Möltyl/Мөлтіл

Description
Мөлтіл... Ай сәулесінің теңіз бетіне түсіп, әдемі жарқыл шашқаны қазақшада “мөлтіл” деп аталады. Түріктер “yakamoz” дейді.Жақында әлемдегі ең көркем сөз ретінде бағаланды. Мұнда жан мөлтілі: сезім, сана, махаббат, мораль жайлы жазамын.
©️ @dasten777
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago

2 weeks, 1 day ago

Ешкім қалмаған кеңістікте, ешкім сәуле түсірмеген қараңғылықта, ешкім жетелемеген шырғалаңда, ешкім жаныңда қалмаған жалғыздықта бір қағидатты қаперге тұт.

Өзіңді ешқашан өзеке теппе, досым.

Өзіңмен өзің ойға бөленуден,
өзіңмен өзің серуендеуден, өзіңді өзің қадірлеуден, өзіңді өзің құнттаудан асқан парасат жоқ.

Мұны ұғынатын бір күндер келеді.

Саған ең керегі - сенсің…

https://t.me/dasten_kastay

2 weeks, 4 days ago

“Елордада қар тазалау жұмыстарына 2700-ден астам жұмысшы шықты”.

Есті қазақ “қарды тазаламайды”.

Қарды - күрейді.

Елордада 2700-ден астам жұмысшы қар күреді

2 weeks, 4 days ago

Биылдықтың ең маңызды сөзі белгілі болды.
Сөз - Мидың қобарсуы (мидың шіруі)…

Қазір барлық қоғамдық қатынастарда “шіру” процесі бар. Мұны ғылымда “әлеуметтік шіру” деп атайды. Салаларды, қоғамдық құрылымды, бксқару жүйесін, тіпті жекелеген ой-сананы тоқырау процесі деңдейді.

Кадрлардың білігі мен білімі азаяды.

Қазіргі адамдық жады - поэтикалық жады емес.
Шынтуайтында, ерік-жігеріміз сынға түсетін кезеңдеміз.

Маңыздысы: қажетін ғана оқу, қажетін ғана көру, қажетін ғана тыңдау…

3 weeks, 2 days ago

Адам сезімнен бұрын түйсікпен сүйеді.

Түйсікпен сүю, түйсікпен тілдесу, түйсікпен ұғынысудың ажарында саналы сезімнің өрнегі бар.

https://t.me/dasten_kastay

3 weeks, 2 days ago

Рубльдің тағдырын уайымдаған Ресей есепшілері сеңдей соғылды. Таңертең “Азаттығын” тыңдадым.

Влад Жуковский есім-сойлы экономисі зарнап жатыр, зарнап жатыр.

Халыққа қолда бар ақшамен дәнді-дақыл, жиһаз, қап-қап ұн, азық-түлік, қысқы дөңгелек, техника түрлері, тіпті, консервіленген етке дейін алып қоюды тапсырды.

Мен үйдегі әкейдің сөзіне қарағанда түздегі экспертке сенуді жөн көретін адаммын.

Мұның бәрі бекер емес.
Рубльден құн кетті, теңгеден күй кетті.

Мұндайда қазекемнің
“Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде…” деген аталы сөзі еріксіз еске түседі екен.

3 weeks, 3 days ago

Терең ойға тамыр бойлатқан жанның кісілік құны құлаштайды, ақыл ауданы ауқымданады, өзеркіндік байламы бекиді.

Салқын санадан терең ой туады.

Ойың сені қай биікке жетелесе, шынайы тұғырың - сол меже, сол аралықта...

https://t.me/dasten_kastay

3 months, 3 weeks ago

Қазақ тілінің өз заңдылығы бар.
Сіз бен бізге аталмыш төл құрылымды ескеру қажет. Сонымен:

  1. “Іздеп бастадым” емес - Іздей бастадым.
  2. “Жазып бастапты” емес - Жаза бастапты.
  3. “Атқа шаптым” емес - Атпен шаптым.
  4. “Үлкен рақмет” емес - Көп рақмет.
  5. “Мынауың қате ғо” емес - “мынауың қателік қой”. Қате - жазуда, қателік - адамда болады.
  6. “Немқұрайлы” емес - Немқұрайды
  7. “Технологиялар” емес - технология

P.S. Менің студенттерім мұндай олқылықтары жетесіне жеткізе талдайды. Бірсырыпасын осында бөліскен де артық емес шығар.

3 months, 3 weeks ago

Сыртқы сұлу сауытымызға сыяр дүние көп. Көшеге қара. Әні бір адам астаң-кестеңі шыққан әлемін ішінде бұғып бара жатыр. Оң жағыңдағы сүйкімді жан ше? Күлкісін-ай… Жүрегіңді жылытатын әсерлі жымиыс.

Ішіне барлық мұң-сырын көрбілтелеп, сыртқа сырын білдірмей күлетіндерге, өз басым, таңым бар. Олар, асылында, нағыз жанкештілер.

Жаны жылап тұрса да, жарқын күлкісін тыймау - мықтылық.

Ішкі жансарайыңды тілгілеп, көңіл көкірегіңді тоңазытар торығуды тасу бар пендеге тән мехнат азабы шығар. Ақтарылу да айып емес...

Айып - мұңың мен сырыңды, биіктеуің мен құлдырауыңды мойындамау.

Барыңмен бөлісуге, болғаныңмен байласуға, өткеніңмен кетісуге, күткеніңмен табысуға енжанлық.

Барыңмен бай бол, бар бол, досым. Соныңмен ерекше екеніңді ұмытпа.

Бәрін нөлден бастармын дерсің. Нөлден қайта бәрін бастау мүмкін емес. Бәрін тәжірибелі қалпыңмен қайта бастауың мүмкін. Бірақ бұрынғыдай боп-бос қалпыңмен емес.

Мұны да еңсерерсің. Білем... Сенем…
Құрметпен:

(с) Дастан

https://t.me/dasten_kastay

4 months ago

Ол кім? Бұл не?

Балалық шақтағы ой қамба, сөз көмбемді байытқан кітаптарды бүгін тағы бір парақтадым.

Қой бағып жүргенмін. Ауылда түс ауа жаңбыр жауып кетті. Қойды қалың қарағаштың бауырына иіріп, үйге кірдім. Төргі үйдегі кітап сөресіне тақап, бір сапқа тізілген кітаптарды ақтара бастадым. Балалық шаққа саяхат жасағым келді.

Қолыма менің ескі достарым - “Ол кім? Бұл не?” - түсті.

Мен кішкенеден сөз құрастырып ойнадым. Менің ойыншықтарым лего емес, сөз болды. Оларды ойша бір-бірімен құрастырып, бірлестіріп, ажыратып ойнайтынмын.

Сөзге бала кезден әуес едім.

Осы энциклопедиялағы сөз тізбектерін ой жіптігінде өріп, зерде ілмегімен тоқитынмын.

Есею жылдарының өзінде осы жинақтардан қаншама құнды дерекке қанықтым.

Әкем мен анам осы кітаптарды бізге алып беру арқылы көп дүниеге ұластырды. Біздің бойымызда құндылық қалыптастырды.

Мен де кейін өз балаларымның бітіміне құндылық қыртысын сызғым келеді.

Мұндай ұшан-теңіз білімге сахип кітаптарды келер ұрпағыма мирас етіп, әкеден балаға табыстағым келеді.

Сендерге көп рақмет, менің бала кездегі адал достарым! Менің сөз құрастырғыш ойыншықтарымның алтын сандығы!

(Әсіресе, журфакта дәріс беретін ұстаз үшін таптырмас құнды жинақтар!)

Тұтас буынды тәрбиелеген бұл кітаптар кімнің үйінде әлі бар? @актуальное

Дәл осы энциклопедияларды Ұлттық сана, заманалы ажарға сай қайтара түлетіп, жаңадан басып шығару керек-ақ...

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 2 days ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 2 months, 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 1 year, 1 month ago