Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Менің ой жазбаларым

Description
Қарапайым қазақ баласының ой жазбалары.

Чат: https://t.me/Yergali_talks
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg

Last updated 1 month, 3 weeks ago

#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!🌎
#travelslocation 💙

📲Связь: @travelmanager

Last updated 1 week, 6 days ago

KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot

Реклама ушын: @Polat_Turganbaev

Last updated 6 days, 5 hours ago

1 month, 1 week ago

Жасанды интеллект мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланатын болсаң, кез келген жерде жеңісті боласың!

Мына ой маған маза бермейді. Соны көпшілікпен бөлісуді жөн көрдім.

Кезінде атомдардың мүмкіндігін ашқанда орасан зор энергияны алуға болатын түсінгенде, әлемге атомдық электро-станциялар келе бастады, бірақ дәл сол принциппен атомдық (ядролық) қаруды да жасауға болатынын айтып өткен, тіпті кейін оны жасапта, қолданып та көрді.

Енді мұны неге алып келе жатырмын, мәселен Жасанды Интеллект күшімен дәл осы екі жағдайда қолдануға болады.

Мысалы, дрон мүмкіндігімен бір жерден екінші жерге жылдам тасымалдауға болады, және қазіргі ірі дрондардың барлығы UAV, яғни адам бақылауысыз автономды ұшып жеткізе алады. Бейбіт заманда өте пайдалы, әрі тиімді, әрі жылдам. Көптеген елдерде қазіргі кезде осы жүйені қолданып келеді.
Енді, дәл осы әдіспен кез-келген жерге бомбаларды да тастауға болады.

2-ші мысал, компьютерлік көру моделі арқылы, яғни автономды дрондардағы камералардың мүмкіндігімен ұшып адамдарды, машиналарды көруге болады, тіпті қазір кейбір дрондарда қарапайым RGB камералардан бөлек, IR, Термовизрлар қолданылады, яғни тек күндіз ғана емес, түнде де бақылау жүргізе алады. Солар арқылы оңай анықтай алады. Ал егер жай ғана бір функция қолдансаң, анықталғанда арнайы көмек бер, немесе керісінше жоқ қыл деуге де болады.

3-ші мысал құрастыру мүмкіндігі қытайда Xiaomi бір көлікті робот 76 секундта жасап шығарады екен, дәл сол принциппен ол танкыны да жасап шығара алады, не бронированный көліктерді, ішіне бір AI моделді қойып, ол жоғарғы екі мысал мүмкіндіктерін пайдалана алса, бітті дей бер) біреуі адам қарауынсыз бақылып, көлікті жүргізу, компьютерлік көру арқылы адам, не басқа көліктерді анықтап, өзіңе керектісін жасай алады.

Қарап отырсаңыз, жалпы жасайтын мүмкіндіктері бір, бірақ қолдануы түрліше.

Егер де, Құдай сақтасын, бірақ соғыс болған жағдайда жасанды интеллект мүмкіндігін пайдаланған жақ адам шығынсыз жеңіске жетеді. Бір қарасаң, өте қорқынышты. Ал екінші жағынан ғылым мен зерттеулердің арқасында көптеген жетістіктерді жетуге болады.

Міне, оған дәлелім мына жоғарыдағы видеом…

1 month, 1 week ago

Жасанды интеллект заманы кезінде келген компьютер, не интернет заманынан да қатты болады!

Дәл қазір осы заманға бейімделу керек, осы заманның артынан емес. Осы заманды бастайтын тұлға болуы керек!!!

Мұнда тек өз құралдарым қолдандым: дрон, компьютер, және ми)))

2 months, 3 weeks ago

Барлықтарыңызға сәлем!

Соңғы жазбамнан бері 6-ай өткенімді де байқамай да қалыппын.

Зымырап жатқан уақыт-ай!

Одан бері, біршама жеке өмірлік те, жалпы басқа да жаңалық-өзгерістер өтті.

Елге барып келдім, ол жақта Түркістан облысы бойынша “Үздік IT ұстаз” турнирінің финалы өткіздік, СПФед жылды қорытындылап, жаңа жылға жаңа бастауларимен стратегияларын жасап шықтық, биылға Үздіктер 3.0 жобасына өзгерістер жасадық, Үздіктер 2.0 бойынша олимпиада жетістіктеріге де жеттік, одан бөлек жеке авторлық курстар жинағын құрып, жүргізудемін))

Ал, Кореялық өмірімде жаңа жұмысымды осы ақпаннан бастадым. Жалпы көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Оны алдағы уақытта толық-қанды жазып өтермін.

Ал бүгін жазбамда, Кореядағы бір жағдайға көзім түсіп қалып, сонымен бөліскім келді.

1-аптадан бері Кореяның дәрігерлері жұмыстарына бармай, бейбіт шеруге шығып жүр. Оған негізгі себеп - 2025 жылдан бастап Кореяда мед-персоналдар үшін квота (бізше айтқанда гранттар санын) 65% арттырады екен.

Оған қарсы ойын білдіруге көптеген кәзіргі студенттер/интерндер мен дәрігерлер қарсы болып, мед-жұмысына бармай, шеруде екен. Яғни 5-10 жылда конкуренция көбейіп, жұмыссыз қалып қоямыз деген қауіп бар депті.

Бірақ бір қызығы кәзір Кореяда (АҚШта да) 10К адам басына шаққанда 26 дәрігерден тиеді, ал біздің елде 39.8 дәрігерден болады екен.

Енді біздің елде осындай жағдай орын алса ше, мәселен барлық медиктер үшін гранттар саны артады десе, ешкім шеруге шықпақ түгіл, бүкіл бала-шағасын сол дәрігер мамандықтарын дәріптей бастайды ғой, мейлі ол бала да оған қабілет бар ма жоқ па қызықпайды да. Бастысы баласы грантта оқыса болды, ал ол кейін медик бола ма, болмай ма ол это второй вопрос))

Ал студенттер ше? Ондай жаңалық болса да болмаса да олар үшін бүгінгі күнмен өмір сүріп жатқаннан, бәрібір секілді көрінеді.

Бұл енді менің жеке пікірім, мұны оқыған медиктер болса, өз ойларын айта жазар.

Жалпы алғанда, сіздердің ойларыңыз қандай? Кәрістердің шеруі орынды ма? Біздің елде сондай квота көбейсе не болар еді?))

9 months ago

Жазба 9. Тригонометрияның пайдасы

Өмірде тангенс-котангенс, синусис-косинус дым қолданбаймыз, неге оқимыз? - дегенге басымнан өткен екі жағдаймен бөліскім келіп жатыр.

Мектепте, универде осы терминдер жиі кездесіп, тек формула жаттап, есептер шығарып жүргенген, менде ойлайтынмын соларды өмірде дым қолданбаймыз да ғой деп.

Бірақ, дәл соларды білгенімнің арқасында біраз нәрсе жеңіл шешілген еді.

Бірі осы кеше ғана болған, тангенс пен котангенстің жайында болмақ.

Бізде жұмыста жаңа бір жоба басталғалы жатыр, қатты детально кірмей-ақ қояйын, бірақ жалпы алғанда computer-vision (компьютерлік көру) жобасы. Соның бір задачасы ретінде камераны қалай дұрыс, әрі оптимально орналастыру еді.

Енді әрбір камераның өзінің көру бұрышы болады, және көп жағдайда көлденең және тігінен көру бұрыштары бірдей бола бермейді, оған дәлел ретінде мысалы қолдағы телефонның камералардың көру бұрыштары, соған сәйкес фотоның ұзындығы мен ені әр келкі келеді.

Енді сондай бір камераның көлденең бұрышы 87, ал тігінен көру бұрышы 58, және ең жақын қабылдау қашықтығы 60 см, ал макс 6 метр болғанда (әрине алыс болған сайын детализациясы құртыла бастайды, мысалы 4 м кезде <2% дәлдігі (accuracy) жоғалта бастайды. Ал майда детализация кезде ол өте үлкен жоғалту болып саналады.

Мысалы сізде диаметрі 3 м шеңбердің ішінде 4К объектіні түсіру керек болса, әрбір объект өте маңызды болғандықтан, сізге бәрін түсіру үшін камераны оптималды қалай орналастыру керек?

Ал енді тангенстің пайдасына келейік.

Жалпы тангенс деп қарсы жатқан қабырғаның, іргелес жатқан қабырғасына қатынасын айтады (тік бұрышты ұшбұрыш кезде), енді сізде камера 87 х 58 бұрышы бар десек, енді дәл ортасынан, яғни объектіге тігінен (вертикально) орналастырғанда, конус тәріздес елестетуге болады, яғни камера мен шеңбер центріне биіктігі түссе, ол бұрышты қақ ортасынан бөледі.

Мәселен егер камераны 1 м қашықтықта орналастырғанда деп көрейік, сонда тігінен түскен биіктігі камераның көлденең көру бұрышын қақ ортасынан 87/2 = 43.5 бөледі де, ал оның тангенсі қарсы жатқан қабырғаның ұзындығын (біздің жағдайда көру конустың радиусын) табады, tg (43.5) = 0.948, сонда диаметрі = 2R = 1.897, сонда көлденең көру бұрышы бойынша егер де дәл тігінен 1 м қашықтықта орналастырсақ, онда сол шеңбердің тек 1.89 метрін ғана қамтиды деген сөз, сәйкесінше камераның тігінен көру бұрышы 58 болғанда, жалпы 1.1 шеңбердің тігін көреді. Сонда 3 м шеңберге тігінен орналастырған да онда камера көру аралығы 5.67 х 3.3 болады деген сөз, ал егер дәл 3 метрді ғана көрсету керек болса, онда котангенспен шығару керек болады.

Түсіндіре алдым ба, тангенстің қолдануын?

Ал енді косинус не синустың пайдасын қысқаша айтайын, ол шамамен 7-8 жыл бұрын болды.

Жалпы үй төбесін шифермен жапқанда, ол жерде не деген математика болу керек, негізі көбі аңғара бермейді, бірақ шифердың бұрышы тым сүйір (30-дан төмен) болмау керек, әйтпесе қар сырғып төмен түспей, төбеде еріп, ішке су кіру қауіпі де бар, ал тым тік болса, желдің ұшыруы, шифердың жетіспеуі тағы сол секілді жағдайлар болуы мүмкін.

Енді қысқаша былай, сізде шиферлардың ұзындығы мен ені бар, және шифер саны шектеулі, мүмкіндігінше шиферді бөлмеуге тырысу керек, және қатты экономдап, оптимальды сүйір бұрыштан төмен түспеу керек, яғни чердак биіктігі төмен болған сайын, шифер аз кете бастайды, ал биік болған сайын шиферлар көп не кесіле бастайды. Осындай жағдайда әрбір шифердің ұзындығын, оптимальды сүйір бұрышын шығару үшін осы синус пен косинустың пайдасы өте мықты көмек береді. Енді қазір нақты есімде емес қандай мәндерді қолданғанымыз, бірақ егер маған сондай задача қойылса, мен геометрияға жүгінетінім анық.

Осы жазбамен мен қарапайым тригонометрияның маған тиген пайдасын өмірден алған мысалдарымен түсіндіру арқылы барлығымен бөліскенді жөн көрдім.

Негізі осы секілді мысалдарды мектепте айтылса, оқушылар бірден пайдасын көрер еді ме деп ойлаймын. Бізде көбіне тақырыпты қатты аша бермейтін сияқты, тек формулалармен жаттап, есеп шығара бергенге мәзбіз.

Ал сіздерде өмірден алынған қандай жағдайлар болды?

2023.08.18

9 months, 2 weeks ago

Барлықтарыңызға сәлем!

Мен жиі аудиокітаптарды тыңдап жүретінмін. Сондай бір кітаптың бірімен көпшілікке тыңдауға кеңес беремін.

Никола Тесланың жеке күнделігі, яғни өз ауызнан тыңдағандай боласыздар, ол өз өмірі, өз өнертабысын (изобритение), жалпы қандай тұлға болғанын хабардар боласыздар.

Аудиокітап орысша, оқылу мәнері тамаша, дәл сол жағдайға тап болғандай оқыған.

https://youtu.be/jTOdynBdZ-U

YouTube

Тесла. Дневники. Первая тетрадь

Никола Тесла "Мои дневники. Я могу объяснить многое..." (Главы 1 - 11) Читает Пацино Евгений Поддержать канал - https://new.donatepay.ru/@1063893 Части: 0:00:00 заставка 0:00:33 Глава 1. Вступление 0:13:02 Глава 2. Мой метод и моя нынешняя работа 0:35:26…

9 months, 3 weeks ago

#жазба 8. Корея елі туралы

Бүгінгі жазбада қазіргі таңда 5 жарым жылдай тұрып келе жатқан елім туралы болмақ.

Әрине Корея орналасуын, тарихын, экономикасын туралы айтпай-ақ қояйын, керек адам өзі тауып алар.

Осында өмір сүру барысында көзге түскен жайттардан бастайын:

1. Корея халқы - қонақжайлығы байқалады, көмектесуге әзір тұрады. Азаннан кешке дейін жұмысында. Жанұя құруға асықпайды. Және өз дене бітіміне қатты қарайды, толық адамды өте сирек көресіз.

2. Заң шетелдіктерге қарағанда Корейліктерді қолдайды. Яғни приоритетте әрдайым Корейлік тұрады.

3. Көліктері - барлығында тонировка (тіпті лобовой терезелері де), және көлік деген байлықтың көрінісі емес, яғни қарапайым халыққа су жаңа көліктер қолжетімді.

4. Қоғамдық көліктер (автобус, поезд) - әрдайым өз уақытында жүреді. Таңғы 5-6дан бастап, түнгі 22:00-23:00-ге дейін тоқтаусыз жүреді. Көпшілігі тегін wifi-мен жабдықталған.

5. Білім жүйесі (мектеп) таңғы 8-9:00-дан бастап, кешкі 17:00-ға дейін, ал жоғарғы сыныптарда 20:00-21:00-ға дейін созылады.

6. Біріңғай емтихан (бізше ҰБТ) кезде, тіпті аспанда ұшақтарды да ұшпайтындай жағдай жасайды, көшеде көліктер де азайып, дала тып-тыныш тұрады.

7. Универлерде негізінен кредиттік жүйесімен жүреді, яғни пайыздық жүйе және әркім өз сабағын таңдап, өз сабақ күнтізбесін жасай алады. Бірақ макс GPA баллы 4.0 емес, кей универде 4.33, не 4.5 болады. Группа деген нәрсе жоқ, тек поток, яғни оқуға түскен жыл бойынша.

8. Бағалау жүйесі. Көпшілік универде емтихан бағаларын жалпы пайыздық бөлікпен қойылады, яғни бір сабақта 100% отличниктер болуы мүмкін емес, мысалы тек 10-15% ғана үздік, 15-30% жақсы, 30-60% орта, қалғандары нашар деген баға алады деген сөз.

9. Білімі. Көпшілігінде бакалаврдан бөлек магистр мен докторлық дәрежелері бар. Соның арқасында зерттеу орталықтары мен институттар көп. Яғни ғылымда жүрген жастары көп.

10. Көшеде полиция қызметкерлерді, не жалпы формадағы кісілерді өте сирек байқайсыздар, кез-келген жерде CCTV камера арқылы мониторинг жасап отырады.

11. Жолдары таза, тегіс, кез келген жерде тратуар, велосипед жолы, автобус жолы және қоғамдық жолдармен бөлініп тұрады.

12. Көлік жол ережесі, егер бағдаршамда қызыл жанып, бірақ сіздің барар бағытыңыз оңға болса, және басқа көліктер, не жаяу жүргінші болмаса, оңға бұрыла беруге болады. Жолдағы “лежащий полицескийлер” 1-метрдей жайылған төбешік тәрізді, яғни көлікте келе жатып, байқамай қатты өткенде, көлікке не жүргізушіге қатты зақым тимейтіндей жасаған.

13. Жұмысы. Көпшілігі оффистік жұмыс жасайды. Ал поля да, сторойкада көбіне шеттен келген иммигранттар мен орта жастан асқандар жасайды. Салыстармалы түрде алғанда ауырлау, яғни олар әрбір сағатқа төлейтін болғандықтан, соған лайықты жұмысты талап етеді.

14. Жұмыс ақыларын жемейді. Адал. Көбіне еңбекақысын жейтіндер ортада жүрген делдалдар болады. Салыстармалы түрде ер адам айлығы 10-15% жоғары болады. Оған себеп жұмысы да ауыр болғандықтан.

15. Жаңа технологиялары.
Көпшілік жерде жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды байқап отырасыздар. Робот-кофейнялар, тазалап жүрген робот-пылесостарды да байқауға болады. Жалпы көшелері жарық, себебі әрбір шам төбесінде, арнайы күндік (солнечный) панельдермен жабдықталған.

16. Үй жануарлары. Көбіне үй жануары күшіктер саналады. Ал мысықтардың орны дала. Кореядағы ит-күшіктерге арман жоқ. Бүкіл жабдықтары, тіпті жеке құжаттары да бар.

Әзірше осылар. Мүмкін кейін тағы есте болса, қосармын.

2023.07.27

11 months, 2 weeks ago

#жазба 7. “Үздіктер” жобасы туралы

Бүгінгі жазбам - 2-ші жыл жүріп жатқан “Үздіктер” жобасы жайлы болмақ.

1. Үздіктер деген қайдан шықты?
Негізі ол атау ютуб каналдың атынан келіп шықты, яғни “Үздік Білім” деп аталатын ютуб каналда біршама оқушы-ұстаздар білім алып жатты, солардың басын қосатын арнайы әлеуметтік жоба еді.

Екінші жағынан атына заты сай жеке тұлғаларды көптеп шығару. “Үздік” дегеннің өзі - ең жақсысы, ең мықтысы ғой (Best of the Best)

2. Жоба қалай басталды?
Негізгі мақсат - оқушыларға информатиканы қызықтырып, сол арқылы олимпиадаға дайындау еді.

Ең алғашқысы (Үздіктер 1.0) 2022 жыл мамырдан басталған еді. Ол кезде тіркелгендер саны 75-тен аса түрлі өңірлерден жиналған 6-11 сынып оқушылары болды.

3. Үздіктер 1.0 нәтижесі
Әрине ол кезде соңына дейін жеткен 5-7 оқушы ғана болды, яғни соңына дейін бүкіл тіркелгендердің 10% ғана жетеді. Бірақ дәл сол қалғандардың барлығы да өз аудан-қаласынан 1-ші орынмен облыстық деңгейге жолдама алып, кейін барлығы да облыстық олимпиададан жүлделі орындар болды.

Тіпті, 1 оқушы Түркістан облысы бойынша абсолютті 1-орынмен республикалық кезеңге өтті. Айта кететін жайт ол 9-сынып оқушысы Түлкібастағы қарапайым ауылдың баласы.

4. Үздіктер жобасының қадамдары
- Алдымен тіркелу кезеңі болады, ол көбіне 1-1.5 айдай болады, және басталу уақыты ақпан-наурызда. Тіркелу қарапайым гугл-форманы толтыру арқылы жүреді.

- Одан кейін іріктелу/отборный кезеңі болады. Ол 3-4 айға созылады. Яғни әр апта сайын 2-сабақтан ашылып, сол сабақтарды көріп, асмп сайты бойынша арнайы курс есептерін шығару керек. Әр апта сайын келесі аптаға өту үшін минималды есептер саны болады, яғни апта сайын кемі 10-есеп қосып отыру керек. Кім шығармайды, бірден жобадан іріктеліп, шығып қалады. Дегенмен сол минималды есеп санын толықтырса, қайта қосылуға да мүмкіндігі бар.

- Сұқпаттасу кезеңі, яғни іріктелуден толықтай өту үшін асмп курсы бойынша кемі 150 есеп шығару керек! Сол есептерді шығарғандармен жеке-жеке сұқпаттасу болады. Яғни кемі 3-4 есеп беріліп, соны бірден шығару керек болады. Егерде дұрыс шығара алмай қалғанда, интервью өтуге тағы бір мүмкіндігі болады.

- Ең соңында негізгі кезең. Яғни 150-есепті шығарған, сұқпаттасудан өткен қатысушылар өтеді.
Негізгі кезеңде түрлі-түрлі контесттер қатысып, талқылаулер өтіп отырады. Жалпы ең қызық кезең деп ойлаймын. Себебі негізгі кезең емін еркін сезіне алатын кезең, іріктеу кезеңде апта сайын есеп шығармаса, шығып қалам-ау деген үреймен жүреді ғой.

- биылдан бастап Үздіктер жобасында соңына дейін жеткендер үшін сертификатты табыстауды жоспарлаудамыз. Себебі ол жерде қаншама уақыт пен еңбек барын ескеріп, арнайы сертификат беруді жөн көрдік.
Дегенмен оны алу үшін де соңғы қорытынды емтихан ретінде контест болады. Яғни негізгі емтихан нәтижесіне қарап, беріледі. Яғни 50% асқандар үшін ғана табыстаймыз.

5. Қазіргі таңда “Үздіктер 2.0” жобасы жүруде
Бұл жобада енді тек оқушылар ғана емес ұстаздарды да қатыстыруды жөн көрдік. Бүкіл қадамдар оқушылармен бірдей. Оларды “Үздік ұстаздар” деп қана бөлдік.
Үздіктер 2.0 жобасына 1000-нан аса қатысушы ниет етіп тіркеліп, оның бұл күнде 50-ден аса қатысушылар 150-есепті шығарып қойды.

6. Қатысуда берер пайдасы не?
Алдымен жаңа қауымдастыққа тап болу, кейін өзін дициплинаға үйрету, бұл ойлау қабілетіне әсер етпей қоймайды. Себебі олим. есептер ол жай ғана есеп емес, кез келген проблемаларды жан жақты қарастырып, дұрыс алгоритммен жүру, оптимальды шешімді іздеу.

Тіпті жобадан іріктеліп шығып қалғанның өзінеді, біраз пайдасы болары анық.

7. Бізге берер пайдасы не?
Бұл жоба да екі жетекшісі бар, бірі мен болсам, екіншісі Едіге Радолда.

Бізге берер пайдасы?! 🤔
- Еліме көмек беріп, жас дарынды балалардың көзін ашу, білімді азаматтарды көптеп шығару. Қазақ тілді контенттерді көбейту.
Жалпы қазақтың менмін деген біртуар IT азаматтарды алып келу))

8. Үздіктерге қояр талап бар ма?
Адал болу, өзін де, өзгені де алдамау! Өзіне деген сенімін жоғалтпау, әрдайым өзін жетілдіру.
Тағы бір талап, кейін өз шәкірттерін шығару. Кемі 3 шәкіртін шығарса, сол бізге берген - рахметі деп білеміз!

Міне солай)))
08.06.2023

uzdik.kz

Үздіктер жобасы

Uzdikter

1 year ago

#жазба 6. Адамның қозғаушы күші не? Немесе бір уақытта түрлі жобаларды қалай алып жүрмін?

Соңғы жазбадан бір жарым айдан астам уақыт өтіп кетіпті. Бұл күндері тым көп шаруалар болып кетті ме, әлде ораза келіп, жазба жазуға уақыттарымыз сай болмай кетті ме, білмедім, әйтеуір ойда жүргенді тізіп, бөлісуге уақыт табылмай кетті.

Бүгінгі тақырыбым қызықты болар 😉
Себебі әркімнің итермелейтін өзінің күші болады.

Біреулерге ЕНТ, грант, шетел, не махаббат, не жанұя асырау, бала-шаға бағу деп жүрсе, басқаларға бастарындағы кредиттерді құтылу үшін тынымсыз шаруалар жасап, бір орында отырмай жүреді.

Ал тағы біреулерге өздері ұнайтын шаруаларды тауып, солармен шұғылданатын жандарды кездесіп жатамыз.

Ал, мені қандай күш итермелейді?!

Үздіктер жобасын бастағанда 1000-нан аса оқушы мен ұстаз тіркелетінін сезген де жоқпыз, олардың бәрін басын қосып, олармен жұмыс істеу, әр қайсысымен де тіл табыса алуың да керек, сұрағына лезде жауап беріп, қанағаттандыру керек. Басы қатты болса, аяғы тәтті болар деп бастап кеттік. Ол жоба жайында алдағы уақытта жазба жазып, айта жатармын.

Бірақ қысқаша айтсам, жоба қатысушыларын “курировать” ету, группаларға бөліп, өсіріп отыру, сабақтарға доступ беріп, кейін жауып отыру, минималды есептер санын бекіту, өтпей қалғандарға ескерту беріп, топтан шығарып отыру, есептер мен контесттер әзірлеу секілді біраз жұмыстары бар, одан бөлек, толық іріктелуді қанағаттандыратын есеп шағарғанда әрқайсысымен 30-40 минуттық сұқпаттасу жасап отыру. (Қазірдің өзінде 12-15 зум интервью болып қойды.) Осыларға қалай үлгеріп жүрмін деп ойлап қоямын?!

Одан бөлек Қазақстанның спорттық программалау федерациясы құрылып, ол жердің бір мүшесі ретінде апта сайынғы жиналыс талқылаулар, дамуы, жетілдіру, кемшілік тұстары, ақылдасатын жайттар толып артылады. Алда Бүкіл Қазақстанның үлкен чемпионаты да ұйымдастырылып жатыр, жалпы айтпағым, ол жақта да жүрміз.

Одан бөлек тағы бір жоба басталды. Түркістан облысының Үздік IT ұстаз” турнирі, яғни Түркістан облыстық Білім басқармасымен бірге ұйымдастыруға кірісіп кеттік. Ол жерде жыл соңына дейін 20-шақты контест болып, әр контестте 5-есептен тұрады десек, 100-есепті әзірлеу деген мойнымызға алып жатырмыз. Оны платформаға әзірлеу, тіркелу процесі, кейбір түсіндірме жұмыстарына да ат салысып жүрміз.

Енді қызық жағы, осындай жобалар үшін ақы алмаймыз. 😁 Бұл таза өз ниетім, көмек беріп, еліміздің дамуына кішкентай болса да ықпалым болсыншы деп жүрмін.

Себебі біз шетелде шіреніп жүргеннен не пайда, егер шыққан жерің сенен бір пайдасы тимей, жақсармаса?! деген ой мазалай бастағаннан алдымен тегін білімді іле бастадым, ютуб арна аштым.(Қазір “Үздік Білім” YouTube арнасында 11К subs бар)

Кейін жалпы контингентті көтеру мақсатында үздіктер деген жобаны бастадым, яғни қарапайым мектеп оқушылары салыстырмалы түрде әрдайым артта жүреді. Себебі бүкіл қаймақтардан жиналған оқу орындары мейлі мектебі болсын, не университеті болсын, ол ортасы күшті болады. Оларға берер ұстаздары да мықты келеді. Ал қарапайым мектеп оқушылары ше?! Деген оймен Үздіктер деген жоба келді.

Әрине тек оқушылар ғана емес ұстаздарды да көтеру керек деп жобаға қостық. Себебі ұстаздардың біліктілігі көтерілмей олардың шәкірттері көтерілуі екі талай.

Одан кейін олимпиадаға тек 1-апта ғана қалғанда дайындалу дегенді ұнатпаймын, және ол жылына 1-ақ рет болады. Яғни тез ұмытылып кетеді. Сол үшін ең үлкен халық саны да мектептер саны көп облыстың деңгейіне әсер еткім келді.

Ол енді Түркістан облысы, сол бір облыста 3000-дай мектеп бар екен. Ал соңғы олимпиада да ең көп қатысушы болса да, олимпиаданың орта баллы да ең жоғары баллы да төмен көрсетті. Оқушылардың кінәлаудың қажеті жоқ, жай сол өңірлердегі ұстаздардың деңгейін көтеру керек деп, және жыл бойы дайындалуға мүмкін болатын олимпиадалар жасау керек деп сендім. Сөйтіп турнир жасау ойға келіп, оны Түркістан облысының білім басшылығына жеткіздім. Міне солай басталды.

Әрине, бұл жобалардан бөлек, Кореядағы жұмысым, жанұям мен бала-шаға да барын айтсам, онда мені қандай күш қозғап отарыды?

Бұл сұрақтың жауабын сіздерге қалдырып көрейін 😉

19.04.2023

uzdik.kz

Үздіктер жобасы

Uzdikter

1 year, 2 months ago
Көпшілігіңіз мына суретті көрген боларсыз, ал …

Көпшілігіңіз мына суретті көрген боларсыз, ал төмендегі дәл сол суреттің жандандырған түрі, яғни ControlNet алгоримін қолдану арқылы жасалған нейро-желінің нәтижесі)))

Көпшілігіңіз фильтр қолданып мультяшный аватарлар істеп жатсаңыз, мұнда ЖИ керісінше жүрді)))

1 year, 2 months ago
[**Leetcode\_KZ**](https://t.me/leetcode_kz/393) **деген телеграм арна бар.**

Leetcode_KZ деген телеграм арна бар.

Сол жерде ресми апталық контесттерге қатысқан жалпы рейтингте Қазақстан азаматтары жоғарғы жинаған қатысушыларға сыйлық табысталады екен. Әрине ол үшін алдын ала сондай конкурсқа қатысамын деп, тіркелу керек.

Сөйтіп сондай контесттердің бірінде салыстырмалы түрде жоғары жинап, жеңімпаз атандым (мына фотодағыдай сыйлықты ұтып алдым).

Шынымды айтсам бұл менің контесттерге қатысып ұтып алған алғашқы сыйлығым екен. Ол үшін қуаныштымын! Керемет сезім екен!

LeetCode_KZ тобына сәттіліктер!
Ал сіздерге көптеп контесттерге қатысып, жүлдегер болуларыңызға нәсіп етсін!
2023.02.27

We recommend to visit

Қарақалпақстан мусылманлары қазыятының рәсмий сайты
https://www.facebook.com/groups/1393604727481912/
https://instagram.com/paziylet.uz?igshid=9ipx3fosdr4e
https://www.youtube.com/channel/UCrMPXuoyl0Wh3wUmka5pxHg

Last updated 1 month, 3 weeks ago

#Travel ✈️
Путешествуйте по миру с каждым постом!🌎
#travelslocation 💙

📲Связь: @travelmanager

Last updated 1 week, 6 days ago

KRuz.uz сайтына мүрәжат жоллаў ушын бот: @kruzu_bot

Реклама ушын: @Polat_Turganbaev

Last updated 6 days, 5 hours ago