СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ ?

Description
Маңызды, актуалды, пайдалы тақырыптар. Ілім, тәжірибе, көзқараспен бөлісу.
Канал мақсаты бірнеше. Соның бірі -- Аллаһ разылығы үшін пайда беру, сүннети ізгіліктерге бағыттау, ықпал ету, игі құндылықтармен бөлісу
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.

2 months, 3 weeks ago

Қазақстанда хиджабқа тыйым салады деген рас па? Жаңалық шықты дейді

2 months, 3 weeks ago

Ер адамға/ күйеуге мұқтаждық

Уақыт келе отбасы құрғым келетінін қатты сезінудемін. Бір-бірімізді толықтыратын ерді руһым сұрауда.
Аллаһ разылығына бірге ұмтылатын, маған ұстаз бола алатын, салиқалылыққа бағыт беретін, ол әлсірегенде мен қолдап/ демейтін жартымды асыға күтудемін.
Маған оған бағыну ұнайтын ер адам болса.. Табиғатым -- еріме бағынуды, әлсіз болуды, көп баланың дауыстарын, өз үйімнің Хадишасы, Фатимасы, Әсиясы, Айшасы болуды қалап жүр

?Ал енді ол күйеуім қайда жүр ваще? Күтііп жүре берем бе? Сабырым таусылайын деп барады?деп нормально жазып отқан постты құртып жіберейін де? Әзіл ғой) Кей қыздардың крик душиін сипаттаудамын бұл абзацта

Аллаһ сабыр берсін бізге, әмин. Айтпақтай, күнә, зинадан өте аулақ, сақ болайық. Аллаһ шыдамдылар мен сабырлыларды, Аллаһтан жәрдем тілеп жақсылыққа қамданданғандарды сүйеді

Сүннет тенденциясының админінен ✉️
https://t.me/sunnet_ielerine

2 months, 3 weeks ago

Нәпсім -- кемелдікке Аллаһ үшін ұмтылмапты

Бұрын мен Аллаһтың елшісіне ﷺ ұқсауға тырысатын кездерім болды. Манерам, қылықтарым, жәйттар мен тірі жанға қарым-қатынасым тб. оған еліктеу болды

Сондағы ниетім -- ол кісіге ﷺ ұқсау арқылы Аллаһтың разылығына кенелу емес, дүниелік нығметтерге бөлену ғана болыпты

жалғасы бар
https://t.me/sunnet_ielerine

5 months, 1 week ago

Құрбан айт берекелді болсын, әмин
Ол жайлы не білеміз?

Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санасып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды

Бабамыз, пайғамбарымыз Ибраһимнен 《ъәләйһиссәләм》бастау алған құрбан айт -- ұлы күн, мереке. Ал кейбір ғұламалар осы дүниедегі ең қайырлы, тіпті арафа күнінен де артық күн деген.
Белгілі күндерді ұлықтау -- адам баласының тақуалығынан да хабар береді. Аллаһтың рахымына жақындау үшін тақуалыққа ықыласты арттыратын мезгіл. Бұл жайында Аллаһ қасиетті Құранда:

وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ

«Кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан» деген

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұсылман адам қара бастың қамын ғана ойламауы тиіс. Өзім ғана ішсем, жесем, өзім тоқ болсам болды, басқалар не болса ол болсын деген түсінік оған жат. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ: «Көршісі аш кезде өзі тоқ түнеген адам бізден емес», «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше шынайы мұсылман бола алмайсың», «Шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауыр» деген. Пайғамбарымыздың ﷺ хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады

? мәлімет муфтият сайтынан алынды, қосымша редакцияланды
تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

5 months, 1 week ago

Арафә күні ораза ұсталады. Ертеңгі оразаға да дайын болыңыздар

5 months, 1 week ago

Зуль-Хиджәдағы мереке мен береке күндер қасиеті. **2024 күнтізбесімен

Зуль-Хиджә -- қасиетті, ардақты айлардың бірі**

7. 06 -- Зуль-Хиджә айының бірінші күніне түсті. Бастапқы 9-10 күн бойы ораза ұстау, Аллаһты зікір ету, Құран оқу, салауат айту, садақа беру т.б. сауапты амалдарды күшейту қажет, себебі бұлар ұлық күндердің бірі. Оның ұлықтығы Құранда да білдірілген.
︎10-шы мереке күні ораза ұсталмайды, ал басқа ізгі амалдар жалғасады

15. 06 -- Арафә мерекесі. Зуль-Хиджәнің тоғызыншы күні өтеді. Қажылардың Арафәт тауында ғибадат етіп, Раббымыздан қалауларын сұрайтын уақ.
Арафәт тауында бірнеше Ислами, тарихи оқиғалар болған. Солардың бірі -- Адам ата 《ъәләйһис сәләм》мен Хауа анамыздың жәннәттан жерге түсірілгенінен кейін, бірнеше жылдар өтіп, Арафәт тауында қайта кездесіп, тәубелері қабыл болып, күнәлардан тазартылу оқиғасы

?  Бұл ардақты күндері тек қажылар емес, барша мұсылман ғибадат етулері қажет. Бұл ардақты күн, түндері сауапты амалдар мен нашар амалдардың сыбағасы еселенеді... Сол себепті бей-жәй қарауға болмайды

16. 06 -- Ид әл Адхә / яғни Құрбан айт. Аллаһ разылығы үшін Құрбан шалу және қажылықтың аяқталуына байланысты мереке. Бұл Зуль-Хиджәнің оныншы күні.

Бұл мереке -- Ибраһим 《ъәләйһис сәләм》пайғамбардан бастау алады. Мәні мен мақсаты тереңде. Оны әр мұсылман білуі керек. Жалғасы бар

?  Бүгін Зуль-Хиджәнің жетінші күні 《13.06》. Зуль-Хиджәнің бастапқы 10 күні үлкен қадір-қасиетке ие. Егер арамызда бұл ардақты күн-түндердің көбін өткізіп алғандар болса, қаймықпасын. Бүгінмен санағанда, алда әлі төрт 《13, 14, 15, 16》 күніміз бар. Құлшылық-ғибадат, ізгі істер жасап, сауап жинауға асығайық, берілмеңіздер

تقدم ● ізгі іс ●
https://t.me/sauaptar_korjyny

7 months, 3 weeks ago

Рамазан аяқталғанда каналды жүргізетін боламын, Аллаһ қаласа

Сіздерге де кеңес етемін: телефонды ысырып, ойларыңызды Аллаһқа, Рамазан мен Қадір түніне, салиқалы амалдар, құлшылықтарға, ілімдерге, жақындарыңызға бұрыңыздар ✉️

https://t.me/sunnet_ielerine

Telegram

СҮННЕТ тенденциясы سُنَّة‎ 🔲

Маңызды, актуалды, пайдалы тақырыптар. Ілім, тәжірибе, көзқараспен бөлісу. Канал мақсаты бірнеше. Соның бірі -- Аллаһ разылығы үшін пайда беру, сүннети ізгіліктерге бағыттау, ықпал ету, игі құндылықтармен бөлісу

Рамазан аяқталғанда каналды жүргізетін боламын, Аллаһ қаласа
7 months, 3 weeks ago

Бұрын Рамазанда осы нашидті 《музыкалық аспапсыз өлең жолдарын》тыңдап тұратынбыз кейде. Әр тыңдап қалған сайын Рамазанның атмосферасын береді

Мағынасы да әдемі ✉️

7 months, 3 weeks ago

Өткізіп алма тағдырыңды

Аллаһ Қадір түнін басқа түндермен салыстырғанда ерекшелеп, оның дәрежесін көтерген. Бұл түнде Жаратушы Иенің пенделеріне берер сыйы да мол. Раббымыз пендесіне басқа түндерде бермеген ризық-несібесін осы түнде үлестіреді. Сол себепті, мұсылман қауымы Қадір түнін тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға, тиімді пайдалануға тырысады. Мұсылмандардың Қадір түнін тағатсыздана күтуінің тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Себебі, Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. Аллаһ Құранда бұл түн туралы былай дейді:
انَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ ﴿١﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ ﴿٢﴾ لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ ﴿٣﴾ تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ ﴿٤﴾ سَلَامٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْرِ ﴿٥﴾
«Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Аллаһтың әмірімен барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады»
ابي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "من قام ليلة القدر إيماناً واحتساباً غُفِر له ما تقدم من ذنبه" خرّجه البخاري ومسلم،
Әбу Һурайрадан 《Аллаһ оған разы болсын》: Пайғамбарымыз 《оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын》: «Кімде-кім Қадір түні иманмен сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» – деген риуаят бар

Бұл түннің бірнеше ерекшелігі бар. Соның бірі: 1 жылдық тағдыр жазылады. Кімде кім бұл түннің мол сауабынан құр қалатын болса, ол барлық жақсылықтан ада қалды деп есептелінеді

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Құран арқылы Әлемді таны?

Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.