Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago
Мүсірепов залы. “Әпке” қойылымы. Қамажай мен Қабеннің бір-біріне ұмтылған жүрегі, алайда оған кедергі болған тағдыр. екеуінің сезіміне дөп түскен осы ән. ескі әндерді естігенде ерекше тебіренетін менің жүрегім. бәрі де кешегідей.
жай есіме түсіп кетті
Маған адамдардың мас болғанда жылайтын ақкөңіл кездері ұнайды. Маған адамдардың бір нүктеге қадала қарап қалған көздері ұнайды. Маған адамдардың ұялғанда қызарып кететін бет-әлпеті ұнайды. Маған адамдардың «Бірінші сен» дейтіні ұнайды. Маған адамдардың ғашық болғанын түсінгендегі сәті ұнайды. Маған адамдардың көгершіндерді қоректендірген кезі ұнайды. Маған олардың сүйіктісі туралы махаббатпен айтқан әңгімелері ұнайды. Мен үнемі адамдардың шынайы сәттеріне ғашық боламын. Шынайылық тым сүйкімді!
жүрегің қалаған нәрсені жаз?
t.me/anonquebot?start=d3kjo
сен туралы әлі жазбадым.
бар уақытымды сені сүюге арнадым, сондықтан жазуға уақытым болмады.
мен сені ойлай бастағанда,
(бұл сені соңғы ойлауымның бітуінен бұрынырақ)
тіпті тау-тастар,
тіпті бұлт, жаңбыр мен қар,
топырақ пен су, аспан,
күн, ай мен жұлдыздар
олар да менімен бірге,
және олар да дәл мен секілді сені ойлайды…
бұ күндері үнемі ойға батып жүремін.
суға сағатты саламын, жұмыртқа қолымда,
бір күн күнтізбеге қарамасам жылды ұмытамын.
жолда да ойланып жүремін,
басымды бұталарға соқпайынша ояна алмаймын.
Сағат сұрағанда: – Сәуірге қанша бар? – деймін.
ешқашан бұндай күй кешпедім.
білетіндерден сұрадым.
– Махаббат бұл, – деді олар…
автор: Метин Вурал
аударған: ақжауын
рухани демалу үшін құрбыларыңмен бір кездесу жеткілікті.
Өсу – көндігу. Жас кезімізде дүниені құтқаратындай күшіміз бар деп ойлаймыз. Бір ғажап нәрсе боларына сенеміз. Өмір деген – адал нан табумен өтетін бірнеше жылдар. Өскен сайын осыған көндігесің. Көзің жетеді, көкірегің ашылады. Сондықтан оны көгеру дейді. Алайда жүрегіндегі балақайды өлтірмегендер – міне, бақыттылар!
Ерлан Жүніспен кездесуден есімде қалған бірер ой.
Біз сенімен сезімдерді бөлістік және көк аспанды.
Жұлдыз аққанда бірдей тілек тіледік.
Аймен қоштастық, күнді қарсы алдық.
Жаңбыр тамшыларынан жеті түс шығардық.
Жауын астында қалуды бөлістік.
Уақытты тоқтатып, еріндеріміздегі сезім сөздерін құстардың қиқуында еріттік.
Көз бен көздің түйіскенін бөлістік.
Жапырақ жасылын, қардың ақтығын, гүлдердің иісін бөлістік.
Бір жұтым су, бір жұтым сезім емес.
Біз сенімен сезімдер теңізін бөлістік.
автор: Метин Вурал
аударған: ақжауын
қол ұстасып жүрген ғашықтарды көргенде ғашық болғың-ақ кеп кетеді. “дұрыс жігіт жоқ,” – дейтіндердің қатарынанмын, қайтейін?
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
?? @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 1 month, 3 weeks ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 2 months ago