Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ 🔲

Description
Маңызды, актуалды, пайдалы тақырыптар. Ілім, тәжірибе, көзқараспен бөлісу.
Канал мақсаты бірнеше. Соның бірі -- Аллаһ разылығы үшін пайда беру, сүннети ізгіліктерге бағыттау, ықпал ету, игі құндылықтармен бөлісу
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago

3 weeks, 4 days ago

Рамазан аяқталғанда каналды жүргізетін боламын, Аллаһ қаласа

Сіздерге де кеңес етемін: телефонды ысырып, ойларыңызды Аллаһқа, Рамазан мен Қадір түніне, салиқалы амалдар, құлшылықтарға, ілімдерге, жақындарыңызға бұрыңыздар ✉️

https://t.me/sunnet_ielerine

Telegram

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ 🔲

Маңызды, актуалды, пайдалы тақырыптар. Ілім, тәжірибе, көзқараспен бөлісу. Канал мақсаты бірнеше. Соның бірі -- Аллаһ разылығы үшін пайда беру, сүннети ізгіліктерге бағыттау, ықпал ету, игі құндылықтармен бөлісу

Рамазан аяқталғанда каналды жүргізетін боламын, Аллаһ қаласа
3 weeks, 4 days ago

Бұрын Рамазанда осы нашидті 《музыкалық аспапсыз өлең жолдарын》тыңдап тұратынбыз кейде. Әр тыңдап қалған сайын Рамазанның атмосферасын береді

Мағынасы да әдемі ✉️

4 weeks, 1 day ago

Өткізіп алма тағдырыңды

Аллаһ Қадір түнін басқа түндермен салыстырғанда ерекшелеп, оның дәрежесін көтерген. Бұл түнде Жаратушы Иенің пенделеріне берер сыйы да мол. Раббымыз пендесіне басқа түндерде бермеген ризық-несібесін осы түнде үлестіреді. Сол себепті, мұсылман қауымы Қадір түнін тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға, тиімді пайдалануға тырысады. Мұсылмандардың Қадір түнін тағатсыздана күтуінің тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Себебі, Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. Аллаһ Құранда бұл түн туралы былай дейді:
انَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ ﴿١﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ ﴿٢﴾ لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ ﴿٣﴾ تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ ﴿٤﴾ سَلَامٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْرِ ﴿٥﴾
«Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Аллаһтың әмірімен барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады»
ابي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "من قام ليلة القدر إيماناً واحتساباً غُفِر له ما تقدم من ذنبه" خرّجه البخاري ومسلم،
Әбу Һурайрадан 《Аллаһ оған разы болсын》: Пайғамбарымыз 《оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын》: «Кімде-кім Қадір түні иманмен сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» – деген риуаят бар

Бұл түннің бірнеше ерекшелігі бар. Соның бірі: 1 жылдық тағдыр жазылады. Кімде кім бұл түннің мол сауабынан құр қалатын болса, ол барлық жақсылықтан ада қалды деп есептелінеді

4 weeks, 1 day ago
1 month ago
1 month ago
***🇰🇿*** СУ ТАСҚЫНЫ неге өршуде?

🇰🇿 СУ ТАСҚЫНЫ неге өршуде?

Осы сұрақ көп қойылып жүр желіде. Біреулер бұны Россияға, ендігілер жасалмаған шараларға жабуда.. Бірақ, бұл -- барша адамзаттың ісінен туып отқан жәйт.. Аллаһтан келген белгі ғана. Дәл осы тұста қауқарсыздығымыз, Жаратушыға тәуелділігіміз аса сезіледі

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын табиғат апаттарының өршитіні туралы пост жазғанмын.
Табиғат мамандарының болжамдары тура келуде. СУ тасқыны, құрғақшылық, жер сілкінісі т.б. арта түседі ендігі. Бұған бірнеше факторлар себеп.

Құранда табиғат апаттарының Ақырзаманға қатысы жайында айтылған. Соның ішінде өзендердің арнасынан ағуы, жер сілкінісі ерекше аталып өтіледі.
Бұл апаттар -- Ақыреттің жақындап келе жатқанына, Аллаһтың құлдарына Өзін еске салуына айғақ. Біздерге ескертулер жіберілуде

Қазақстанда да жағдай ушығып тұр. Көп адам баспанасыз қалды. Оларға жан-жақтан көмек көрсету жолдары қарастырылуда.
Үйлер кәдімгідей су астында қалды. Қорқынышты. Бұрын шет елдерден жиі көретін едік..

Жалғасы бар

1 month ago
Қасиетті Рамазанда Аллаһ разылығына, сауаптарға кенелу …

Қасиетті Рамазанда Аллаһ разылығына, сауаптарға кенелу үшін :

1》Қандай жаман қылық, күнәлардан арылдыңыз?
2》Қандай жақсы қасиеттерге өзіңізді баулыдыңыз?
3》Ақыретіңізге пайдалы нендей игіліктерді үйрендіңіз?
4》Не оқып, білдіңіз?
5》Кімдерге, нелерге жәрдем бердіңіз?
6》Садақа, зекет бердіңіз бе?
7》Құран, Сирадан қанша бет оқыдыңыз, хатым еттіңіз бе?
8》Қандай сүннеттерді іске асырдыңыз?
9》Аллаһқа сүйікті қандай істерден сауап алуға үміттісіз?
10》__
11》__ деп ұзақ жалғастыруға болады. Өздеріңізге сұрақ қойып, жауаптарын беріп көріңіздер. Ол пайдалы

https://t.me/sunnet_ielerine

1 month ago
СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ 🔲
1 month, 1 week ago

Қажет болса, шамаң келсе 4-еу ал

▫️ Кей иманы, жігері әлсіз ерлерді ескертемін, мәтіндерге әсерленіп кетпеңіздер. Қазір Рамазан айы. Ораза. 60 күндік кәффәрат өтеп, күнәлі ойға беріліп жүрмеңіздер

Бұрын 4-5 қыз болып жүретінбіз. Құрбыларым қайда болсам, сонда жүретін. Әр сабақта әрқайсының қасына кезектесіп отыратынмын, әйтпесе ренжитін.. Орталарына отырғызып қоятын. Маған ең ұнамағаны -- олардың тіпті құрбыны да қызғанулары еді. Біреуін сәл басқалай құшақтап қойсаң, екіншісі өзін асыранды сезінетін.. ))))

Біреуімен дүкенге кетіп қалсаң болды, екіншісі: "Неге мені де ертіп алмадыңдар а?! Үшеуіміз бірге отыра салайық" т.б. дейтін. Кейде шаршап, достық махабаттарынан қысылатынмын шыны керек.

Уже сол кезден бастап "4 әйел" туралы тәфәккур жасадым. Бірнеше әйелге ерлер қалай қатынас жасайды, ренжітпейді т.с.с. нәрселерді таразыладым, зерттедім.

Шынымен, ерлердің жүректері әйелдерге келгенде ерекше КЕҢірек екенін түсіндім, сезіндім. Өйткені, өмірде әйелдеріне тең қарауға ұмтылған, әр әйеліне ана балаларына қалай қараса, солай бөліп-жармайтын ерлерді сырттай білемін. Иә, арасында қағбаны бұзатындары... аз емес. Әйелдерінің жұмсақ көңілдерін суытып, жүректерін жалғыздыққа бөлегендер баршылық (

Аллаһтың елшісі ﷺ арнайы тоқал алмаған. Алған әйелдерінен тек Айша 《родыйалЛаһу әнһа》ғана қыз еді. Басқа әйелдері -- жесір, жәрдемге мұқтаждар санатынан болған. Солардың әрқайсына өзі құп санаған, тең мөлшерде махабатын берген. Бірақ, біреуіне махабаты басым екенін білдірген.

Жүрек -- біреуін басымырақ жақсы көретіні қалыпты. Тіпті ата-ананың да балалары арасында біреуіне жүректері қаттырақ жылып тұрады кейде. Бұл практикадан белгілі. Алайда, бұл -- ата-ананың қалған балаларын жақсы көрмеуін білдірмейді ✔️
СОЛ ҮШІН , артық пессимизмге 《шүкірсіздікке》берілудің еш қажеті жоқ.

Мысалы күйеуіне жалғыз әйел болса да, отбасылық өмірде бақыт сезінбейтін не көздеріне шөп салынған әйелдер де баршылық. Ал, үшінші әйел болып та бақытты өмір сүріп жүргендер де жоқ емес 《аз болса да》Неліктен бақытты? Күйеуінің арқасында ғана ма? Жоқ әрине

Ол әйелдер бақытты тек 1 күйеумен шектемейді. Ол әйелдер өмірдің мәнін, жалғандығын, әр адамға өлшеулі НЫҒМЕТ белгіленгенін біледі, себебі имандары жақсы. Олар дүниедегі әр жақсылықтан қуанышқа бөлене алатын, шүкіршіл әйелдер. Мысалы мен жәй ғана дәмді жеміс жегеніме, көзімнің көретініне қуанам т.б.

Әйел тұрмысқа шыққасын күйеуіне ерекше бауыр басып, ешкімге бергісі келмейтінін де білеміз. Оп-оңай нәрсе емес бұл. Бойұсыну, бейімделу бірден жақсы болып кетпейді. ОЛ ДА СЫНАҚ. Әркім одан өз ресурстарына сай өтеді... Ол ресурстарға : иман, жан-жақты ілім, энергия, орта, қызығушылықтар, мінез-қылық, тәрбие т.б. кіреді

Тоқал алуды қолдауыма тағы бір себеп -- әйелдердің ұрпақ сүюдегі күштерінің ерлерге қарағанда қысқа болуы.. Климакс, белгілі жас, гинекологиялық ерекшеліктер т.б. факторлар әсерінен күйеуінің қажеттілігін өтеуге құлшынысы әлсіз әйелдер көп. Бұл да қалыпты табиғи құбылыс. Кей әйелдер жақын.. қатынас мәселесінде 50 жасқа жетпей әлсірейді. Бұл мамандар, медиктермен зерттелген факт.
🔘 Ал кей ерлерде тіпті 70-тен асқанша ол ресурстары қатты әлсіреМейді. Сол үшін де қазақтарда атам заманда жасы келген ерлер жастау әйелді алуды құп көрген.
🔘 Ерлердің ресурстары әртүрлі келеді.

Келесі мәселе -- ЗИНА. Неліктен кей әйелі бар ерлер өз әйелдеріне ынтық емес немесе тоқал алғысы келеді? Неліктен біреулері жасырын түрде күнәға барады?
Бұл сұрақтардың жауабы индивидуально берілгені дұрыс. Біреуі КӨРСЕқызарлық, әлсіз иман есебінен, жұмыссыздықтан, физикалық белсенділік аздығы т.б. факторлардан солай етсе, ендігісі әйелдерінің әдеміленбеулері, еліктірмеулері, қажет ресурстарының аздығы себепті солай әрекеттенеді. Әрине КҮНӘні ешкім ақтамайды. Бірақ, себептерсіз -- салдар да болмайтынын ескерейік..

Мысалы қазір әйелдерге гинекология, психология, физиологиялық тұрғыда арнайы әдістер бар. Олар арқылы күйеулерін разы ете алады. Солардан бейхабар, заманның үрдісіне ілесе алмаған адамдар көп пайдалы ақпараттарды игіліктеріне пайдаланбайды

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago