Төлеген Айбергенов атындағы 4-мектеп

Description
Бұл канал қазақ әдебиеті поэзия жанрына 50-60 жылдары сүбелі үлес қосып, өлеңге өзгеше түр берген ақын, Төлеген Айбергеновтың өмір жолы жайлы ғылыми мақалалар, оның оқыған мектебі жайлы мәліметтер, ауылы туралы тың мағлуматтар беріліп барылады.
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

1 month, 4 weeks ago

Бес күнге созылған, білім бәсекесіне айналған дәстүрлі пәндер олимпиадасы бүгін өз мәресіне жетті. Білім сайысын бүгін Математика, Өзбек тілі ана тілі және мемлекеттік тілі қорытындылап берді.
        Бүгінгі додалы сайыстың қорытындысына бабында тұрған мектебіміздің 10-сынып оқушысы Куатова Жаннур математика пәнінен белдесуге шығатын. Мен оқушымның топ жаратынына сенімді болатынмын. Олай нық сенгенім Жаннурдай білімді қызымның артында өз қәсібіне адал, жанкүйер, пидайы мектебіміздің 1-санатты мұғалімі Хожалепесова Ділбардай бапкері болатын. Ділбар шәкірті Жаннурмен сабақтан тыс уақытының бір минутын да босқа өткізбей мектепте тек дайындық жұмысын алып барды. Өз қызметін, сабағын, үйірме жұмыстарын, сынып жетекшілігі, әдіс бірлестік басшысы және тағы да басқа мектептің  күйбеңі мен қоса Жаннурдай шәкіртін  ізіне ертіп жүрді. Соның арасында өзі де білім үйреніп, таярлық курстарына да қатынап жүрді. Қылт етсе Жаннурға бет бұрды, есеп шығарды. Негізгі қызмет уақыты аяқталуымен ісі олимпиадаға таярлықпен өтті. Міне, бүгін Ділбардай пидайы ұстаз дәстүрлі пәндер олимпиадасынан Жаннурдай талапшаң оқушыны өзінде бар білімді аямай беріп, Қоңырат ауданы бойынша математика пәнінен олимпиада чемпионы қылды. Осындай жанкүйер педагогыма қанша мақтау мен мадақ айтсам аз. Мен бүгін қатты толқып тұрмын. Бүгін олимпиада өз мәресіне жетті. Аядай ғана ауылдың аядай ғана мектебінде бүгінгі күнде 97 оқушы тәлім-тәрбие алады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады" - дейді ғой! Бірақ бізден жүйріктер мен қатар тұлпарлар да шығып, ауданда ойып тұрып орнымызды алдық. Жумабайдың тілімен айтқанда Ділбардай ұстазға бәрі "Ооо" - дейтін болды. Әрине бұл жетіскендіктер бәрі де өз-өзінен болмады. Педагогикалық кеңес мәжілістерінің барлығында күн тәртібіндегі бірінші мәселе "Балаға сапалы білім беру", "Қырық бес жылдық мұғалім болсаң да, қырық бес минуттық сабағына дайындал" деген ұранмен осындай додалы білім сайыстары, пәндер олимпиадасы, жоғары оқу орнына кіру мәселесі қаралып барды. Қатаң, нық тапсырмалар берілді. Соның салдарынан әр жылы сайын мектебімізде жоғары оқу орнына кіру көрсеткіш жоғарылап барды бірнеше жылдан бері пәндер олимпиадасында Өзбекстан республикасы басқышы қатысушысы жүлдесіне дейін жетіскендікке ерістік. Әрине бұның барлығы менің еңбек сүйгіш мұғалімдерімнің арқасы. Мен мұғалімдеріме,  "Сіздер қандай игі іске қол ұрсаңдар да қолдаймын, керек жерінде төбеме қойып жүремін" - деймін. "Төбеме қоям, бірақ оған бола семіріп кетіп, өздеріңді жоғалтып қоймаң" - дейтінмін. Менің кешегі олимпиадада жүлде алған Мауленова Сайра, Ембергенова Аймекен, Жуматова Зухра және Хожалепесова Ділбардай мұғалімдерім қанша жетіскендікке жетсе де өздерінің ұстаздық инабатынан аспай, кішіпейілдігінен тайған емес. Мектепте марқайып мен алдыңғымын деген емес. Мектеп дирекциясынан қандай тапсырма берілсе де жауапкершілікпен сен менге бармай өз уақытында орындап барды. Әрине бұның барлығы нағыз ұстаз екенінің белгісі.
      Сөзімді қорыта келе мен Жаннурдай білімді, ақылды қызға тәрбие берген Қуаттай атасы мен Маржандай әжесіне, дүниеге әкелген Азаматтай әкесі мен Алмагүлдей анасына мыңда-мың бір рақмет рақмет, рақмет және рақмет айтамын.
        Мынау асығыс заманда менің толқумен шыққан қуанышымды біреудің оқуға уақты бар, біреудікі жоқ. Оқымаса Абайша айтсам "Өз сөзім өзімдікі" ал мен болса "Жүзден жүйрік суырылып шығатын білім додасында  мектебім жеңіс тұғырынан көрінгеніне қуаныштымын". Үздіксіз ізденіс пен оқу нәтиже беріп, ұстаздарымның сенімі ақталған күн болды. Бұл жетістігім – ертеңгі болашағымның бір кірпіші болып қаланарына сенімдімін. Алда республикалық кезең күтіп тұр. Босаңсуға еш болмайды. Біздің бағындырар асуымыз алдында менің аузын ашса жүрегі көрінетін ақ көңілді, кең пейілді мұғалімдерім

https://t.me/tolegenaybergenov

1 month, 4 weeks ago

Мынау найзаның ұшымен білектің күшімен жауға шапқан батыр әрі ақын Махамбет Өтемісұлы

"Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім".

Ардақты ұстаздар, мен бүгін Жуматова Зухрадай жас мамандарым барда екі тарлан бөрі емес Айбатты арыстан болып тұрмын ғой! Бүгін бізде тағы да сенсация болып тұр. Ұзақ созбай мән жайға өтейін. Бүгін Дәстүрлі пәндер олимпиадасының төртінші күні Физика пәнінен мектептің 9-сынып оқушысы Гаюпова Диана Махмуд қызы район көлемінде 2-орынды иемденіп, Республика басқышына жолдама алып келді. Оқушыны баптаған ұстазы мектептің 1-категориялы физика пәні мұғалімі Жуматова Зухра Маратовна. Мен әу бастан-ақ Зухраның осы додалы сайыста жүлдегер атанатынын білгем. Оның біліміне сенгем, оқушымыз Гаюпова Диана да олимпиадаға өзінің нық сенімімен, біліміне сеніп кетті. Бүгін міне нәтижесе оқушымыз өзінің еңбегінің арқасында, білімге деген құштарлығының арқасында ауданның 40 астам мектептерін артқа тастап жүлдегер атанды. Осы білім додасына аянбай өзінің бар білім нәрімен Диананы сусындатқан Жуматова Зухраға қанша мақтаумен мадақ айтсам да аз. Зухра уақытпен санаспай оқушысын әр күні, күн батқанша екінші сменаға алмасуға келген қарауылдар келемін дегенше дайындады. Бұл әрине ұстаздың өз қызметіне деген адалдығы. Осындай педагогтар көп болса, кемел ұрпағымыз жастарымыз бізден де ақылды, бізден де сауатты болады.
      Сөзімді қорыта келе Дианадай білімге құштар қызды дүниеге әкеліп, тәрбие берген ата-анасы Махмуд аға мен Жамила апамызға да өз орнында мыңда-мың бір алғыс айтамын.
      Әзірге біздің ауылдағы аядай ғана мектебіміз ауданның 50 мектебінің бірінші ондығының 9-орнында тұр. Олимпиада жалғасуда

https://t.me/tolegenaybergenov

1 month, 4 weeks ago

23-Қазан  тағы да аядай ғана аяулы Бұрынғы Төлеген Айбергенов атындағы қазіргі таңдағы 4-мектептің аты тарих беттеріне алтын әріптермен жазылып қалатын болды. Жақын және ұзақ тарихта болмаған және бір таңғаларлық жетістік. Дәстүрлі пәндер Олимпиадасынан 23-Қазан күні Қарақалпақ тілі мемелекеттік тілі пәнінен Қаржаубаева Шахсенем Абатбай қызы ешқандай қарсыласына есе жібермей ең жоғары балмен сыйлы 1-орынды иемденіп Республика басқышына жолдама алып, 4-мектептің жүлде қоржынын тағы да біреуге арттырды. Әрине бұл жетіскендіктер өз-өзінен болып жатқан жоқ. Қанша жылдық алып барып жатқан реформаларымыз өзінің жемісін беріп жатыр. Бұның артында қаншама ұстаздың ерен еңбегі мен оқушының білімге деген құштарлығы. Біз ауылдық мектеп болсақ та бүгінгі күнге келіп қаланың кез келген мектептерімен тереземіз тең, ал ауылдық мектептердің ең алдыңғыларының қатарына шығып алдық десем асыра айтқаным емес. Шахсенем қызымды дайындаған ұстазы әрі тоғыз ай тоғыз күн тар құрсағын кеңейтіп дүниеге әкелген анасы Ембергенова Аймекен апаға әкесі Қалимов Абатбай аға мыңда-мың бір алғыс. "Жақсы бала әкесін төрге шығарды" - дегеннің осы бастамасы Абатбай аға! Орныңыз тек төрден болсын деп тілеймін. Абай да баласын медресеге бергенде "Баламды медресеге білсін деп бердім" - деген. Бала ата-ананың көзінің қарашығы. Құрметті менің алтыннан ардақты ата-аналарым көз қарашығымызды абайлап-асырап, біліміне бей-жай болмасақ әлі талай-талай рет Шахсанем мен Жадыралар мектебімізден шығады.

https://t.me/tolegenaybergenov

3 months, 3 weeks ago

Төлеген ақынның жаңа табылған өлеңі:

Ол рас, көкем өзіңді
Көргенде шылым қаншалық,
Қаншалық тарттым жан салып.
Ірке алам  қалай сезімді
Арманға алыс  жол  салып.

Жаралы мен бір арыстан,
Жәудір көз сен бір құралай.
Құралай тұр ғой  құламай...
Жайымды ұқсаң сұрамай,
Жез таңдай мен бір домбыра,
Келермін күйге бұрамай.

Сенімен бізді бұл тағдыр,
Шомдырыпты ыстық қиялға-ай.
Қиялға шомшы қия алмай..
Сен үшін  жалпақ жапанға
Мен жүрмін тіпті сия  алмай.
Арманыңды айтшы ұялмай.

Жер менен көкті тарихта,
Билеген жалғыз жоқ ешкім.
(Тіпті оған келмес теңескім).
Заманда мынау, сенімен
Тең өстім,  тіпті  тел өстім
Сен үшін жырлар суырсам,
Өзің де артық демессің.

Төлеген Айбергенов

Астана қаласы Қазақ-ұлттық өнер университеті абитуриенті Ринат Хожамуратов бауырымнан келді.

https://t.me/tolegenaybergenov

4 months ago

Ассалаумағалейкум каналымыз ағзалары, құрметті оқырмандар қаншама үзілістен кейінде каналдан шықпай отырғандарыңызға мыңда-мың бір рақмет. Алдағы уақытта қызықты мақалалар мен ақиық ақын Төлеген Айбергенов өлеңдері мен оның шығармашылығына арнап жазылған ғылыми мақалаларды салып барамын. Және да тақырыптан тыс өз мақалаларым және оқырмандардың ой-өрісін, сана сезімін, өмірге деген көз қарасын дамыту мақсатында европалық үлгідегі шағын әңгімелер мен мақалалар да салып барамын. Уақыт Алланың еншісінде, тағы да алда осы каналда ақын шығармашылығына арналған мектеп оқушылары арасында бейне сайыстар да ұйымдастырылатын болады.

https://t.me/tolegenaybergenov

7 months ago

Ешкімге ұнауға міндетті емессің деген сөз дұрыс емес десем, біраз адам қарсы шыққан. Маған сол сөз өзімшілдік пен көргенсіздікті ақтап алу үшін айтылатын сияқты болады да тұрады.)
Мысалы көпшілік ортада тамақ жесем, салпылдатып даусын шығарып жеймін. Шай ішсем алыстан сорып, бүкіл адамның тәбетін қашырам. За то өзіме ұнайды. Біреуге ұнауға міндетті емеспін.
Қонаққа барсам жасы үлкен адам бастасын деп отырмай, бәрінен бұрын тамақ жей беруім мүмкін. Себебі қарным аш. Өзгенің не ойлайтыны ұрмайды мені. Қарным тойған соң бата жасалуын күтпей сыртқа шығып кете салам. Өзім тойдым, басқада не шаруам бар?)
Қоғамдық көлікте үлкендерге орын бермеймін, өзім шаршап келемін. Орын беріп біреуге ұнап қайтем, міндетті емеспін.
Үйлендің ба, әйеліңнің ата-анасына ұнауға міндетті емессің, сен оның әке-шешесіне үйленген жоқсың ғой. Қалай барсың солай қабылдасын. Ұнамаса қызын алып кетсін. Біреуге ұнауға міндетті емессің.
Келінсің ба, қалаған кезде тұр ұйқыдан, біреуге шай беріп ұнауға міндетті емессің. Сен күйеуіңе тидің, оның отбасына емес.
Қалай кетті? Осы дұрыс па?)
Жоқ, атам қазақ "сүймесіңді сүйерсің, сүйгеніңнің көңілі үшін" деген. Өзіңе ұнамаса да өзіңе ұнайтындардың көңілі үшін біраз өзіңе ұнамайтын істерді істеуге мәжбүрсің.
Өмір заңы..

Есет Қалманов

9 months, 2 weeks ago

Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында Қарақалпақстан Республикасы Қазақ ұлттық мәдени орталығының бастамасымен институттың филологоя факултеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы оқытушылары және студент жастарының ұйымдастыруымен "Қош келдің — әз Наурыз" атты әдеби композициялық кеш болып жатыр.

https://t.me/tolegenaybergenov

9 months, 3 weeks ago
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago