meruyert.books

Description
Бұл канал - пайдалы кітаптар, кітап үзінділері, пайдалы посттар жіберілетін орын. Негізгі мақсат - кітап оқуға үндеу, білім алуды насихаттау. #кітап2023 #кітап2022
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

1 year, 7 months ago

Намаз оқитын адамның бірдеңе бүлдіргенін көрсеңіз, оның намаздан бұрын бала кезден алған тәлім-тәрбиесі, ортасы, мектептегі білім деңгейі, сана-сезімі, психикасы, көрген-білгені, түсінік-түйсігі барын ұмытпаңыз.

1 year, 7 months ago

2019 жылы Умра сапарында жүргенде жанымда Абдул Қадир атты Қырғыз бауыр бар еді. Бауырым сапардан екі-үш күн бұрын шейх Әли Һәнидің (хафизаһулла) құзырына барып:

“Ұстаз, мен Умраға бірінші рет барайын деп жатырмын. Маған насихат берсеңіз” — деп сұраған екен. Сонда шейх Әли Һәни үйден шығып, қайта оралғанға дейін не жасау қажет екенін тізбекке тізгендей етіп айтып беріпті:

1) Өзіңмен бірге Құран алып шық. Үйіңнен шыққан мезеттен бастап оқы, үйіңе қайта оралғанға дейін Құранды хатым етуге тырыс.

2) Егер бірінші Меккеге бет алсаңдар, тәлбияны көп айт. Меккеге жетіп, Қағбаны көрген уақытта, көп дұға ет!

3) Умраны өтеп болған соң ешқайда кетіп қалмай, сол жерде қалып құлшылық етуіңді жалғастыр!

Кейде Меккеге барған адамдар киім іздеп, шоппинг жасап кетіп жатады. Сен оларға ерме! Жаныңа ешкімді ертпестен, өзің жеке құлшылық жаса. Себебі жаныңда адам болса, онымен әңгіме-дүкен құрамын деп уақатың өтіп кетеді. Жеке жасалған құлшылықтың орны бөлек.

4) Таң намазын оқып болғаннан кейін қонақ үйге барып, бесінге дейін бес-алты сағат ұйықтап, жақсылап тынығып алып, бесін намазын мешітте (Қағбада) оқы.

5) Асыр намазына дейін көлеңкеде Құран оқы. Асыр намазын оқып болғаннан кейін кешкі салқын түскенде, салқынды тиімді пайдаланып, таңға дейін тақтаусыз тауап етіп, түнгі намазды да жаса. Бірақ тауапты көп орында, себебі тауаптың сауабын өзге орыннан таба алмайсың.

Осы жерде шейх бір нәрсені ескерткен еді. Бірақ оны айтқым келіп отырған жоқ.Бұл жерде Меккеде қалай уақытты ұтымды пайдалану керек екендігі айтылды. Мәдинаға сапар және Алла елшісінің ﷺ қаласында қалай құлшылық жасау керек екенін келесі жазбада айтамыз.

1 year, 7 months ago

Екі жылда оқыған кітаптарым:

  1. Жусан исі
  2. Ұлпан (2 қайтара оқыдым)
  3. Дайағашшы
  4. Алтын құс (5 қайтара оқыдым)
  5. Ғашықтар
  6. Атау кере
  7. Қызыл жебе (2 қайтара оқыдым)
  8. Зобалаң
  9. Тар жол тайғақ кешу (2 қайтара оқыдым)
  10. Қан мен тер
  11. Алмас қылыш
  12. Ақ кеме
  13. Қараман қарақшы
  14. Бесеудің Хаты
  15. Жабайы алма (2 қайтара оқыдым)
  16. Қаһар
  17. Бақытсыз жамал

Ең сүйіп оқыған кітабым – “Алтын құс”. Жалпы, Есенберлиннің барлық романдары жүректен ойып тұрып орын алады ғой, орны бөлек бұл кісінің…

1 year, 7 months ago

? Жастарымыз шынымен тәуелсіз болса екен деп армандаймын. Өз тілінде еркін ойлап, еркін сөйлеп, еркін жазса, өз тілінде жұмыс жасап, өзге тілді білмегеніне қымсынбаса. Өз тарихын зерттеп білсе, өздері жазса. Өзгенің етегіне жармасып, өзін іздемей, өзін халқының тілінен, дінінен, тарихынан тапса...мен де жас болдым, мен ағылшынның мультигін, орыстың киносын, түрік пен кәрістің сериалын қарап, Батыстың керемет өмір сценарияны сендім. Бірақ ақыры өзімді өз ұлтымнның құрдылықтарынан таптым деп сенемін. Өзгенің тілін, тарихын біл, өзіне де, өзгеге де пайда әкел...бірақ өзгеге ұқсауға, өзгенің құрған мәдениетіне сәйкес келуге, еруге тырыспа. Жақсы өмір деп анда-мында сандалмай, өзің бар жерде жақсы өмірді өзің жасауға тырыс дегім келеді...

Миымда жақсы бөп көрінгенмен, қағазда бір ваниль болып шықты ма қайдам...сол айтарым ..

1 year, 7 months ago
1 year, 7 months ago

...Соғыс тоқтамады. Уақытша үзіліс берілді (ceasefire). Бірақ Алла Тағала ұзағынан сүйіндіріп, жауларымыздың әлі құрып, мысы басылып, мұсылмандарға жеңіс келсе екен деп тілейміз! Алла Тағаладан артық жәрдемші жоқ!

1 year, 10 months ago

Год назад мы лихорадочно переводили любой нормальный контент о геноциде, потому что важно было донести до людей масштаб катастрофы, о которой мы были в курсе уже много лет.

Сегодня можно с уверенностью говорить, что если человек не в курсе о геноциде, то это потому что он не хочет о нем знать. Да, в последнее время появилась категория людей, которые не хотят знать. Каждый из них выбирает о чем конкретно он не хочет быть в курсе и добровольно включает слепое пятно, благо алгоритмы соцсетей и поисковиков этому только способствуют.

Эти люди не понимают, что у слепого пятна есть обратная сторона: непонимание общей реальности. Из-за своей умышленной избирательной слепоты они не понимают насколько сильно проявилась дихотомия "колонизатор-колония" уже даже для самых обычных пользователей сети. В их голове, забитой штампами, не сформировалось этого фундамента, Газа не является для них набатом, фактически орущим о том, что возврата к прежней хомячьей жизни не будет.

Для обывателя геноцид в Палестине - это незначительный моральный вопрос. И поэтому вроде как можно и не выражать свое мнение: что мне какая-то Палестина, мне нужно позитивно вести свои продажи прямо сейчас и показывать красивую жизнь. И поэтому мы видим продолжение обычного контента у большинства блогеров, которые в течение года не удосужились ни разу упомянуть уничтожение десятков тысяч людей, их имущества, их культуры, их страны.

Эти обыватели не понимают, что "хозяин" глобального рынка, на котором они так усердно бьются за охваты и объёмы, показал свое истинное лицо с двойными стандартами и лицемерием. Производитель глобального капитала и культуры, уничтожая Палестину, восставшую против колонизации, показывает всему миру, что будет происходить с теми, кто решит помогать Палестине или идти против течения. Для глобального капитализма свободная Палестина означает свободный Ближний Восток. Свободный Ближний Восток означает системный кризис мировой элиты, потому что система распределения глобальных ресурсов и накопления капитала сломается. Ведь тогда все колонии - как Палестина - встанут на борьбу. Вот почему сионистам, как региональному представителю колонизатора, позволено обрушить всю военную мощь на крошечную Газу и Западный берег.

На пару с Палестиной уничтожают Судан из-за огромных запасов золота и редких металлов. До Палестины и Судана была Сирия. До Сирии - Ливия. До Ливии - Ирак. Конго. До Конго были другие страны, которые были разрушены, ресурсы экспроприированы, а дети этих стран сегодня работают на кобальтовых рудниках, добывая сырье для ваших айфонов, с которых вы ведёте блог в инсте и ни разу не говорите про существующий глобальный и системный зульм. Вы думаете, что это вас никак не касается, но на самом деле каждый день, в который вы молчите про этот зульм, вы ему способствуете. Вы думаете, что вас это никак не касается, но вся монетарная, финансовая, банковская политики колонизированных стран выстроены по лекалам, данным "хозяином" через международные финансовые структуры.

Это было известно давно, ещё до того, как Перкинс написал своего "экономического убийцу". Вы может даже прочитали эту книгу, но она у вас в голове отложилась отдельно, как "конспирология", а мир функционирует отдельно. Потому что жить в мире несправедливости нереально сложно, это приводит к депрессии. Лучше забить и верить в обещаемую "хозяином" иллюзию о скором процветании, которое срочно наступит, когда страна войдёт в такой-то рейтинг.

Процветания, как комфортной, беззаботной и богатой жизни в вашем понимании, не будет. Система не выстроена для процветания рабов в колониях, все ресурсы и капитал накапливаются только в центре, а вы не там. Ваша жизнь, как и жизнь ливийцев, сирийцев, палестинцев, чилийцев, африканцев ничего не стоит, вы расходный материал. На вас можно зарабатывать, вас можно использовать, но не более. Сегодня умирают палестинцы и суданцы; до них умирали алжирцы, сирийцы, ливийцы, завтра будут умирать другие люди. Никто не может гарантировать, что вы не окажетесь в их числе.

Когда вы снимете шоры с глаз?

1 year, 10 months ago

Масқара...нағыз надан адамдар екен

1 year, 10 months ago

Екі түрлі мәдениет

Ислам мәдениеті мен батыс мәдениеті қарастырайықшы

Алдымен екі мәдениеттің басты айырмашылықатарына келсек,

Ислам мәдениеті – Құран мен сүннетке негізделген. Ал батыс мәдениеті – діннен алыс адамдардың моральдарына негізделген.

Демек, Ислам мәдениеті – Жаратушы қойған моральға негізделеді. Ал, Жаратушы – пәк. Демек, Оның қойған моральдарында да мін жоқ. Ал, батыс мәдениеті – адам ойлап шығарған моральға сүйенеді. Ал адамның өзінде кемшілік көп, демек, оның моральдарында да кемшілік көп.

Егер, екі мәдениеттің құндылықтарына қарасақ,

Ислам мәдениетінің басты құндылығы – ұяңдық пен қарапайымдылық болса, батыс мәдениетінде арсыздық пен ашкөздік – басты құндылық. Себебі, ұят олар үшін – "өзін шектеу" болып саналады. Ал, сен "еркін" адамсың ғой, не істесең де өзің білесің. Дүние де сенікі, оған аш аңдай ұмтылып, бар дәмін тату керексің дейді.

Сонда, бұл құндылықтардың әртүрлі болудың басты себебі неде? Дүниетанымда!

Ислам дүниетанымында – бұл әлем өзімен өзі пайда болған жоқ, Оның жаратушысы бар, бұл жерде біз уақытшамыз, арғы өмір – мәңгі. Біздің мақсатымыз – Жаратушымыздың разылығын табу. Демек, бұндай адам Жаратушысы қойып берген заңдарға бағынады.

Ал, батыс дүниетанымында әлем – мәңгі, пайда болмаған. Пайда болса да, өзімен өзі пайда болды. Яғни, оның жаратушысы жоқ. Адам бұл әлемде өз-өзіне қожайын. Демек, ол өзінің ғана разылығын табуды көздейді. Яғни, тән мен жан қалауларын орындайды. Ал одан басқа, адамның мақсаты жоқ. Бұл өмірдің бар мәні – рахат өмір сүру. Ал рахат өмір сүру үшін – дүние қажет. Демек, оған ұмтылу керек.

Жақсы, бұл түсінікті әрі белгілі нәрсе. Ары қарай не?

Ары қарай, бұл екі бір-біріне қайшы келген мәдениеттер бір заманда бір жерде өмір сүреді. Ислам мәдениетін ұстанатын жандар, міндетті түрде батыс мәдениетін жоғары қоятын жандармен араласып, олардан әсерленеді. Тіпті, өз мәдениеттерін тастап, олардың мәдениетіне ауысуы мүмкін.

Неге?

Себебі, олар өзге мәдениетті "жақсырақ", "күштірек", "абзалырақ" деп көре бастайды. Ал, өз мәдениеттерің – ескі, актуалды емес, модадан шыққан, заманға сай емес деп ойлайды.

Олай ойлауға оларға батыстың өзі көмектеседі. Алдымен мұсылман адамның санасын – фильмдермен улайды. Ол фильмде – батыс адамның қандай рахат өмір сүретінін, өзін ештеңемен шектемейтінін көрсетеді.

Сондай-ақ, адамдар оны тек фильмде емес, шынайы өмірде де көрсін деп әлеуметтік желілерді ойлап тауып, адамдарға өз байлықтарымен, "әдемі" өмірлерімен бөлісуді үйретеді.

Кейін, сол әдемі өмірге жетуді үйрететін кітаптар мен коучтарды шығарады.

Ал одан кейін, сол коучтардың сөздерін растайтын діни адамдарды (молда немесе "ислами психолог") шығарады.

Әрине, осындай мәжбүрлі пропаганда жүріп жатқан кезде, қарапайым мұсылман адам әсерленбей қоймайды.

Алайда, Алла Тағала мұсылмандарды солармен олармен жалғыз қалдырмады. Оны еске алатын мешіт-медреселерді салды, ақыретті насихаттайтын ғалымдарды қойды.

Бірақ, Алла сақтасын, Алланы еске алатын жерде дүние сөзі сөйленсе, ақыретті насихаттайтын ғалымдар дүниеден сөзімен алыстатса да, ісімен оған шақырса, онда қарапайым мұсылмандар батысқа жем бола береді

Алла Тағала ақиқат жолдан адастырмасын!

1 year, 10 months ago

Мына тегін дүниені оқығандар бар ма? Кеше бір оқырман алғыс пікірін білдірді.

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.