі, сөйтіп олардың тағы да басын айналдырасың, адам бойындағы сан қырлы бейнелердің жалғыз шынайы нұсқасы жоқ, бір адамның осыншама көп бейнеге, әралуандылыққа ие болуы өмірдің байлығы шығар, сондықтан бұл бейнелерді екіжүзділікпен шатастыруға болмайды, осының ара-жігін айырып білу керек.
айтпақшы, төбеге Әуезов театры гастрольдік сапармен келе жатыр, 2-6 қазан аралығында “Қыз Жібек”, “Мәңгілік бала бейне”, “Сыған серенадасы”, “Бес бойдаққа бір той”спектакльдері сахналанады екен, өзім “Қарагөз” қойылымына билет алдым, билеттер әлі де сатылымда бар болу керек, театрда жүздесейік, жолдастар.
Және тағы қоса айтатын нәрсе Әбіш ағамның лақапаты болған екен. Оны жұрт Таған деп атаған.
Және мүрдесі ұлттық пантеонға жерленген екен. Астанаға жол түсіп жатса, зиярат етіп қайтуды мақсат еттім.
Әбіш аға саясатқа араласқалы бері, ішін тырнайтын үлкен өкінішін айтқан: “Үркер” мен “Елең-алаң”-ның үшінші томы “Таң сәрі” деген романым аяқсыз қалып отыр, материалын дайындап қойып ем, соған кірісемін деп жүргенде, жаза алмай қалдым, бүгінгі өмірді қаузайтын, бүгінгі өмірдің шындығын айтатын “Курорт комедиясы” деген романымда бітпей отыр және 7 том “Біз” деген тарихи баяндамамның материалы дайын болса да жазылмай отыр, осы шығармаларыма кірісе алмай өкініште кетіп бара жатырмын деген екен.
Әбіш ағам қоғам ісіне тым қатты белсене араласпағанда, бәлки, қаламын ұштап, біраз романдары жарыққа шығар ма еді..?
Әбіш ағамның шыңырауын оқып ем. Деректі фильм де шыңырауды Төлен Әбдіков жақсылап талдайды. Сонда тұрып астарынан осындай философияны алып шығады:
Адам өзінің пайдалылық потенциалының сарқылатын шегіне дейін жұмыс жасауы керек. Шегін білу керек. Шегінен аспау керек. Сол шегінен асқан жақсылықтың өзі - жамандыққа ұшыратады. Шегінен асқан жақсылықтың өзі - ізгілік болмай, зұлымдыққа айналып кетеді.
саған айтар бір ақылым, тек көзіңдегі жарығыңды жоғалтпа.
/шешемнің хатынан?
өскенде андай әйел болатын сияқтымын, күйеуін өліп мақтай беретін, аузынан күйеуі бір түспейтін, бірдеңе алсам, муж купил деп жаңағы.???????
мына жаздың ауасы маған сондай қатты ұнап жүр.✨
әлі де сағынам❤️?
сотрудничество / реклама - @mekhronapr 📩 [ основной ]
доп рекламный аккаунт - @Kseniaa_LL
Last updated 1 month ago
Last updated 1 week ago