GO Cycling

Description
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

4 months, 3 weeks ago

Тур де Франс басталып кеткенін айтпаппын ғой. Баяғы Астана жоқ, несін айтам. Бірақ кеше айтуға тұрарлық жайт болды. Аңыз спринтер Марк Кавендиш Тур де Франста 34 этап алып, бұдан кем емес аңыз Эдди Меркспен тең тұр еді ғой. Сол, 35 этап алған жалғыз адам болсам деп қартайып қалғанда команда іздеп, ақыры Астанаға келген (ешқашан спринтерлер командасы болмаған). Былтыр сәті түспей, осыны қоя салсам ба дегенде тағы бір көрейік деп контракт созған. Кеше ақыры алды. Енді ол Тур де Франста 35 этап алған жалғыз адам. Әлем рекорды. Эдди Меркс екінші орынға түсті. Ардагерің мықты. Әлі бір шабарым бар дегенді бәріне дәлелдеп тастады.

5 months, 2 weeks ago
Николя Винокуров 23 жасқа дейінгілердің арасында …

Николя Винокуров 23 жасқа дейінгілердің арасында Азия чемпионы болды. Александр Винокуровтың ұлы

1 year, 1 month ago

Бүгін велоспортта тағы бір алтын алдық. Евгений Федоров топтаса жарысудан алды. Кешегі Луценконың алтыны жеке сында еді. Сонымен, велоспортшылар Азиадада екі алтын алып берді

1 year, 1 month ago

Кавендиш биыл спортты қоям деп еді. Астанамен келісімін созып, келесі маусым тағы шабатын боп шешіпті. Үмітсіз - шайтан. Сол Турдағы Едди Меркстің рекордын бұзбай қоймаймын деп ойлайды ғой деп. Жас келген сайын қиындай беретін мақсат қой, құрсын

1 year, 1 month ago

Алексей Луценко азиадада алтын алыпты. Басқа варианты болмаған да шығар, қайтсін. Трансляция көре алғам жоқ. Басы сопайып финишке жалғыз келген шығар

1 year, 1 month ago

Велоәлемде келесі жылы Jumbo-Visma мен Soudal-Quick Step бірігеді деген әңгіме өршіп тұр. Екеуі де велоәлемнің сен тұр, мен шабайын командасы. Қазір жалпы есепті алудан Jumbo-Visma-дан оза алатын команда жоқ. Дәлел? Биылғы үш гран турды да осы команданың шабандозы алды. Өзі бары үшеу-ақ: Жиро д'Италия, Тур де Франс, Вуельта. Роглич пен Винегар мақұл, команданың лидерлері. Вуельтаны осы екеуіне грегари (көмекші) болып жүрген Сеп Кусс алып қызық қылды ғой. Ал Soudal-Quick Step мен ес білгелі спринттен алдына жан салмаған. Соңғы жылдары Ремко Евенепул келгелі, жалпы есепке де жақсы таласып жүр. Екеуі қосылса, басқалар жарысуды қоятын шығар. Тіпті Араб әмірліктерінің беткеұстар жобасы UAE Team де Погачарға не көмек бере алатынын білмедім енді. Кезінде INEOS, Movistar-лар командасына бірнеше лидер жинап алып, қайсын шапқызарын білмей басы қатып еді. Енді мына екеуінде Винегар, Роглич, Евенепул, Кустың басы бір командаға сия қоймас. Кусс - грегари. Бірақ биылғы Вуельтадан кейін Жиро мен Турды неге көрмеске, көрмеске неге көрмеске деген амбициясы ояна қалса ше. Соның алдын алайын деді ме, Роглич бұл жобадан кетеді деп жатыр. Басқа жоба айлығын өсіріп, өзіне шақырып жатыр-мыс.

Сосын тағы бір өсек. Жаңа жобаға демеушілердің бірі болып Amazon кіреді деп жатыр. Оның ақшасымен бар мықтыны жинап алып, кезек-кезек грегари қып тастауға болады ғой. Бір жағынан қызық. Екінші жағынан балансты бұзып, бір команданың тотал доминациясы бәсекені, интриганы өлтіріп тынбаса бе. UEA Team Emirates, "жүріс сізде".

1 year, 5 months ago
Бүгін Жино Медер қайтыс болды. Қазір …

Бүгін Жино Медер қайтыс болды. Қазір өтіп жатқан Швейцария турының кешегі этабында сайға түсіп келе жатып трассадан ұшып кетті. Спортшылар сайға қарай 100 км/с жылдамдықпен түседі кейде. Ағзаң қатты болдырып келе жатқанда кез келген соққы өлтіріп жібереді. Ал мынадай жылдамдықпен келе жатып құласаң, тірі қалуға шансың жоқ деуге болады. Иманың саламат болсын!

1 year, 5 months ago

Нетфликске "Тур де Франс" деген деректі сериал шығыпты. Екі отырғанда көріп тастадым. Одан ләззат алу үшін велоспортты сүю, қызығу міндетті емес. Велоспорт Нетфликс түсірмей-ақ ұлы дүние ғой. Ал Нетфликс соны керемет бере алған. Айналаны, реал өмірді ұмыта сүңгіп кетесің де, біткенде миың тап-таза, еш ой жоқ, жай бір нүктеге телміріп жұмақты сезінесің. Қиналғаннан, азаптан ләззат алатын "топастарға" қосылып азапталғың кеп кетеді. Бір команда менежері этапты көріп отырып мыналар бір-бірін өлтіріп жатыр дейді. Рас, велоспортшы болу дегенің әрі садист әрі мазохист болу. Бұл әлемде өзі азаптың шегіне жетіп, арғы жағында не барын көре алған адам ғана жеңеді. Азапқа басқалардан бір минут артық төзе алсаң ғана жеңесің. Сен азапталған сайын, азапқа төзе түскен сайын қарсыласың азаптала береді. Садизмі мен мазохизмі қатар жүреді дегенім сол. Сөз жоқ. Тек эмоция. Сілтемесін салып қайтем. Тек өз аккаунтыңыздан кіріп көре аласыз ғой. Бірақ міндетті түрде көріңіз. Жаман, жаман...

П.с. Нетфликс осындай ірі жарыстар туралы сериал түсірсе, оны келесі жылғы сол жарыс қарсаңында жариялайды. Формула-1 де солай. Мынаны да биылғы Тур де Франс қарсаңында шығарып отыр. Осыдан кейін көрмей көр.

1 year, 6 months ago
Бүгін ештеңе жазбаған ұят болар. Италияда …

Бүгін ештеңе жазбаған ұят болар. Италияда Жиро д'Италия аяқталды. Соңғы этап Ромда дәстүрлі спринтпен бітті. Біздің Марк Кевендиш Ромдағы спринтті жеңіп алды. Спринтерлер өз арасында жалпы есептегі үздік спринтер деген атаққа таласады ғой. Ал мұндай гранд турларда соңғы этапты алу өз алдына бір мәртебе. Ромда бірінші келген, Парижде бірінші болған, Мадридте финишті бірінші кескен дейтіндері. Кевендиш биыл спорттан кетем деген. Осымен аққу әнім сыңсиды деді. Құр кетпей, гранд турларда тағы бір этапты іліп кетті. Соңғы, Ромдағы этапты. Бұған дейін Жирода 16 рет этап алыпты. Мынау он жетінші. Ал жалпы бүкіл карьерасында гранд турларда 54 этап алған. Сұмдық жетістік. Көп велоспортшыға карьерасында гранд турдың бір этабын алу арман. Ал бұл коллекция жинап тастады. Абыроймен кетіп жатыр. Қалт-құлт етіп жүрген Астана жейдесінде алғаны да әйтеуір бір жұбаныш. Қош, Аңыз! Көп рахмет!

1 year, 7 months ago

Астана қожырап кеткелі бұл канал да қараусыз қалды. Мына материалда велоспортты жұрт неге көреді, оны түсініп көруге не білу керек деген біршама сұраққа жауап беріпті. Қызықсаңыз, ашып оқып шығыңыз: https://journal.tinkoff.ru/how-to-watch-cycling/?fbclid=IwAR3AAM2esrmXVMRVUE8OlMqpmOA4ShlweYIeYYXqyaJfOYGds3bRdQJ2yds

Тинькофф Журнал

Как смотреть велогонки

От «Тур де Франс» до однодневных гонок

Астана қожырап кеткелі бұл канал да қараусыз қалды. Мына материалда велоспортты жұрт неге көреді, оны түсініп көруге не білу керек …
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.