أخبار الكازاخي

Description
لأكتب ما وجدته رافعا للجهل ونافعا للعقل ومريحا للبال
We recommend to visit

قناة احمد علي على تيليجرام ( شروحات تقنية ، تطبيقات ، ‏أفلام ومسلسلات ، خلفيات ، و المزيد )

Last updated 1 year, 3 months ago

يرمز تيليجرام إلى الحريّة والخصوصيّة ويحوي العديد من المزايا سهلة الاستخدام.

Last updated 1 year, 4 months ago

- بوت الإعلانات: ? @FEFBOT -

- هناك طرق يجب ان تسلكها بمفردك لا اصدقاء، لا عائلة، ولا حتى شريك، فقط انت.

My Tragedy Lies With Those Things That Happen in One Second And Remain

- @NNEEN // ?: للأعلانات المدفوعة -

Last updated 1 year, 5 months ago

1 year, 5 months ago

Шәкірттерге айтар өсиетім:
1 – Білімді басты мақсат деп емес, сол басты мақсатқа алып баратын жол ретінде қарастыру. Өйткені, басты мақсатымыз - амал ету. Сол себепті, шама келгенше амал етуге асығу керек.

2 – Білімді құрметтеп, ризық көзіне айналдырмау керек!

3 – Еш үзбестен, үнемі білім алу. Үмбет терең білімі бар мамандарды күтуде.

4 – Бұл білімнің өзі дін. Сол себепті, шәкірт тілден шығатын әр сөз бен жазбаларына дұрыстап мән беріп, дұрыстығына көз жеткізу керек.

Заманымыздың ең ұлы ғалымдардың бірі Мұхаммед Аууама

[Сафахат мудиа, 111 б.]

1 year, 5 months ago

Зубейр ибн Баккардың қарындасы:
- Нағашым ең керемет күйеу. Тоқал алмайды, күңге де қызықпайды,- деген уақытта Зубейр:
- Оның өзінде оның әйеліне күйеуінің кітап оқудан жалықпайтындығы үш әйел үйленуден де ауыр тиеді.

[Ас-сабр аля аз-заужат, 55 б.]

1 year, 5 months ago

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Осыған орай, дініміздегі отанның маңыздылығы және отан сүюге қатысты кішкене ғана жазба жазған едім. Төмендегісін басып, кірсеңіздер болады.

Исламдағы отанның маңыздығы

1 year, 5 months ago

Бір жігіт Айша анамызға барып, хадис айтуын сұрайтын. Бір күні әдеттегідей хадис сұрап келген уақытта Айша анамыз оған:
- Балам, естіген хадистеріңе амал етіп жүрсің бе?,- деп айтты. Жігіт:
- Амал етпей жүрмін,- деп жауап берді. Сол кезде Айша анамыз оған былай деді:
- Балам, не үшін Қияметте өзіңе және бізге қарсы шығатын дәлелдерді көбейтіп жатсың?!

[Иқтидо ал-илм ал-амал, 92 хабар]

1 year, 5 months ago

Кітаптарды жинап жүрген адам - алтын мен күміс жинап жүрген кісімен тең.

Кітаптарға тоймайтын адам - алтын мен күміске ашкөз адаммен тең.

[Иқтидо ал-илм ал-амал, 19 б., мактабат ал-мағариф]

1 year, 5 months ago

Ислам секілді кішкентай бүлдіршіндерге ерекше мән беретін дін бар ма екен?

Бір бәдәуи Пайғамбарымызға (صلى الله عليه وسلم) келіп:
- Сендер не, балаларыңды сүйесіңдер ме?,- деген уақытта Алланың елшісінің (صلى الله عليه وسلم) жауабы осындай болды:
- Алла Тағала жүрегіңнен мейірімді суырып тастағанына мен жауаптымын ба?

Басқа бір хадисте:
- Балаларың Алланың берген сыйы!

[Рисәләтән фи адаб тарбия ал аулад, 3-5 бет]

1 year, 5 months ago

Шәкірт жас кезінде болашаққа алданып, жоспарларын кейінге қалдыра бермей, білім алуға барынша ұмтылу керек. Өйткені, өмірде өтіп жатқан әр сәттің орнын басатын ештеңе жоқ! Толықтай өзін білімге арнауға кедергі барлық байланыстарды үзу ләзім.

[Тәзкира ас-самиғ уал-мутакаллим, 167 б., дарул фатх]
___
Шейх Абдулхаким ал-Анис (Алла өміріне берекет берсін) осыған байланысты былай айтқан:
- Ынтасы мол досың сені де биікке алып шығады. Ал егер ол өлік болатын болса, уақыт өте келе сені де өлік қылады.

Бұрыңғы ғалымдарымыз өлім аузында жатса да, біліп алуын тоқтатпаған. Олардың ұрандары:
- Бір мәселені біліп өткенім, білмей өтпегеннен қарағанда әлдеқайда жақсырақ!,- болған.

1 year, 5 months ago

Ауырсаң, сабақ оқы!

Өйткені, үлкен табиғиндердің бірі Макхул былай деген:
“Адамдар жайлы әңгіме айту - аурудың бір түрі. Ал оның шипасы - Алла Тағаланы еске алу!”

Ал әйгілі ғалым сахаба Ибн Масғуд:
“Білім алыңдар! Өйткені, білім алу - жақсылық. Ғылым іздеу - құлшылық. Талқылау - тасбих. Зерттеу жұмыстарын жасау - Алла жолындағы күрес. Сабақ беру - Аллаға жақындатар амал. Білмегенге үйрету - садақа!”

Яғни, білім дегеніміз Алланы еске алу болып саналады.

Осыған орай, кей ғалымдар білімді шипа ретінде көретін! Сол үшін, ауырғандарына қарамастан, шама жеткенше сабақ беретін!

[Қараңыз: тазкира ас-самиғ уә ал-мутакаллим, 81, 116 б., дарул фатх/ ал-уабил ас-сайб, 171 б., дар аламил фауаид]

1 year, 5 months ago

Тіл үйренуде ең маңызды кезеңдердің бірі - сөз жаттау. Осыған орай, көп шәкірттерде “сөз қалай жаттаса болады?” деген сұрақ туындайды. Әрине, тәсілдер көп. Әр адам өзіне жеңіл, ыңғайлысын тауып алып, жаттай береді. Алайда, осы тәсілдердің арасында пайдасы аз болған жолдардың бірі - санаққа салып (қайталай беру арқылы) жаттау.

Иә, кей оқушыларды сөздік кітаптарын тоқтамай жатқа айтып жатқанын көреміз. Сұрасақ, сөздіктерді қатарынан 50,100 рет қайталау арқылы жаттаған болып шығады. Бірақ, бұл тәсілмен жаттаудың бір өте үлкен минусы бар. Ол - өйтіп жаттағанның өзінде, практикада ол сөздерді қолдана алмайды. Неге? Өйткені, көбінесе (!) сөйтіп жаттағандар бір сөзді еске алу үшін, жаттаған бүкіл сөздерді миында өткізіп барып, еске түсіреді. Бұл айтып тұрған әңгімем - өмірімізде көріп жүрген жайттардың бірі.

Оған қоса, бұндай шәкірттердің көбі өте ынталы болып келеді. Қалай ондай болмасын? Ондаған сөздерді 50,100 рет қайталап шығудың өзі қаншама сағат талап етеді. Алайда, бұл уақытты тиімдірек пайдалану мүмкіндігі бола тұра оны қолданбау, өзіне зұлымдық қылудан басқа ештеңе емес. Сол үшін, ең дұрысы - жаттаған сөздерді көбірек практикада қолдану. Яғни, сөйлеген уақытта қолдануы, өз эссе, хаттарында жазуы.

1 year, 8 months ago

Кітабымды жазып болғанымнан кейін әрі қарай шамам жетпейтіндігімді сездім. Осы жазғаным - білімімнің ақырғы шегі екенімді білдім. Сөйтіп, өз ісімді Аллаға тапсырып, адамның істей алатын амалдың шегі - кәміл болмайтындығын түсіндім.

Адамның бүкіл ісі кемшілікке ұшырайды. Ал нағыз кемелдік тек Жалғыз әрі Қиямет күні пенделердің арасында әділ үкім беруші Аллаға ғана тән!

[Шейх Ибраһим Шағбан, әл-кауашиф әл-жалия, 635 б.]

Соңғы бір жарым апта бойы оқыған кітабым. Кітап өте керемет, жеңіл тілде әрі тым түсінікті жазылған. Ұстаздың бар күшін осы кітапқа жұмсағаны көрініп тұр. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етсін!

We recommend to visit

قناة احمد علي على تيليجرام ( شروحات تقنية ، تطبيقات ، ‏أفلام ومسلسلات ، خلفيات ، و المزيد )

Last updated 1 year, 3 months ago

يرمز تيليجرام إلى الحريّة والخصوصيّة ويحوي العديد من المزايا سهلة الاستخدام.

Last updated 1 year, 4 months ago

- بوت الإعلانات: ? @FEFBOT -

- هناك طرق يجب ان تسلكها بمفردك لا اصدقاء، لا عائلة، ولا حتى شريك، فقط انت.

My Tragedy Lies With Those Things That Happen in One Second And Remain

- @NNEEN // ?: للأعلانات المدفوعة -

Last updated 1 year, 5 months ago