Бір өмірлік. ♥️🖇

Description
Солай ботам, күзде гүлдер солады,
Киіп жүрген киімдерде оңады,
Бұл жалғанда өкпелеуің бекер ғой,
Біз уақытша қара жердің-қонағы...🍀🌾
Advertising
We recommend to visit

Жарнама/Сұрақтар бойынша: @wtsp_bot

Stray Kids — @StrayKids_BUMM
Gallery — @skzgallery_BUMM

Источники: https://twitter.com/skzwithstay8?t=FM3OJW-gG9gAu6KI9ybxrA&s=09

Last updated 2 weeks, 2 days ago

Girls

Last updated 3 months, 1 week ago

1 month, 1 week ago
1 month, 1 week ago
1 month, 1 week ago

#МузТайм#ЖаңаӘн Ернар Айдар- Білесің бе?❤️**

🍀 @bir_omirlik 🍀**

4 months, 1 week ago

Ғұмыр қысқа дейміз - ау, ғұмыр қысқа,
Тоқтайтынын білмейміз қайсы тұста.
Қысқа ғұмыр қамшының сабындай - ақ,
Ұқсайды екен пыр етіп , ұшқан құсқа.

Өткен күннен өкініш бар ма, сірә.,
Оралмайды мейлі күл, мейлі жыла.
Кеткен жанды іздейсің айналаңнан,
Келмейтінін қайтадан біле тұра.

Кейде ренжіп, дүние тарлығына,
Қолды бірақ сілтейсің барлығына.
Байқасаңыз бәріне уақыт.емші,
Силасқанға жетпейді барлығы да.

#БірӨмірлік#АА *? @bir_omirlik ?***

4 months, 1 week ago

«Құдағи сырға» тойда тағылмайды.

Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады.

Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің керін жасауда. «Тойға мынадай апарасыңдар» деп ешқайсысына салмақ салмайық. Әрқайсысы шамасы келгенін алып барар. Ал қыздың соңынан апаратын бар дүниені өздерің алыңдар. Біреуге міндетсінгенді суқаным сүймейді» деді. Бұған келіскен үш ағайынды «Жарайды» деп бастарын изесті. Өйткені, екі қайным тым жас, әлі жұмыс істемейтін. Сонымен, не керек, бұл басқосу қорытындысында қыздың соңынан алып баратын дүниелерді, тойға бір апта қалғанда алатын болып, келісіп кеттік. Әйтсе де, қызықтың көкесі басталды да кетті.

Ертеңіне Шымкенттегі «Қырғы базарда» жаңа құдағимен кездесіп қалсам бола ма? Жылышыраймен амандасқан құдағи амандық-саулықтан соң: «Қалай, тойға келуге дайындалып жатқан шығарсыңдар?» деп бір қойды. Жаман ештеңе ойламаған мен: «Иә» деп жауап бере салдым.

Әзілдеген сыңай танытқан ол:
«Әй, ертең тойда маған алтыннан «Құдағи сырға» тағуды ұмытпаңдар», деді. «Жақсы», – деген мен іштей: «Мұнысы несі, айтпаса да тағылатын нәрсе ғой, оны неге айтты екен?» - ойладым да қойдым.

Арада көп уақыт өтпей ата-ененің үйіне барған мен асханада жүріп, өзімнен кейінгі кіші келінге болған жайтты айттым.
Таңырқаған ол:
- Қойыңызшы, онысы несі? Негізі, «Құдағи сырғаны» қыз алған жақ тағу керек қой, – деді.
Мен болсам:
Жоқ, екі жақ та тағады деймін келіспей.

Сөйтіп, ауладағы тапшанға дастархан дайындап жатқанымызда көрші үйдегі Дина апа келіп қалды. Тапшанның бір шетіне отырған одан кіші келін:

- Апа, «Құдағи сырғаны» тойда тек қыз алған жақ таға ма, әлде, екі жақ та таға ма деп сұрады.

Аздап ойланып барып сөйлеген апа:Әй айналайындар-ай, біріншіден, «Құдағи сырға» тойда тағылмайды. Қазіргілер салтты білмеген соң, бұзып жүр.

Екіншіден, оны тек қыз алған жақ қана тағу керек. Бұрын біздің кезімізде «Құдағи сырғаның» тағылу уақыты бір жылдан кейін болатын. Неге?

Оның себебін мен сендерге айтайын:

Қыз ұзатылған соң енесі оның тәлім-тәрбиесіне, ісіне бір жыл қарайды. Сол аралықта келін өзін тек жақсы жағынан көрсете білсе ғана енесі құдағиына разылығын білдіріп, «Құдағи сырға» тағатын. Онда да оны қазіргідей тойда тақпайтын. «Құдағи сырға» тағудың өз жоралғысы бар. Ол үшін арнайы құдалар жаққа «Құдағи сырға» бара жатыр» деген хабар жібереді. Құдалар жағы қатты дайындалмаса да, бір қойын сойып, жақын-жұрағаттарын шақыратын. Жігіт жақтан келген 2-3 әйел құдағиға жақсы қыз тәрбиелегені үшін алғыстарын білдіріп, сырға тағады.

Ауылда «Құдағи сырға» тағылған ананың жүзі жарық, абыройы асқақ болады. Ал тағылмаса, ұят саналатын. Ондай жағдай болмас үшін біздің кезде тұрмысқа шыққандар: «Төркінімді ел-жұртқа масқара етпейін, шешеме «Құдағи сырға» тағылсын» деп бір жыл бойы өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысатын. Сөйтіп жүргенде ерке қыздардың өзі жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, әдепті, пысық болып шыққанын білмей қалатын», – деп білгенін бізге айтып берді.

Иә, «Құдағи сырғаның» жөні осындай екен.

Қазір үйленген күні-ақ той жасап, бір-біріне сырға тағып жатқан құдағилар бар. «Құдағи сырғаның» мәні кеткен соң кейбір келіндердің ененің дегеніне көнбей, оның соңы шаңырақтың шайқалуына ұласып жататыны да сондықтан шығар.

Дайындады: Асанали Асанбек#БірӨмірлік#АА *? @bir_omirlik ?***

4 months, 1 week ago

Түсінер түйсік болса ұғынар ұлың болса қымсынар қызың болса мазмұны, мағынасы көп әңгіме айтылды. Бидің ақылдылығы, қыз жат жұрттық өзге шаңырақтың шамын жағып берекетін келтіріп отыратындығы көңілге қонатын жайттар.
Осы әігімені оқып түсініп, тəубасына келетін қәзіргі байларға жұғысты болса екен. Адамдар бес күн тірлікте осындай сыйластықта болған дұрыс қой Ақша мал-дүнйе бәрі бос әурешілік. Бұл жалған дүниеде, құлшыдық еткен адамның ақ ниетінен артық ештеңе жоқ шығар. Өзін менменсініп, құр көкірек көтеру меніңше пасықтық менменшілдікке жатады.
Алла тагала не берседе қайырымен берсин! Алланын берері таусылмасын! Саналы да сапалы ұрпак берсін.

- Тарақты Бауыржан#БірӨмірлік#АА *? @bir_omirlik ?***

6 months, 3 weeks ago

Сүю деген – көкірегіңде жүрек барын түсіну,
Сүю деген – сезімталдық дертіменен ұшыну.
Сүю деген, сүю деген – тысың бал да, ішің у,
Бойжеткендік ұялу мен бозбалалық қысылу.
Сүю деген – қаперіңнен өзге үшін ұмтылу,
Сүю деген – нәрестелік көздеріңе мұң тұну.
Жұлдызды түн көзді жұмып, ерініңді тiстелеу,
Жігіттегі құмарлық пен арудағы ынтығу.
Сүю деген – күлгін таң мен күрең кештен
қызғану,
Бұл ғаламның мұңындағы бар обалдың
ызғары.
Ай сәулесі жылу беріп, күн нұрынан сыздану,
Тәңірін де сескентетін сезімдердің құздары.
Сүю деген осы десем, неге, гүлім, сенесің,
Сүю жайлы сұрамашы, ол немене демеші,
Мені сүйіп көрді ғой деп ойлайсың-ау
сен осы.
Күздің сағынышы, қыстың пәктігімен іздесең,
Көктемде жүрер бәлкім махаббаттың елесі.

- Ерлан Жүніс - Сүю деген...#БірӨмірлік#АА *? @bir_omirlik ?***

6 months, 3 weeks ago

Көп адамдар іздеген ән.
БІР ӨМІРЛІК ❤️

6 months, 3 weeks ago

Бір адам жайқалған бақшасы бар зәулім үй сатып алыпты. Жанындағы ескі үйде тұратын көршісі бұның бақытты өмірін көре алмай, күнде қақпасының алдына қоқыс толы шелегін тастап кетеді екен. Осы оқиға бірнеше рет қайталанады. Бір күні зәулім үйдің иесі әдеттегідей жақсы көңіл-күймен оянып, сыртқа шықса, есігінің алдында тағы да қоқыс толы шелек тұр. Жылы жымиған жақсы адам шелекті алып, қоқысын төгіп, ішін жуып, бақшасынан ең әдемі алмаларды теріп, шелекке толтырып, көршісінің үйіне беттейді.
Келе жатқанын терезесінен байқап қалған іші тар көршісі:
"Әп, бәлем!
Шыдамың шегіне жетті ме?!, - деп, білегін сыбанып, ұрсысуға дайын болады.

Тек ақырын қағылған есікті ашқанда, ашулы емес, жылы жүзді көршісін, қолындағы алма толы шелегін көреді.

Абдырап:

- Бұны не үшін әкелдіңіз?, - дегенде, көршісі:
- "Кім не нәрсеге бай болса, сонымен бөліседі" емес пе,
алыңыз", - деп, алмасын ұсыныпты.

Иә, жұмыр жердің бетінде бәріміз бір-бір шелекпен жүрміз. Ол шелекпен не тасып жүрміз, бір Құдайдың өзі біледі...

1) Жамандық па, жақсылық па?

2) Адалдық па, арамдық па?

3) Өсек пе, өнеге ме?

4) Өтірік пе, шындық па?

5) Шаттық па, мұң ба?...

Түйін:

Шелегіңіз жақсылыққа толы болсын.
Іш тарлықпен көре алмаушылық ең жаман әдет...

#БірӨмірлік#АА *? @bir_omirlik ?***

We recommend to visit

Жарнама/Сұрақтар бойынша: @wtsp_bot

Stray Kids — @StrayKids_BUMM
Gallery — @skzgallery_BUMM

Источники: https://twitter.com/skzwithstay8?t=FM3OJW-gG9gAu6KI9ybxrA&s=09

Last updated 2 weeks, 2 days ago

Girls

Last updated 3 months, 1 week ago