Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Күнім, сенің тіршілік ортаң адам арасында болғандықтан оның киесі де, күйесі де жұқпай қоймайды.
Қоғам кейде өзінің стандарттарын тықпалап, сенің көзқарасың мен пікіріңді тұншықтырып тастау әрекетін жасайды. Есіңде болсын, көптің айтқаны шындық бола бермейді. Әрнеге өзіңнің ішкі талғамың қалыптассын. Өз көзіңмен көріп, өз түйсігіңмен қабылдап, өз еркіңмен шешім шығара біл.
Сенің бейнеңдегі небір нәрселер өзгелер үшін мүлде таңсық болып, қабылдай алмай қалуы мүмкін. Сондайда айналай ойран етпесін сені. Қалағаның Құдайшылық пен адамшылық шеңберінде болса — алға!..
«Нурикамал» фильмін әлі көрмедім. Бірақ әннің тарихы әрине, жақсы таныс.
Көп адам «әннің тарихы жиіркенішті», «өйтіп дана әйел болмай-ақ қояйық», «күйеуің біреуге көз салса да, шөп салса да Ханбибідей бол дегені ме», «фильм түсіріп мынадай сұмдықты насихаттағаны нес» деген пікір айтып жатыр. Сол пікір айтып жатқандардың ешбіреуі ешқащан Ханбибідей бола алмайды. Бұл ақынның мақтанып, мені біреу дана десін деп айтқан жай әңгімесі емес. Бұл – тағдыр. Болды. Ақын қыз ешкімнің қолынан келе бермейтін таңдау жасаған. Бірақ онысын біреу менен үлгі алсын деп жасаған жоқ. Сен ондай болмай-ақ қой. Одан үлгі алма. Алайда біреудің таңдауына, тағдырына жиіркенішті деп қарауға болмайды. Менің ойым. Ал фильм насихат емес. Көркем туынды. Бір әнге арқау болған тағдырды көрсету. Одан артық ештеңе емес.
Кейде бір сезімдерімді жазып, әсерімді әңгімелей қояйын десем, кешкен күйім қиялымның шеңберінен шығып, қым-қуыт тіршіліктің қалыбына түсіп кетеді. Содан ода не мән бар деп қоя салам. Я болмаса бастаған сөйлемім тасып бара жатқан шәйнектің даусынан, ұйқысынан…
Өзім деп кімді айтамыз?
Өзіңді жақсы көру керек деп өзеуреп жатамыз. Осы ойды басшылыққа алып, қалағанымызша жүрсек, тойғанымызша жесек дейміз. Бірақ өзіңді сүймесең өмірдің өзі болмас еді ғой. Мәселе: біз өзіміз деп кеудеміздегі құдайлық рухты айтамыз ба, жоқ нәпсімізді ме?
Нәпсінің бір аты – тән қалауы. Оны да құдай тектен-тек жаратпаған. Асылында жақсы киім киіп, тәтті тамақ жегіміз келсе, соның бәрі нәпсінің ықпалынан. Ол барлығымыздың ішімізде бар. Баяғыда Сүлеймен патша құдайдан исі адамзаттың нәпсісін мүлде жоқ қылып жіберуін сұрапты. Кейін көшеге шығып қараса, қызып жатқан сауда, балалардың ойыны, той-думанның бірі де жоқ. Барлығы естанды һәлде жаратқанға жалбарынып отыр. Сонда Тақ Сүлеймен нәпсі болмаса дүние негізгі сипатынан ажырап қалатынын түсінген екен.
Алайда нәпсіні қажет екен деп, жөн-жосықсыз қалағаныңның барлығын жасай беруге болмайды. Ол адамды азғындыққа апарады. Мәшһүр Жүсіптің көптомдығында жақсы мысал бар. Адамның өмірі бейне ақ парақ. Ал нәпсі сия секілді. Ақ параққа сия молынан төгіліп кетсе, қағаз өте шатпақ, лас болады. Сондықтан оны ақыл қаламымен әдемілеп қағазға түсіру керек. Ол қалам жақсы болса қағаз бетіне қанша құсни сөз, ою-өрнек түсіруге болар еді.
Адам неғұрлым өзін қарапайым төмен санаған сайын, оның рухы соғұрлым биіктей береді. «Кісіні бөлшек санға ұқсатуға болады. Оның төмені – адамның өзі туралы ойлағаны, жоғарысы – адам туралы өзгелердің ойлағаны. Төмені көп болған сайын, қорытынды азая береді», дейді Лев Толстой.
«Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген қазақ мақалы да рухты пәк-таза қалпында сақтау керектігін меңзесе керек.
Абзал МАҚАШ,
«Egemen Qazaqstan»
Пусть сердцу вечно снится май.
— С. Есенин
Дін жақсы. Дүмшелік жаман.
Кеше Калифарния деген әншінің Монголияға барғандағы "блог турын"қарадым.
"Өкінішке орай бұл жерде будда дінін ұстанатындар көп тұрады. Бұл жаман", дейді.
Бүгін Олжасхан деген блогер Меккеде "Мына жерден жұмақтың иісі шығады. Сәл былай шықсаң ол иіс жоқ" дейді.
Дүмшелік деген осы.
Дінді дүмше құртады.
Көктемді сездіңдер ме бүгін?
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 2 days ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago