«Жазарман»

Description
Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.
-----------------------
Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.
We recommend to visit

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 2 months, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 3 weeks, 4 days ago

«Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»

Сені өзгертетін аудиоподкасттарды тыңда??

Ниетім 1 МЛН адамға Пайдалы болу?

Last updated 9 months, 3 weeks ago

1 month ago

Кейде өміріңдегі шешімдерді ақыл және сезімдеріңді өшіріп қойып, жалғыз Алланың нұсқауларына сүйеніп қабылдау керек. Өйткені, кейде көреміз, ақыл ашу келгенде сені тәрк етеді. Сезімдер ситуацияға қарап өзгереді. Ал, Алла ше? Алланың уәдесі ешқашан өзгермейді.

1 month, 1 week ago

Мотивация табудың қарапайым бір жолы: сені әрекетке үндейтін дерек тап! Мотивация сені орныңнан тұрғызуы мүмкін, бірақ алға қарай жүру өз қолыңда.

Өмірде бәріміз де жалқаулыққа беріліп, еш бір жұмыс жасауға қызықпай қалатын кездеріміз болады. Бірақ бұл жағдайдан шығудың оңай жолы, өзің жасамақшы болған іске шабыттандыратын деректер табу.

Мысалы, егер бір салада жұмыс жасағың кеп жақпай жүрген болса, сол салада жетістікке жеткен, жақсы пайда көрген адамдардың видеоларын, сұқбаттарын қарап жақсы мотивация алуға болады. Егер құран жаттағың кеп жаттамай жүрген болсаң, құранды толық жаттаған қарилардың сұқбатын көріп, менде осыған жетемін деп мотивация алсаң болады. Т.б. мысалдар өте көп.

Мотивация бұл - ішімізде әрдайым болатын нәрсе емес, бірақ оны сырттан алып келуге болады.

Егер осы нәрсені әдет қылып алсаң, көп уақыт өтпей жалқаулықтан құтылғаныңды һәм тоқтамай әрекетте боп жатқаныңды көріп өзің қуанасың.

1 month, 1 week ago

Кітап оқымайтын адамның құндылықтар жүйесі, ой-өрісі, пікірі, айналасының, достарының әсерінен, көргендерімен ғана қалыптаса бастайды. Өйткені оның басқа ақпарат алу көзі жоқ. Мысалы, сен саудагерсің, күніге зат алып сатасың. Әйтеуір күніге бір адам сені ақшаға алдап кетеді. Сен адамдар өтірікші, бәрі алдайтын біреу деп ойлап ешкімге сенбейсің. Сенің көргенің, білгенің, түйгенің сол боп тұр ғой. Айналасында не мәшһүр болса соған ереді.

Кітап оқитын адамның өзіне тән ешкімнің дүниесіне ұқсамайтын өзіндік дүниесі болады. Кітап оқу жаныңды байытады, рухты көтереді.

Оқыған нәрселер ұмытылғанда да, бәрібір іс-әрекеттерде де, қарым-қатынаста, үлкен ақыл һәм кең дүние қарас береді.

Кітап - көтерулге баспалдақ. Шипа беруші дәрі, даналыққа жол. Кітап оқу - сананы ояту.

5 months, 2 weeks ago

Жәннәт талап етуде бізбен сахабалардың айырмашылығы - олар оны амалмен іздеді, талап етті. Ал біз арман, қиялмен.

Айман Йоги

5 months, 2 weeks ago

Өткенді ұмыт.

Бірақ оның берген сабақтарын ешқашан ұмытпа.

5 months, 3 weeks ago

Көңіл күйіңнің жоқтығы біреуге дөрекі, қопал, жаман сөз сөйлеуіңе себеп, сылтау бола алмайды. Сол үшін, ілім-білім аламын деп жүгіре берместен әуелі әдеп үйреніңдер.

©Ұстаздан

6 months, 3 weeks ago

"Мартин Иден" - Джек Лондон Бұл роман тек еңбек және әрекет арқылы ең кедей қабаттан шығып кете алған адам туралы. Бір кездері ол теңізші болған, бірақ өте бай бір отбасының қызымен кездесуі оны жақсы және бай өмір сүру үшін күресуге итермелеген. Әр күні…

6 months, 3 weeks ago

"Мартин Иден" - Джек Лондон

Бұл роман тек еңбек және әрекет арқылы ең кедей қабаттан шығып кете алған адам туралы. Бір кездері ол теңізші болған, бірақ өте бай бір отбасының қызымен кездесуі оны жақсы және бай өмір сүру үшін күресуге итермелеген.

Әр күні жұмыс істеу, өз-өзін жетілдіру, тәрбиелеу, дамудан тоқтамау Мартинды өте атақты және бай етеді. Ләкин, ол өзі армандаған бай өмірге қол жеткізер екен, ол қашан-ақ еш нәрсені қаламай, көңілі тыныш емес, бай өмірді ұнатпай қалған еді... Бәлкім ол қаржы жағынан байып кетуге әрекет ете беріп рухани байлықты ұмытып кетті. Жүрек тыныштығы байлықта емес шүкіршілікте екенін түсіндірген кітап болды.

Қаһарман кітап авторы Джек Лондонның тағдырын қайталағанымен де роман дүниеде ең көп оқылған атақты кітаптар қатарына кіреді.

6 months, 4 weeks ago

Бірер бір нәрсе жасау үшін ешқашан идеал уақытты, сәтті күтпе. Сенде өз-өзінен бос уақыт не идеал уақыт пайда болып қалмайды. Жауапкершілігің еш қайда қашпайды.

Көпшілік сәл кешірек, біраз уақыт өтсе мақсатыма, ниетіме жетемін деп ойлайды.

"Кейінірек оқимын" , "Кейінірек бастаймын, дүйсенбіден, айдың басынан бастаймын" , "Азырақ уақыт өтсін, қазір дайын емеспін" деп өз-өзін жұбатады.

"Кейін" деген мүлдем келмеуі, келсе де ситуация дұрыс келмеуі мүмкін. Бос уақытың да болмауы мүмкін.

Қолыңнан келгенін құдыретін жеткенше жаса. Қазір, дәл осы кезде. Қандай жағдай болмасын әрекеттен тоқтама. Өзіңді ақтап, сылтау табуды қой.

Һәм ойлап көр, сол ойлап жүрген нәрсеңді расымен жасай алмай жүрмісің немесе сол ойды іске асыруды өзің қаламай жүрмісің?
Расымен уақытың жоқпа? Немесе уақытың болмашы бір нәрселермен өтіп жатырма?

Түнде жатарда "Былай істеп көрсем қалай болар екен" деген ойларыңды ақиқатқа айналдырып, әрекет етіп көретін де уақытың келді.

7 months ago
We recommend to visit

ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :

ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025

БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025

ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025


Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе

"UBT Academy" жобасын құрушы

Last updated 2 months, 2 weeks ago

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.

🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Last updated 3 weeks, 4 days ago

«Шын мәнінде, адам өзі өзгермейінше, Алла оның (жағдайын) өзгертпейді»

Сені өзгертетін аудиоподкасттарды тыңда??

Ниетім 1 МЛН адамға Пайдалы болу?

Last updated 9 months, 3 weeks ago