GO Cycling

Description
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 8 months ago

Каналдың бар екені есіме түсіп кетті ғой. Тағы бір ақпарат қоса салайын. Астана жыл бойы аннан-мұннан біраз жаңа адам жинапты. Ішінде ноунеймі де, атынан велосипед үркитіндері де бар. Бірақ… соңғылары кезінде үркіткен. Аты аңызға айналғанымен, қазір шау тартып, енді тәуір пенсия іздеп жүргендер. Астана қол бола қойыпты. Сонымен:
1. Ең атақтысы — Ваут Пулс. Нидерланд. Тауда да, тегісте де мықты шапқан. Қатысқан жарысының бәрінде фавориттер тізімінде жүретін. Тур де Франс, Вуельталарда этап алған, 2016 жылы тіпті Льеж-Бастонь-Льежді алған. Бұл қай велоспортшы болсын армандайтын жарыстың бірі. Бірақ қазір жасы отыз алтыда. Командаға нәтижеден гөрі престиж бен жастарға үлгі беретін шығар
2. Диего Улисси - тау адам. Тауда қай мықты да санасатын тентек. Еді. Қазір жасы отыз бесте. Тағы бір пенсионер
3. Фаусто Маснада. Отыз жаста, жалпы велоәлемде танымал, көпшілік санасатындай-ақ адам. Бірақ соңғы екі жылда құрт теріп кетті ме білмейм, жолы болмай-ақ қойды. Сөйтіп Астананы жағалапты
4. Аарон Гейт. Жаңа Зеландия чемпионы. Бар алған жарысы сол өз аймағында өткен. Былай жұрт таласатындай түгі жоқ қой дейм. Білерім аз. Жасы отыз үште
5. Маттео Малучелли. Бұған дейін әлемдік турда шауып көрмеген. Тен континентал турда шауып жүрген. Отыз бірге толғанша әлемдік турға шыға алмаған адамнан енді бірдеңе шығады деп үміт еткені енді…
6. Майк Тённисен. Нидерланд. Жасы отыз екіде. Бұған дейін жарып көзге түскені шамалы.
7. Альберто Беттиоль. Италияның қазіргі чемпионы. Италияда чемпион болу дегенің сұмдық енді. Осы жігіттен бірдеңе шығып қалар. Қатты кәрі де емес, отызда.
8. Серхио Игита. Көпшілікке танымал, велоәлемде аты бар адам. Тауда жақсы шабады. Үш апталық гран тур алып бере қоймас. Бірақ апталық турларға шансы бар бала. Жасы жиырма жетіде. Колумбиялық. Жаман емес
9. Клеман Шампусан. Француз. Командаға жыл ортасында келген. Бұрынғы командасы неге жібере салғаны қызық. Былай жұлдыз болмаса да, жаман емес. Капитанға жақсы көмекші бола алады деп үміттенем. Жасы жиырма алтыда. Нағыз шабатын кезі.
Сосын жиырма екі жасар нидерландиялық Даррен ван Беккум, жиырма бір жасар итальян Флориан Самуель Каямини, жиырма жеті жасар итальян Никола Кончи кепті. Алдыңғы екі жастан үмітім бар. Тек келешегі жақсы болса, бізді трамплин көрмесе екен дейсің. Олай қылмасын десе, команданың өзі трамплин емес, команда болуға тиіс. Қысқаша осы

1 year, 8 months ago
Астананың атауы өзгерді. Қала сияқты команда …

Астананың атауы өзгерді. Қала сияқты команда да мың құбылды әйтеуір. Енді біздің жобаға қытайдың XDS деген велосипед жасайтын компаниясы демеуші болыпты. Сөйтіп жаңа жылда команда XDS Astana team деген атпен шығады.

2 years, 11 months ago

Бүгін велоспортта тағы бір алтын алдық. Евгений Федоров топтаса жарысудан алды. Кешегі Луценконың алтыны жеке сында еді. Сонымен, велоспортшылар Азиадада екі алтын алып берді

2 years, 11 months ago

Кавендиш биыл спортты қоям деп еді. Астанамен келісімін созып, келесі маусым тағы шабатын боп шешіпті. Үмітсіз - шайтан. Сол Турдағы Едди Меркстің рекордын бұзбай қоймаймын деп ойлайды ғой деп. Жас келген сайын қиындай беретін мақсат қой, құрсын

2 years, 11 months ago

Алексей Луценко азиадада алтын алыпты. Басқа варианты болмаған да шығар, қайтсін. Трансляция көре алғам жоқ. Басы сопайып финишке жалғыз келген шығар

2 years, 11 months ago

Велоәлемде келесі жылы Jumbo-Visma мен Soudal-Quick Step бірігеді деген әңгіме өршіп тұр. Екеуі де велоәлемнің сен тұр, мен шабайын командасы. Қазір жалпы есепті алудан Jumbo-Visma-дан оза алатын команда жоқ. Дәлел? Биылғы үш гран турды да осы команданың шабандозы алды. Өзі бары үшеу-ақ: Жиро д'Италия, Тур де Франс, Вуельта. Роглич пен Винегар мақұл, команданың лидерлері. Вуельтаны осы екеуіне грегари (көмекші) болып жүрген Сеп Кусс алып қызық қылды ғой. Ал Soudal-Quick Step мен ес білгелі спринттен алдына жан салмаған. Соңғы жылдары Ремко Евенепул келгелі, жалпы есепке де жақсы таласып жүр. Екеуі қосылса, басқалар жарысуды қоятын шығар. Тіпті Араб әмірліктерінің беткеұстар жобасы UAE Team де Погачарға не көмек бере алатынын білмедім енді. Кезінде INEOS, Movistar-лар командасына бірнеше лидер жинап алып, қайсын шапқызарын білмей басы қатып еді. Енді мына екеуінде Винегар, Роглич, Евенепул, Кустың басы бір командаға сия қоймас. Кусс - грегари. Бірақ биылғы Вуельтадан кейін Жиро мен Турды неге көрмеске, көрмеске неге көрмеске деген амбициясы ояна қалса ше. Соның алдын алайын деді ме, Роглич бұл жобадан кетеді деп жатыр. Басқа жоба айлығын өсіріп, өзіне шақырып жатыр-мыс.

Сосын тағы бір өсек. Жаңа жобаға демеушілердің бірі болып Amazon кіреді деп жатыр. Оның ақшасымен бар мықтыны жинап алып, кезек-кезек грегари қып тастауға болады ғой. Бір жағынан қызық. Екінші жағынан балансты бұзып, бір команданың тотал доминациясы бәсекені, интриганы өлтіріп тынбаса бе. UEA Team Emirates, "жүріс сізде".

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.