ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago
*? «Имам Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад ибн Әбу Суләйман (Алла ол екеуін рахымына алсын), әр Рамазан айында 500 адамға ауызашар беретін еді.
«Айт мейрамынан кейін ауызашар берген әрбір адамға сыйлық ретінде жүз дирһамнан беретін».
? Сияру Әғләм ән-Нубәлә 5/234*
*? “Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын), (сахабалардан мүмкіндігі болғандардың) мешітке өз бақшаларынан бір себет құрма алып келіп, мешіт қабырғасына ілулерін бұйырды.”
? Ибн Хиббән, 3288
? Яғни мешітте (медреседе) оқып жатырған шәкірттердің одан жеулері үшін.*
*? Ғылыми арна іздеген ілім ізденушілерді арамызға шақырамыз…?
❗️Каналы бар ілім ізденушілер болса осы жазбамды таратып жіберсеңіздер…?*
*? Ибн Хәжәр әл-Асқаләнидің “Фәтх әл-Бәри” еңбегі.
? Ибн Хәжәр “Сахих Бухари” еңбегіне маманданғандығы соншалық, ол турасында Шейх Мухаммад Аууәмә (Алла оны сақтасын) асыра сілтеу арқылы:
“Бір адам, Хафиз ибн Хәжәр “Сахих Бухариді” Имам Бухаридің өзінен қарағанда жақсырақ біледі” десе, ол адам бекер айтпаған болар еді.” - деген болатын.
▪️Ибн Хәжәрдің “Фәтх әл-Бәри” еңбегінің ерекшеліктерін былай ашықтасақ болады:
1) Кітаптар және баптар:
- Бухари риуаяттарының арасындағы айырмашылықтарға тоқталу.
- Кәлималардың иғрабын жасау.
- Кітаптың және баптың айтылып кету себебін ашықтау.
- Муғалләқ хадистердің мәусул жолдарын жеткізу және бұл жердегі риуаяттарды ашықтау.
2) Хадистердің шархы:
- Рауилерді және олар турасында айтылғандарды атап өту.
- Хадистің иғрабына қатысты ақпарат беру.
- Ғариб сөздерді ашықтау.
- Хадис іліміне қатысты қамтыған мәселелерді ашықтау.
- Хадистегі пайдалы мәліметтерді жеткізу.
- Хадистің бапта орын алу себебін айтып өту.
- Хадис мәтінінде Бухари және Муслим арасындағы айырмашылықтарға тоқталу.
▪️ Ибн Хәжәр “Фәтх әл-Бәри” еңбегінде әрбір кітаптың соңында Бухаридің Муслимге қарсы инфирад еткен хадистерін айтып өтеді.
▪️ Ибн Хәжәр “Фәтх әл-Бәри” еңбегінде әкесініңде сөздерін келтіреді.
▪️ Ибн Хәжәр “Фәтх әл-Бәри” еңбегінде ұстазымыз “Тәдрибте” былай деді деп бірнеше жерде айтып өтеді. Бұл жерде мақсат етілген ұстазы Имам Суюти емес. Өйткені Ибн Хәжәр Суютиден алдын келген және оның үстіне ол Суютидің ұстазы болған. Бұл жердегі ұстазынан мақсат, Сиражуддин Умар ибн Расләән әл-Булқини (һ.805). Оның кітабының есімі де “Китәб әт-Тәдриб фии әл-Фиқһи әш-Шәфиғи”.*
*? Хадистердің саны.
? Ибн әл-Жәузи (Алла оны рахымына алсын) хадистердің санын анықтау мүмкін еместігін, онымен қоса кейбір мухаддистердің хадистерді жинау үшін көптеп еңбек еткендігін, жинаған хадистеріне қарай белгілі бір сандарды қойғандарын айтады. Мысалы Имам Ахмад ибн Хәнбәл өз кітабын 750 мың хадистің ішінен, Имам Бухари өз кітабын 600 мың хадистің ішінен таңдап алғандығы осыған дәлел болады. Оның үстіне бұл сандар тариқтарды (хадистің келу жолдарын) көрсетеді, мәтіндерді емес. Сондықтан хадистерге қатысты берілген сандар, әр санның мәтіні бөлек бір хадис екендігін көрсетпейді.*
*? “Кімде-кім ілім ізденетін болса, бұл ісі оның өткен күнәларына кәфәрәт болады.”
? Тирмизи, Илм 2, 2650
? Мулла Али әл-Қари (Алла оны рахымына алсын) айтты:
“Яғни кіші күнәларына кәфәрәт болады.”*
*اللهم لا تَجعل الدنيا أكبر َ همِّنا و لا مَبلغَ عِلمنا
▪️ “Аллаһым, дүниені біздің ең үлкен мақсатымызға айналдырма және білімімізді де тек дүниеге тән қылма.”
? Тирмизи, Дәғәуәт 80, 3502*
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago