Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Аспан шетіндегі кездесу

Description
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 10 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 3 hours ago

2 months, 1 week ago

АУДАРМА: “Годоны күтетін”, “Огайо экспромтын жазатын” , “Жалғыз күнә - туған күнә” дей алатын сэр СЭМЮЭЛ БЕККЕТТЕН.

Кішкентай ТҮС

таусылып баста
дәл осы әдемі қалпыңда
бұрын-соңды таусылмағандай
маңызды емес не айтылса да
қайда болса да
қашан болса да

ҚАЛАМҰШ

Найзағай ойнады тауда
Ақырзаман деп ойладық біздер
Шыңырауда тұрған
алып тастар
Қаламұшқа келіп тоқтады

Бұрын ешқашан бармаған жерге бар
Әдеттегіден ерте емес
Қайда болса да бұрын бармаған жерге
Әдеттегіден ерте емес

АВТОБУС

Жылы автобус
Жаңбырлы жолда кетіп барады
Құмырсқалардан қорғанып ақталған
ағаштар арасынан өтіп барады
Жаздың аяқталғаны жайлы
Цой хабарлады
Алмалар төгілді автобус жолына

ОЛАЙ ЕМЕС

Мен өзім тұрған кеңістікті жақсы білемін
Оның өлшемдерін білемін
Мен білемін
жылдың түрлі мезгілдерінде
оның неге ұқсайтынын
Ол да мен туралы жақсы білетін сынды еді
Кенеттен түсіндім
Олай емес екенін

ЭХО

Дем шығару
Дем алу

МАЗАСЫЗДЫҚ

Көл жағалауына дейін -
жүз қырық миль
екі ит жолға шықты
жаңбырды күтіп алайын деп

ҚАЙШЫ

Оның есімі Барт
Ол он тоғыз жасында
«Соғыс пен бейбітшілікті» қайтара оқыды
және не туралы екенін түсінді
екі жылдан бері кофе ішпейді
құлағына бірде-бір рет су кірген емес
ол жұмыс кезінде үнемі ақ көйлек киеді
қайшыны ашады
секундтың оннан екі бөлігінде
180 градусқа айналдырады
(Оның сағаты бар)
мұны қайталап көруші болма

БАЯУ РАУШАН

Күлтеріне жеткен
әрбір зиян үшін -
Олар маған айтты:
дәл жүректің бүршігі сынды
жаралымыз деп

Ол жүрек қайда?
айталық осында
бірақ оның түсін
ешкім білмейді

МІНСІЗДІК

үш есім тізбегіне
мінсіздік жасырынған
Бірі -
қасірет сыйлаушы
Бірі -
Қас дұшпан
үшіншісін естімей тұрып
барлығы «иә» деп жауап берді

2 months, 2 weeks ago

Өзін алдаған адам

Өзін жерлеу рәсіміне келіп тұрған адамға ұқсайды мезгіл,
Ештеңе ұқтырып болмайды оған.
«Күн суық өлкелерде адамдар мейірімді болады» дейді әкем,
Ал мен қоңыржай белдеуде де тоңам.

Беймезгіл Күн шыға келеді аязды күні
Өз-өзін іздеп жүргендей Жоқтан
Көктемге ертерек жетсек деп тілейміз біздер.
Күнтізбеде әлі де ақпан.

Айнада өзімнің кескінім өзімнен бөлек ойларға шомады,
«Сен өзі күтіп жүрсің деп кімді?»
Біз неге есіктің тұтқасына қарайлай береді екенбіз,
Есіктен әлдекім кіріп келетін сынды.

Неліктен қорқады екенбіз есікті әлдекім қақса,
Есіктің артында шынайы өзіміз сынды келген.
Өтіп жатқан өмірімізге сырттай көз салып тұра бере ме екенбіз,
«Осы көктемде бәрі жақсы болады деумен».

4 months ago

«Менің себебім - сенсің»

Ең аяулыға…

Аяғыма балғамен ұрған сайын,
сенің атыңды қайталай беріппін.
Олар көбірек ұрды аяғыма,
Мен қуандым. Себебі:
сенің атыңды көбірек тілге алдым.

4 months ago

Аударма: сүйікті УИЛЬЯМ БАТЛЕР ЙЕЙТСТЕН.

СЕН БЕРГЕН АНТЫҢДА ТҰРМАҒАН КЕЗДЕ

Сен берген антыңда тұрмаған кезде
Мен өзіме өзге құрбылар таптым.
Бірақ зұлымдық мені шағып қорқытса,
Бірақ ұйқы өзінің тәтті шеңберін жапса,
Бірақ тағы да қарғыс атқан шарапты ішсем, -
Мен тек сенің жүзіңді көрдім.

ИННИСФРИ КӨЛДІ АРАЛЫ

Бір күні оянып, Иннисфри аралына қарай жолға шығамын
Қызыл балшық пен жүзім ағашынан үй тұрғызып, үстел жасаймын.
Атбас бұршақтар отырғызамын аулама үш қатарлы етіп
Сосын жалғыз ғұмыр кешемін, бал араларына құлағым тосып.

Сонда маған тыныштығым келеді, боз жаңбыр секілді баяу
Таң шымылдығын көтере бере көл бетін билетіп тұрар.
Ол жақтың түсі – күлгін, түн жарымы – күмістей бояу
Кешкісін алқызыл торғайы әніне салар.

Оянған сәтте, мені шақырған сапарға аттанамын онда
Күндіз де, түнде де шалғайдағы жағаларда тыныштық мүлгір.
Көшелердің сұр тасында, батпақтар арасындағы жолда -
Жүрегім түбінен естимін өзіне шақырған сапардың үнін.

ЖҮРЕК, САРАҢ БОЛ

Сараң бол, жүрек, ғашықтықта:
Әр кезіккен әйел қайран қылады.
Мәңгілік жылуыңның көзін ашқасын,
Бар байлығыңды күлкіге айналдырады.

Олардың әр сүйісі суытады сені
Сұлылығы өртер, білемін,
Сосын барлығы түтіндей таралып кетер,
Сараң бол дәйім, жүрегім.

Барлық әдемі еріндер өтірік айтады,
Махаббат ойыны осындай, көресің:
Соқыр, саңырау болғандар жеңілуі хақ,
Ал жомарттық – ол сенің қасіретің,
Өлесің, жүрек, өлесің.

БАСҚА ТРОЯ ЖОҚ

Кек алуға құштарланып, жан дүниемді жаншып бара жатқан
Мына бір адамымды қалай кіналаймын
Ол ессіздерді соғыс алаңына шақырады,
Ал мен оған үнсіздігіммен ұнамаймын, -
Батылдық ашудан әлсіз болмас па еді?..

Тәкаппар рухы жалындап тұрып,
Дәл ол сынды бір сәт тыныштықты не бере алады?
Көзқарасы жебедей жаныңа кіріп,
Тек сол ғана ғасырлық қуатыңнан айыра алады.

Осы бір салтанатты, жалынды сұлулығымен
Бір сәтте бәрін жояр, қайран қаламын,
Оның жолында өртеп жіберу үшін
Екінші Трояны қайдан табайын?

5 months, 1 week ago

«Әрбір өлең – заттанған уақыт...»

(Соломон Волков. «Бродскиймен сұхбат. – М: Независимая газета, 1998.)

«Жартылай готик немесе готикаға ұқсас Рим терезелері кеш батқан соң бөлме ішінен шырақ жанғанда жартылай теңгемен көмкерілген балықтарға ұқсайды...» дейді осы бір сұхбатында Бродский. Бұл готиканы талдау да емес, әлде жаңа бір образды ұқсату да емес. Бұл, жәй ғана Бродскийдің көздеріндегі әлемнің кескіні. Цветаеваны ХХ ғасырдың ең ұлы ақыны деп атаған Бродский оған құдайдың сезімталдығы мен түрлі-түсті түстерді жарата алатын қасиеті жұққан дейді. Негізі, Бродскийге олар көбірек жұққан сынды көрінеді маған. Ал бізде осы бір сезімталдық пен қасиеттің ұшқыны бар ма екен деп ойландым, Элиот пен Бахтин жайлы жазып отырып...

«Тұтас, біртекті ұлттық мәдениет, Элиот көрсеткендей, алыпсатарлық ұғымнан басқа ештеңе емес» болса ше, мысалы?

5 months, 1 week ago

🩸

Бір күні кешкісін гүлдердің солғанын көресің,
Жаныңның ең кіші бөлшегі тоңғанын көресің.

Сен сүйген ағаштың жапырақтары қалмағанын,
Сен сүйген айдың нұры ешқашан болмағанын,

Сен күткен құстардың өзге жаққа ұшып кеткенін,
Өз сағынышыңның өз ішіңе түсіп кеткенін,

Ешқашан айтылмас сөздерді ең күтпеген жанның айтқанын,
Топырақтан келгеннің топыраққа қайтқанын,

Ең кіші қиялдың ең ауыр салмағын,
Өткеннің қолдары жағаңнан алғанын,

Сен білген Отанның ұлы емес екенін,
Сен күткен өмірдің гүл емес екенін,

“Жетем” деп түскенің жол емес екенін,
“Жеттім” деп көргенің ол емес екенін,

“Қасірет” деп құшқаның сор емес екенін,
“Қасірет” деп қашқаның тор емес екенін

КӨРЕСІҢ

Сосын бір күні тәңертең оянып жалғыздықты көресің,
Жалғыздықпен қоштасып, жалғыздыққа келесің.

Хош көрдік!

5 months, 3 weeks ago

Аударма: Өзбек әдебиетінің классигі Абдулла Ориповтан.

Сан-Франсисколық студентпен сұхбат

(Ақ өлең)

Менің сөзімнен әлем өзгермесе,
Сенің сөзіңнен әлем өзгермесе,
Оның сөзінен әлем өзгермесе,
Жағдай осылай деп, үнсіз отыра берсек -
Жақсы ма?
Күн бір ғана адамға тиесілі емес, шүбәсіз,
Жұлдыздар бір адам ғана тиесілі емес, шүбәсіз,
Ай мен жер бір ғана адамға тиесілі емес, шүбәсіз,
Егер солай болса, бұл талас-тартыстың кімге керегі бар -
Кімге керегі бар бұл көтерілістің?
Сталинградта көз жұмғандардың,
Сонмида көз жұмғандардың,
Сабра-Шатилада көз жұмғандардың,
Өмір сүруге хақысы жоқ пе еді, әлде?

Бар еді, күмәнсіз!
Демек айғайлау керек - үнсіз қалғанша,
Тірі қалуды талап ету керек - үнсіз қалғанша.
Шыңғыру, иә, шыңғыру керек - үнсіз қалғанша.
Шыңғыр, иә, шыңғыр, құлақтары бітіп қалғанша -
Ұрысқақ мырзалардың…

1985

6 months, 1 week ago

Өзін сағынған немесе өз ішіне түсіп кеткен адам туралы

Ол күн сайын өзгеден, өзінен қажып, бір жаққа кеткісі келеді ылғи
Өңінде, түсінде, ойы мен қиялында теңіз жағасында жүреді өз-өзін іздеп...

Өз-өзін іздегісі келмегенімен, сағынышы меңдетіп барады өзін
Ең алғашқы күлкісін іздейді, ең алғашқы жасын,
Ең алғашқы сезімін іздейді, ең алғашқы мұңын.
Ең алғашқы күнін іздейді, ең алғашқы түнін.
Ең алғашқы адасуын, ең алғашқы жоғалтуын.
бәлкім, ең соңғыларын...

Ол кіл өмірін іштей өз-өзін мүжумен өткізді,
Ішінен кемірді өзін, үздіксіз кемірді өзін.
Бейне бір алма да өзі, ішке түскен құрт та өзі сынды.

Өз ішіне түсіп кетіп шыға алмай жатқандай сезінеді өзін.
Өз ішінен шығарып алғысы келеді өзін.

Өз ішіне түсіп кеткен өзі ме екен, әлде қасіреті ме екен деп ойлайды жиі.

7 months ago

🩸

Ей, менің жүрегімнің нәзік бүршігі,
Күлкің өзгеге, қайғың маған ба?

Кім үйретті саған бұлай сүюді,
Мерекең өзгеге, жасың маған ба?

Hazireti Mevlana

7 months, 1 week ago

🩸

Біз қоштасумен ғана қорғап қалдық сезімдерімізді,
Қоштасумен ғана қорғап қалдық өзімізді.
Өзіміз – сезімдерімізге,
Сезімдеріміз – өзімізге айналған сәтте
Өмір – саған апаратын жол емес,
Маған әкелетін жол емес екенін білдік өмірдің.
Менімен сенің арамыздағы қашықтық – өмір.
Ертерек білмедік оны.
Сүрмедік оны.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 10 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 6 days, 3 hours ago