Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

«Жазарман»

Description
Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.
-----------------------
Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.
We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas

3 weeks, 3 days ago

Пайдалы болсын

4 weeks, 1 day ago

Сәлем... Бұл мен, жазарман. Тірімін, үйдемін. Қазір менде барлығы жақсы. Дұға еткен, бөліскен жандардың барлығына Алла разы болсын деймін. Ризамын.

1 month ago

құрметті оқырмандар жазарманға дұға етіп қойыңыздаршы өтініш. Көлік апатына ұшырап қалды. Жағдайы жақсы емес

Есімі Аллаһберді Абдулазиз

1 month ago

Қыз

Кеше инстада бір қыз әкесіне умраға жолдама сыйлап жатқанын көрдім. Жылы сезім. Өз еңбегімен тапқан ақшасына әкесін умраға жіберіп жатыр...

Шынын айтсам, кейбіреулер қыз перзентті болса жә бір қуанбайды. Қызық, оны тек ер бала бағатындай. Қыз тұрмысқа шығып әкесін ұмытып кететіндей. Өткенде бір таныс ағам қатара үшінші рет қызды болды. Әйелін алып қайтуға бармады. Қыз деп көңілі түсіп кетті.

Бірақ, барлық гәп тәрбиеде. Тәрбие және ілім болса, ер бала ма ол қыз бала ма парқы жоқ. Жаныңа рахат береді. Немесе керісінше, маңдайың соры.

Ұмытпа, сенің міндетің ұл немесе қыз перзент күтіп отыру емес, оларды жақсы тәрбиелеу. Сен содан сұраласың қияметте.

Жасы қырықтан асса да әкесінің зейнетақысына қарап отырған миллион «Еркек» тен бір жақсы тәрбие мен ілім алған қыз мың есе хайырлы.

1 month ago

Самооценка

Қай жаққа қарама «самооценка» яғни, өзіне беретін бағаның төмен болуы туралы көп айтып жатады. Курстар, т.б. психологтар көп жағдайды осы нәрсемен байланыстырады.

Тартыспаймын. Бұл да маңызды. Бірақ, өзіне болған сенім мен бағаның төмен болуын Адам алайһсәләм жаратылуы туралы оқып, тәфәккур етіп, бұл нәрсеге шешім табуға болады.

Алла Тағала өзінің кітабында «Біз адамды кемел түрде жараттық» дейді. Ол өте кемелдігі сонша, Алла кемел түрле жаратқанын айтып, періштелерге сәжде етуді бұйырды.

Негізі, періштелерге адамға берілмеген ілім берілді, періштелерде Раббысы мен тура сөйлесу мүмкіндігі бар еді, періштелер адам көре алмайтын нәрселерді көретін еді.

Түсініп тұрсың ба? Бұны терең тәфәккур етсең, ақылға сыймайды ғой шіркін, періштелер адамға сәжде еткен.... Алланың өзі бізді кемел жаратылыс қатарында көреді. Солай екен, неге біз өзімізге сенбейміз? Неге өзімізді төмен бағалаймыз? Қашанға дейін сол проблема мен психологтарға бара береміз? Бұл да бір шүкірсіздіктің түрі шығар кім білсін...

Бірақ, біз адам екеніміз, періштелер сәжде еткені туралы мақтанбай, бәлки Алла Тағала пенделерін өте көп мүмкіндіктермен жаратқанын тәфәккур етіп, қадірлеп, осы сипатқа лайық болуға әрекет етуіміз керек. Алла бізді жаратылыстың ішінде ең кемелі қылды.

«Самооценкаң» үстінде әуелі кемшілік атаулыдан пәк болған Алланың пендесі екеніңді тәфәккур еткен халде, өзіңді жетілдіруге тырыс. Бағаңды көтер.

1 month ago

Байқадың ба?

Сәресі бізге таң намазға уақытында тұра алатынымызды көрсетті.

Тарауих нәпіл намаз оқи алатынымызды көрсетті.

Тамаққа аз уақыт жұмсасақ көп зікір жасай алатынымызды көрсетті.

Рамазан, оразамыз бізге нәпсіні жеңе алатынымызды, оны тізгіндей алатынымызды көрсетті.

Рамазан - бұл иманымыздың уақытша өзгеруі емес. Рамазан бізге әр күні нелер жасай алатынымызды, нелерге күшіміз жететінін көрсетіп, делелдеп беріп жатыр...

2 months, 3 weeks ago

Бағана отырып болашақ әйеліме ұсына алатын кітап деген постымды тағы бір оқып қалдым. Сосын тағы қандай кітап ұсына аламын деп ойланып қалдым.

Меніңше, мен ұсынатын екінші кітап Мұрат Тосұнның(Алла разы болсын) "Ғалым тәрбиелеген аналар" деген кітабы болса керек.

Бала тәрбиесінде ананың рөлі өте үлкен. Өйткені әкелер жұмыста болып баланың қасында анасындай көп болмайды. Егер анасы жақсы тәрбие бере алмаса, не только бір баланың, бәлки бүкіл бір ұлттың болашағын құртады.

Тарихта аты қалған есімін әлі күнге шекем адамдар мақтаумен еске алатын ізгі тұлғалардың сол мәртебеге жетуінде анасының рөлі орасан зор. Имам Бұхари, имам Ахмад сынды ғалымдар әкесі болмаса да анасы олардың сондай мәртебеге жетуіне ең басты себепкер.

Кітапта бала тәрбиесіндегі қиыншылықтардан өтіп ірі ғалым тәрбиелеген аналар туралы сөз барады. Жалпы әйелдер оқуына жақсы кітап.

2 months, 3 weeks ago

Айтпақшы, ".Kz" Доменіндегі Алғашқы лгбт ресми уеб сайты Қазақстанда ресми жұмысын бастапты. Қызығы, сайтты жабу үшін қазірше бар жоғы 400 адам дауыс беріпті.

Орта Азия мемлекеттерінде бүгінде осындай боп жатырған пропаганда қазақстанда жиырма жыл алдын басталған еді. 2022 жыл өзбектерде осы зат болайын деп жатқанда өзбектер "Лгбт " өкілдері отырған автобусты тас талқанын шығарғанын көрген едім. Ал енді олар Қазақстанда ресми сайтпен жұмыс істеп бастапты. Ешкім қарсы да емес.

Биліктің, халықтың бұндай лас нәрселерге көз жұмып отыруы болашақта өз әсерін бермей қалмайды. Тіпті ол өте қымбатқа түседі. Алдағы тағы он жыл әлі талай нәрсеге пропаганда боламыз осылай кете берсек...

2 months, 3 weeks ago

Хиджаб араптыкі.

Шайтан деді: "Мен сіздерге насихат айтушыларданмын" А'раф 21-аят. Адам ата мен Хауа ана бірер біреу Алланың атымен өтірік айтады деп ойламаған да еді. Бірақ шайтан осы істі жасады.

Насихат жәй насихат емес, заттардың есімін өзгертіп насихат жасады. Мысалы, Алла оларға жәнәтта мына ағашқа жоламаңдар деген ағашты шайтан оны "Бақилық ағашы" деп өтірік ант ішті.

Шайтанның бұл жолын бүгінгі күннің кейбір адамдары да жасап жүр. Арақ ішуді рухани дем алыс деп, жалаңаш, ашық-шашық киінуді мода деп, хиджаб кигенді арапқұл деп, зина мен шариғатқа қайшы келетін әрекеттерін еркіндік деп атауда. Есімдер мен олардың аттарын өзгертіп алмасын, бұл нәрсе сені әсте алдап қоймасын.

Хиджаб күні құтты болсын!

3 months ago

Елестет, жәннәтқа кірдің, отбасыңа қарай жүгіріп бара жатырсың. Оларға "Біз анық қол жеткіздік" деп бақырудасың. Барлық Пайғамбарлар күлімдеп тұрғандарын көрудесің. Фәни өмірдегі сонша ауырсынулардан кейін, сен енді рахат ішіндесің. Сосын... Сосын...

Алғаш рет, бірінші рет Алламен кездесуің мүмкін. Ғайып перделері ашылып жатыр...

Нағыз мүминдер жанын, малын сарп етіп, хақ жолдан таймай, дүниедегі қиыншылықтарға сабыр еткен, оның жәмәлін көруді армандаған кезіңде, бұл мүмкіндік саған беріліп тұр...

Ол саған «Құлым, мен сенен ризамын, сен менен ризасың ба?» деп жатыр... Елестете алдың ба?

Қалайша бұл шын бақытты, дүниенің болмашы бір сауық-сайранға, нәпсі құмарлыққа ауыстырасың?

We recommend to visit

JUZ40-пен 140-қа🚀

Last updated hace 1 semana

Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
7 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

ТЕГІН Quiz тапсырып көр:
http://quizmarafon.tilda.ws/140al

Last updated hace 1 día, 10 horas

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Last updated hace 2 días, 8 horas