OY-Detox Ainel Amirkhanmen

Description
Қоғам, өмір, подкаст пен спорт туралы мезгілсіз ойлар
Қандай да бір сұрақтар бойынша akainazar1@gmail.com поштасына хабарласа аласыздар
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 4 months ago

1 month, 3 weeks ago

Если кому-то интересно, как еще мы можем узнавать друг о друге, о казахстанцах, то вот в последнее время Paperlab вместе с OyDetox запустил серию публичных фокус-групп с жителями регионов. (Мне тут кстати в фейсбуке прилетело мнение, что в регионах люди все сплошь невежественные и нетолерантные, мрак и все такое, но я с этим мнением глубоко несогласна). Если кому-то кажется, что исследователи только сидят у себя в кабинетах и что-то там придумывают о реальности, то да - такое бывает. Но есть и исследователи, которые ездят в «поле», то есть прям туда, где люди живут и там с ними разговаривают и изучают условия тоже. А еще, как ни странно, у исследователей есть родственники, и они тоже все разные.

Почему мне нравится этот проект. Я вспоминаю, как в 90-е годы уж не знаю на какие деньги и кто делали Будки гласности и там люди могли говорить, что хотят. И вот эти будки гласности сейчас есть на ютуб, и это безумно интересно, там люди в одежде этой, шапках бобровых, такая ностальгия и источник информации тоже.

Будка гласности из Алматы https://www.youtube.com/watch?v=Wi8yeS_5YIs

1 month, 3 weeks ago

Будка гласности 😎

2 months, 1 week ago

ҚҚС-тың 12%-дан 20%-ға өсуі Қазақстан экономикасына және шағын бизнеске бірнеше бағытта әсер етуі мүмкін дейді макроэкономист, зерттеуші Аякөз Ханет.

Бағаның өсуі және тұтынудың азаюы

• ҚҚС – тұтыну салығы болғандықтан, оның өсуі тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі.

• Сатып алу қабілеті төмендегендіктен, халық қымбат әрі қосымша тауарларды сатып алуын азайтады.

• Тұтынудың азаюынан өзі аз ғана ішкі өндіріс баяулайды, демек экономикалық белсенділік баяулайды.

Шағын бизнеске қысымның артуы

• Көптеген шағын кәсіпкерлер үшін ҚҚС-тың өсуі олардың тауарлары мен қызметінің қымбаттауына, салдарынан бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келеді.

• Зерттеуге сүйенсек, салық ауыртпалығы артқан елдерде кәсіпкерлер салықтан жалтаруға тырысып, көлеңкелі экономиканың үлесі артады.

Инфляцияның күшеюі

• Бағаның жалпы деңгейінің өсуі инфляцияны күшейтіп, ақша-несие саясатына қосымша қысым жасайды.

• Әдетте инфляция өскенде, Ұлттық Банк бағаны тұрақтандыру үшін базалық ставканы көтереді, бұл несие қымбаттайды деген сөз.

Бюджетке қосымша кіріс кіреді, бірақ экономикалық белсенділік баяулайды

• ҚҚС-ты арттыру мемлекеттік бюджетке қосымша кіріс әкеледі, бірақ тұтыну мен инвестицияның азаюы экономиканың өсуін тежейді.

• Тағы бір қаупі, экономикада «Лаффер қисығы» деген ұғым бар. Бұл салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы байланысты көрсетеді. Осы тұжырымдамаға сай, егер салық ставкасы шамадан тыс артса, онда ол кері әсер беріп, бюджетке түсімдер азайып, көлеңке экономика ұлғайып экономиканың өсуіне кері ықпал етеді.

Экспортқа ықпалы аз, бірақ импортқа қысым күшейеді

• Көптеген елде экспорттаушылар ҚҚС салығынан босатылған, сондықтан бұл салық экспорттаушы кәсіпорындарға тікелей әсер етпейді.

• ҚҚС импортталатын тауарлардың бағасын көтереді. Біздің экономикада импорт тауарлары басым екенін ескерсек, бұл тағы да тұтынушыларға қиындық тудырады. Экономикалық теория бойынша, импорт қымбаттағанда жергілікті өндірістің бәсекеге қабілеті артып, отандық өндірушілер жанданады.

Алайда Қазақстанның жағдайында бұл орындалмайды, себебі импортты толық алмастыратын тауарлар жеткіліксіз, екіншіден тек импорт емес отандық өндірушілердің де тауары мен қызметі қымбаттайды, демек бұл жерде бәсекеге қабілет артпайды.

ҚҚС-ты қай кезде және қаншаға көтеру керек?

• Шетелдік экономистердің зерттеуіне сүйенсек, ҚҚС-ты экономиканың белгілі кезеңдерінде көтерген ыңғайлы. Мысалы экономика қарқынды өсіп жатқан кезең салықты арттыруға жайлы болады, ал рецессия кезеңінде салық артса одан түсім пропорционал үлесте артпайды (Лаффер қисығы тұжырымына сай). Сондықтан экономика бұл циклдің қай кезеңінде екені маңызды.

• ҚҚС-ты қаншаға көтеру керек? Мұны анықтау үшін зерттеу, талдау жұмыстары жасалып, әр көтерілген пайызға экономикадағы макрокөрсеткіштердің қандай импульс беретіні анықталып, солардың негізінде ұсыныс болуы тиіс.

Мәселенің контексті

28 қаңтарда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары және ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексі жобасында қаралатын өзгерістер туралы мәлімдеді.

Үкімет кәсіпкерлерге салынатын қосылған құн салығын (ҚҚС) 12%-дан 20%-ға дейін көтеруді және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынып отыр.

2 months, 3 weeks ago
**Ерекше ойлайтындарды қудалаудың жаңа маусымы**

Ерекше ойлайтындарды қудалаудың жаңа маусымы
Толығырақ?https://factcheck.kz/kaz/basty-bet/erekshe-oylaytyndardy-jaudalaudyja-zhajaa-mausymy/

2 months, 4 weeks ago
“Қаңтар туралы кітаптар” шығарылымында аты аталған …

“Қаңтар туралы кітаптар” шығарылымында аты аталған кітаптар.

  1. Жақсыбек Құлекеев «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес», Алматы, «Классика» баспасы, 2022 жыл (қазан айында жарық көрді). Автор тақырыпты үш кезеңге бөліп көрсеткен: қаңтарға дейін, қаңтарда, қаңтардан кейін.
  2. Ресей журналисі Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабы, Тоқаев пен оқиғаға қатысты шенеуніктердің сұхбаттарын қамтиды.
  3. «Қанды Қаңтар құрбандары», Мақалалар жинағы. Құрастырған М.Сеңгірбай. Алматы: «Азаттық» радиосы, 2022 жыл, -128 бет.
  4. Бигелді Ғабдуллин «Қаңтар – 22»: неудавшийся госпереворот и пробуждение нации», Алматы, 2024 ж.
  5. “Жаңармаған отаным” өлеңдер жинағы. Құрастырушы Ғ.Х.Әженова. Алматы: LEM, 2024 жыл, -108 бет.
    Онлайн жүктеп, оқуға болады https://tirek.info/wp-content/uploads/2024/10/ZHa-arma-an-otanym-s-oblozhkoj.pdf?

     6. «От Арены до площади. Проживая Алматинскую трагедию» кітабы. Стратегия қоры дайындап басып шығарған. Кітапқа қаңтар оқиғасын басынан кешірген 60 адамның оқиғасына енгізілген.
  6. Нұрайна Сатпаева «Море споет колыбельную», MelomanPublishing, Алматы, 2024

8. «Ескертусіз қасақана от ату…». 2022 жылғы Қазақстандағы қайғылы қаңтар оқиғалары туралы баяндама. Құқық қорғау Альянсының құжаттау орталығы жасаған.

9. Оқығымыз келген тағы бір кітап бар, бірақ ол жарияланбаған кітап: Данияр Молдабековтың 300 беттен тұратын “Қаңтар” кітабы. Данияр Молдабеков барлық типография Қаңтар жайлы кітабын басудан бас тартқанын хабарлаған.

Сондай-ақ, эпизодта аты аталған өзге ақпарат көздері

  1. Қазақстан қоғамының Қаңтар оқиғасына көзқарасы, PaperLab зерттеу орталығы дайындаған зерттеу, 2023. Онлайн жүктеп, оқуға болады https://drive.google.com/file/d/1i7jyH21cBD8EYFvmmEdh6xima4VDxs5B/view

  2. “Қаңтар үні” подкасы, авторы Елдар Құдайберген https://qantar.podcasting.center

  3. “Просто журналистика” арнасына сілтеме https://youtube.com/@justjournalism_kz?si=K2iNeaWEyPIU5WaN

“Қаңтар туралы кітаптар” шығарылымының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.

2 months, 4 weeks ago
OY-DETOX арнасында жаңа айдар! Журналист **Әйнел …

OY-DETOX арнасында жаңа айдар! Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіп
зерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайтын болады.

Ал алғашқы шығарылым Қанды Қаңтарға арналады. Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Осы ретте, Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды.

Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма?
Қандай кітаптарды оқыған жөн?
Жалпы бұл кітаптар кімге арналған?

осы және өзге де сұрақтардың жауабын шығарылымнан таба аласыздар.

3 months ago
OY-Detox Ainel Amirkhanmen
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 months ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 4 months ago