Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.
👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Last updated 1 month, 2 weeks ago
https://qaraozek.uz
https://youtube.com/channel/UCciJD2dexkmrWHcvaonwKDQ
https://www.instagram.com/qaraozek_rayoni_hakimligi?igsh=MW5sNjcyZzB5MnI0NQ==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61560591980198
@Qaraozekhakimligi_bot
Last updated 1 day, 18 hours ago
🌎 Компьютерлік желілер: Wi-Fi мен сымдардың сиқыры!
Сәлем, достар! 😎
Бүгін біз компьютерлік желілер әлеміне сүңгиміз. Егер сіздің Wi-Fi тек ас үйдің бір бұрышында ұстап, қалған жерде "жоқ болып кететінін" түсінбей жүрсеңіз, немесе "протокол деген полицияның документы емес па ед?" деп бас қатырсаңыз – сіз дұрыс жерге келдіңіз. 😊
🤔 Компьютерлік желі дегеніміз не?
Көз алдыңызға елестетіңіз: сізде смартфон, ноутбук, және сол өзі қайнап болмайтын "ақылды" шайнек бар. Осылардың бәрі бір-бірімен мәлімет алмасқысы келеді. Дәл осы кезде желі іске қосылады – ол гаджеттердің байланыс ортасы, бір-бірімен тіл табысуына көмектесетін құрал.
🌐 Неге желілерді түсіну маңызды?
1) Wi-Fi ұстамай қалса, бірден техподдержкаға қоңырау шалмай, өзіңіз шеше аласыз.
2) Интернет неге кейде YouTube-ті қиналмай ашады да, сурет жүктеуге минуттап кететінін түсінесіз.
3) Ең бастысы – кез келген отырыста: "Пинг деген не?" деп сұраса, еш қысылмай жауап бере аласыз!
Бұл посттарды оқу барысында не үйренеміз 🤔
— Компьютерлік желілердің негіздері. LAN мен WAN деген не және олардың бізге қатысы қандай?
— Интернет қалай жұмыс істейді: кабельдер, серверлер және "интернеттің ішкі асханасы".
— Wi-Fi-дің құпиялары. Көрші желісінің сигналы сіздікінен неге мықтырақ 🤔
— Қауіпсіздік: "Санжардың Wi-Fi-ы" сияқты атаулар қауіпсіз бе? (спойлер: жоқ). 🛡
Желі – бұл жай ғана кабельдер емес, ол сіздің үйіңіз бен әлемді байланыстыратын көпір. Алдағы жазбаларда бәрін қарапайым тілмен түсіндіреміз.
💬 Ал әзірге сізге сұрақ: компьютерлік желілер туралы не қызықтырады? Немесе, Wi-Fi-дың қызық оқиғалары болса, бөлісіңіз! 😊
Пост авторы: Нұрбол Молдабай
Онлайн көрермендерге тікелей эфир👨💻
Достар,
Митап 3-қабатта болады
Сіздерді асыға күтеміз және кешікпей келуді сұраймыз🫶
Digital Dala ұжымы қыркүйек айына дейін демалысқа кетіп жатыр, сіздерге жаңа деммен келуге ?
Қыркүйекте 3 подкаст, 1 кездесу, және сіздерге қандай посттар ұнайды соларды талдап, басқа да авторлардың контенті сіздерді қуантатын болады ?
Талаптардың Түрлері ?
Кәсіпорындағы талаптардың түрлері бизнестің тиімділігі мен мақсаттарына қол жеткізу үшін өте маңызды. Оларды 3 негізгі санатқа бөлуге болады: бизнес талаптары, стейкхолдер талаптары және шешім талаптары.
1️⃣ Бизнес талаптары
Бизнес талаптары – бұл кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен қажеттіліктерін анықтайтын талаптар. Бұлар бизнеске қажетті жалпы, ұлы жобаны анықтайды.
Әдетте ~~"Ана нені неге дейін нетіп жіберу керек" деген секілді~~ SMART критерийіне сәйкес келуі тиіс:
S (Specific) - нақты болуы. Мақсат түсінікті әрі анықталған болуы керек. Мысалы, көрілім санын көбейту.
M (Measurable) - өлшемді болуы. Мақсаттың жетістігін өлшеуге болатын көрсеткіштер болуы тиіс. Мысалы, табыс көлемін 25%-ға арттыру.
A (Achievable) - қол жеткізуге болатындай болуы. Мысалы, автоматтандыру арқылы штат көлемін 30%-ға қысқарту.
R (Relevant) - маңызды болуы. Мақсат бизнестің негізгі мақсаттарына сай болуы керек. Мысалы, автоматтандыру нәтижесінде босаған жұмысшыларды басқа лауазымдарға ауыстыру.
T (Time Bound) - уақытпен шектелуі. Мақсаттың орындалу мерзімі нақты көрсетілуі керек. Мысалы, табыс көлемін келесі жылға дейін 25%-ға арттыру.
2️⃣ Стейкхолдерлер (мүдделі тараптар) талаптары
Стейкхолдерлер талаптары – бұл бизнес талаптарға жету үшін әртүрлі мүдделі тараптардың (тұтынушылар, заң шығарушылар, серіктестер) ұсынатын талаптар. IT саласында бұл талаптар көп жағдайда User Requirements (тұтынушы талаптары) деп аталады, өйткені өнімдер көбінесе тұтынушыларға арналады және олардың қажеттіліктерін қамтиды.
3️⃣ Шешім талаптары
Шешім талаптары – стейкхолдер талаптарын қанағаттандыру үшін шешімнің егжей-тегжейлі сипатталған қасиеттері мен мүмкіндіктерінің жиынтығы. Олар екі түрге бөлінеді:
Функционалды талаптар - шешімнің іс-әрекеттерін, мүмкіндіктерін сипаттайды. Мысалы, "Онлайн-дүкен қолданбасында тұтынушы тауарларды себетке сала алады." - "Не істеу керек?" деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекетті білдіреді.
Функционалды емес талаптар - шешімнің қандай шарттарда орындалатынын көрсетеді. Мысалы, "Онлайн-дүкен қолданбасында бір беттен екінші бетке өту уақыты екі секундтан аспайды." - "Қалай істеу керек?" деген сұраққа жауап беріп, қасиетті білдіреді.
Бизнес мақсатыңызға қол жеткізу үшін талаптардың әр түрін ескеріп, дұрыс пайдалану маңызды. Өйткені бұдан жобаңыздың уақытында, артық түзету мен баптауларсыз сәтті аяқталуы тәуелді екенін ұмытпағайсыз?
IT-ді бірге қазақшаландырамыз ба? ?
Пост авторы: Нұрбол Молдабай
#бағдар #бизнес_аналитика #аналитика
Өзіңіз туралы бөлімді қалай дұрыс толтыру керек ⁉️
Бұл өте маңызды блок, оны оқығаннан кейін рекуретер сізді сұхбатқа шақыруы мүмкін. Бөлімде жауап беретін сұрақтар:
Сіздің салалық біліміңіз қандай (мысалы, жұмыс тәжірибеңіздің жылы, функциялардың, компаниялардың атаулары және т.б.)? Сіздің ең күшті қабілеттеріңіз бен жетістіктеріңіз. Мысалы:
? X өнімін нөлден бастап іске қосты және Y санатындағы ең үлкен қызметке арналған жетекші стратегия;
? миллиондаған пайдаланушыларға финтех өнімдерін масштабтау бойынша сарапшы;
? компания үшін тұтынушыларды қолдау шығындарын X соммаға азайтты.
Сондай-ақ рекрутер сізді табу үшін қолдана алатын кілт сөздер болуы керек ?
Келесі мазмұн бөлімі:
Сапалы медиа файлдарды қосыңыз (ағылшын тілінде): бейнелер, сіз туралы посттар, сіздің жобаларыңыз, тіпті конференциялардағы фотосуретте.
Жұмыс тәжірибеңізді қалай сипаттауға болады?
✔️ Дизайн мен сипаттамалардағы креативтілік неғұрлым аз болса, соғұрлым қажет адам профиліңізден керек нәрсені тезірек табады, яғни фокус шашырататын дүние болмау қажет.
✔️ Жұмыс тәжірибеңіз сіздің мансабыңыз туралы анық, дәйекті оқиғаны баяндауы керек. Маңызды емес «толық емес жұмыс күнін» (подработка) алып тастағаныңыз жөн.
✔️ Жұмыс сипаттамасын тізімдемей, жетістіктеріңізді сипаттауға назар аударыңыз. «Z ресурстары/адамдар/уақыт шкаласы арқылы Y орындау арқылы X-ке жетті» формуласын пайдаланыңыз.
✔️ Өз ұстанымыңызды нақты көрсетіңіз. Еңбек кітапшасын көшірудің қажеті жоқ. Егер сіздің ұстанымыңыз нарыққа күрделі және түсініксіз болып көрінсе, оны қарапайым тілмен сипаттаңыз.
✔️ Егер сіз өзіңіздің компанияңыздағы лауазымдарда өскен болсаңыз, бұл ақпаратты қосуды ұмытпаңыз. Бұл сіздің өсу және даму әлеуетінің бар екендігінің көрсеткіші. Мәселен, қанша уақыт junior -> middle ->senior -> team lead секілді өсу уақытын уақытылы көрсетіп қойсаңыз профиліңізге сапа береді.
✔️ Мүмкін болса, әрбір жаңа жұмыс тәжірибесін жаңа абзацта сипаттаңыз. Не нәрсеге жауапты болғаныңызды жазыңыз: қай бағыт болды, сіздің мақсаттарыңыз қандай болды, қандай командада жұмыс істедіңіз, қол астыңызда адамдар болды ма, егер болса, қанша.
Келесі посттарда басқа бөлімдерді қалай толтыру керектігіне тоқталамыз ?
Пікірге өз LinkedIn профильдеріңізге сілтеме қалдырып нетворкинг жасауға шақырамыз ?
Кеш жарық, достар! ?
Сіздердің сұрауларыңыз бойынша Qazaq Tech Meetup-пен Digital Dala бірге жасаған «Жасанды интеллект және машинаны үйрету» жайлы болған митабымыздағы баяндамалар жинағы. ✍️
Сіздерге пайдалы болады деп сенеміз, біз туралы бөлісіп отырыңыздар! Митаптан қандай инсайт алдыңыздар❓
13:20-да бастаймыз ?
Бізде техникалық ақаулардан, эфир инстаграмда өтетін болады: https://www.instagram.com/digitaldala?igsh=ODN1M25mbG05azNu&utm_source=qr
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.
👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk
Last updated 1 month, 2 weeks ago
https://qaraozek.uz
https://youtube.com/channel/UCciJD2dexkmrWHcvaonwKDQ
https://www.instagram.com/qaraozek_rayoni_hakimligi?igsh=MW5sNjcyZzB5MnI0NQ==
https://www.facebook.com/profile.php?id=61560591980198
@Qaraozekhakimligi_bot
Last updated 1 day, 18 hours ago