Belgisiz ūly

Description
Сезім тамшылары…
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 10 Monate, 1 Woche her

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 9 Monate, 3 Wochen her

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 2 Jahre, 1 Monat her

10 months, 3 weeks ago

Күн жылытпайтын суық көңілді - сөз ғана жылыта алады.

©️Ғабиден Мұстафа

10 months, 3 weeks ago

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
қайта тұрып қақың бар жүгіруге…

©️Мұқағали Мақатай

10 months, 3 weeks ago

Ғашықтар үшін жоқ ұстаз, бәріміз түгел шәкіртпіз…

©️ Қадыр Мырза Әлі

1 year, 1 month ago

...өміріңізді қай шақпен өлшейсіз? Көп адам өткенімен өлшеп жатады. Бір жағымсыз оқиға болды және тағы да сүріндім. Сәтсіздіктің ызғары тәніңді не жаныңды қарып өтті. Сонымен? Өмір бітіп қалды ма? Мүмкін Жер тоқтап қалған шығар? Сол үшін бақытсыз деген киім киіп алу керек пе? Кешіріңіз. Бірақ қаласаңыз да, қаламасаңыз да Өмір жалғасуда, Жер айналуда. Қандай жағдайды бастан өткізсеңіз де, сол мұңды болсын қайғыны кеудеңізге беріш қып қатырып аласыз ба, оны қабылдап, артқа тастайсыз ба? Шешім әрқашан өзіңізде.

#суға_лақтырған_тас

1 year, 1 month ago

Миымды үтіктемеші !

#депше

1 year, 1 month ago

ауыр ашылатын есіктер бар ғой бір. Сондай есіктің артында кішкентай ұлының сөмкесін арқалаған ана қинала ашып жатыр екен. Өзі де аласа бойлы, талдырмаш кісі. Баласын сабақтан алып қайтқан болуы керек, ұлы самбырлап бірдеңелерді айтып жатыр. Бер жағынан итеріп, ашысып жібердім де, ұстап тұрдым. “Рақмет” деді жұмсақ дауыстап.
Осындай сәттерде өзімді тірі адам сезініп қаламын. Біртүрлі қызық сезім… Әрқашан өзге жандарға “есік” ашып жүрейікші, адамдар…

#бүгін

1 year, 1 month ago

реніш тек сәттік эмоцияның тұнбасы ғой, оны тазалау/тазаламау әркімнің өз еркі. Бірақ ыдысыңыз (жүрегіңіз) не нәрсеге толатынын ойлап қойыңыз…

#меніңше

1 year, 1 month ago

Біреуге масыл болып өмір сүруден сақтасын деймін. Өзіме де, өзгеге де.

Аяқ-қолың сау, есің бар шақта өз күніңді өзің көруге талпыну қажетсің. Сені ешкім асырауға, қателігіңді кешіріп, бүлдіргеніңді түзеп беруге міндетті емес. Солай біреуге арқа сүйеп қалғандар жаңағының бір ілгері басқан аяғын кері қайтарады. Селбесіп, өсуге, өнуге мұрша бермей қояды.

Біреуге залалың тимей, ешкімді ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, әлдебіреуді әурелемей, ешкімге жүк түсірмей өмір сүру – ол да бір сауаттылықтың көрінісі.

1 year, 1 month ago

"...Сен тілеген түннің бәрі қайырлы..."

#?

1 year, 1 month ago

Түбі рақат болатын қиындықтың несі қиындық? Соңы азап болатын ләззаттың несі ләззат?

#ғұламалардан

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 10 Monate, 1 Woche her

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 9 Monate, 3 Wochen her

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 2 Jahre, 1 Monat her