Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 1 day ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago
Ер жігіттік — адамдар істегенді істеу емес, дұрыс істі таңдау.
Сендердің біреулерің «еліктегіш» болмасын: адамдар түзелсе, өзі де түзелетін, ал адамдар бұзылса, өзі де бұзылатын.
Ерлердің ең абзалы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өз отбасына қызмет ететін. Ол үйінде ең күлімсіреген жан болатын, әрі әйелін жақсы көретінін жасырмайтын. Хадиша анамыз туралы: «Бұл — жүрегіме махаббаты нәсіп етілген әйел», – дейтін. Оның соңғы өсиеттерінің бірі: «Әйелдерге жақсы қараңдар!»
Шейх Әдһам Шарқауи(хафизаһуллаһ)
Қыздар! Кімнен сұрасам да, қай ұстаздан естісем де, көрегенді деген жан баласының жауабы: Ілімді жігітке тұрмысқа шық! - дейді.
Жар таңдауда мынадай нұсқа тұрады.
1. Бай, бірақ ілім жоқ
2. Көлігі бар, үйі бар, сәл-пәл база ілімі бар
3. Ілімі және ілімге деген махаббатынан басқа түгі жоқ
Көпшілік қыздар "сәл-пәл ілімін" хитбада көрсетіп-көрсетіп жіберген бай жігітке тұрмысқа шыққысы келуі мүмкін. (Оның ішінде ілімді сүйетін қыздар да бар) Мойындау керек, көпшілігіміз байлықты ақыреттен де, сезімнен де жоғары қойып кетеміз. Яғни, кедей болып қалудан қорқамыз. Қазіргі психолог-коучтар осындай нұсқаны таңдауды бұйырады. "Не керек саған қиналып, жағдайы бар адамға тұрмысқа шық. Ондай болмаса шықпа!" деп жатады.
Ал сіз үшінші нұсқаны таңдаңыз, егер сондай жігіт алдыңызға келіп тұрса, әрине. Бұған өмірімде кездескен 2-3 адамның және кітаптағы әулиелердің тағдыры дәлел болды. Бір ұстазымның айтуы бойынша:
"Бәйбішемді алғанда 2 ай ыстық тамақ жемеген кезім болған еді дейді. Тек нан мен қияр жейтін едік. Ал қалай ілім көтерілгенде, еліміз ілімге мұқтаж болғанда, Алла Тағала мені пайдаланды. Қазір Аллаға шүкір 1.5 🍋 айына келіп тұр." дейді. Бұл бізге анық ғибрат қой. Әлбетте, некеде береке бар ғой. Сондықтан, ризықсыз қалудан қорықпайық. Ілім бар жерде, әлбетте ризық қатар жүреді. Тек оның берілетініне сене білу керек-ті.
Тақуалыққа берілген құлды Раббысы ешқашан ризықсыз қалдырмайды. Мариям анамыз оған дәлел еді...
Уа Аллаһым, бізге Пайғамбарды (с.ғ.с.) шынайы жақсы көруді, оның сүннетімен өмір сүруді және шапағатына лайық болуды нәсіп ет 🤲
Жұма мүбәрәк болсын!
Сұрақтың да өз шегі болады. Әдептілікті сақтағандарыңыз орынды. Осы сұрақ қызық екен деп, анау харам екен ғой, ол неліктен харам деп мән мағынасы жоқ сұрақ қоймауларыңызды өтінемін. Сұрақ қойғыларыңыз келсе, сұраған адамда ыңғайсыз жағдайға қалмайтындай сұрақ қойғандарыңыз дұрыс.
берекелі отбасы сыры
ер мен әйел қарым-қатынаста барлық нәрседе Аллаһты көргенде, олардың некедегі берекесі мен махаббаты арта түседі. ері үйге азық-түлік, қаражат, сыйлық алып келсе, әйелі алдымен Раббысының Ризық Беруші, Қуантушы екенін көреді. ал әйелі тамағын дайындап, үйге жайлылық орнатып тұрса, ері алдымен Раббысының Мейірбан, әлемді Нұрға Бөлеуші екенін көреді.
олар “бақытты қарым-қатынасты өзіміз жасап жатырмыз” деген түсініктен алыс жандар. барлық нығметтің Раббыларынан келіп жатқанын үнемі еске алып, Оған шүкір етеді.
осылайша, некеде ең биік мақсат, басты рөл Аллаһ Субхәнә уә Тә’алә болған сайын, ер мен әйелдің арасы да соншалықты берік бола береді.
желіде бір түрік әпкеміздің тұрмысқа шықпас бұрын Алладан тілеген дұғасын естіп қалдым, ол айтады:
“мен тұрмысқа шықпай тұрып Раббымнан сұрадым: “Аллаһым, мен тани алмаймын, бірақ Сен танисың, мен білмеймін, бірақ Сен білесің, мен көре алмаймын, бірақ Сен көресің, мен қателесуім мүмкін, бірақ Сен қателеспейсің. мен жүрегі шынайы түрде Өзіңе байланған, дастархан басында жағдайы жоқтардың, кедейлердің діні, олардың дерті туралы сөйлесе алатын, аят-хадистерді бірге көзіміз жасаурағанша оқитын бір адамды маған нәсіп етші”дедім.
Алла Тағала Ордуның (қала) Месудиесіндегі бір ауылдың жігітімен Самсун Везикөпрунің бір қызын жолықтырды да, бізді бірге етті, менің қалағанымнан әлдеқайда жақсысын маған нәсіп етті.”
осыдан бір жылдай бұрын Палестиналық құрбым да тұра осылай дұға ететінін айтқан еді, “Аллаһым, маған хайырлысын Өзің таңдап берші” деп тілейтінін айтатын. шыныменде, біз қателесуіміз мүмкін, бірақ Ол ешқашан қателеспейді.
не қаласақта Аллаһтан шынайы дұға етіп сұрайық, бірақ бұл тек “алма піс, аузыма түс” деп жату керек деген сөз емес, дұға етумен бірге әрекетімізді де жасайық, өз қалаған жарымызға лайық болуға да тырысайық, себебі Аллаһтың “Әділ” екенін де ұмытпағанымыз жөн.
#неке
#дұға
Тұрмыс құру мәселесіне қатысты ұстаз насихатымен бөліскім келеді✨
Әйел адамның білім алуы өте маңызды. Себебі, ертең үмметті тәрбиелеуші Әйел ғой. Сол үшін уақытында бар зейінді ілімге арнау керек. Тұрмысқа шығар кезде таңдаудан қателеспеңіз. Дұға етіңіз. Сіз өзіңіз ілім жолында болып, Фақиһа, Хафиза болу жолында, үмметке қызмет ету жолында болсаңыз, Алладан сол жолда бірге қадамдарыңыз нықталатын жар сұраңыз. Қаншама Ұстаздарымыз үлгі. Ұстаздан қыз балаға бакалавр жете ме, жоқ әрі қарай магистр, доктрлық оқу керек пе деп сұрағанымызда, ұстаз ілімнің де, тұрмыстың да маңыздылығын айтты. Яғни, магистр, докторонтураны тұрмыс құрған соң да оқитындай болу жағдай қарастыру маңызды.
✨Сосын қатты әсер еткен нәрсе, бұл дүние лағынеттелген. Тек 3 нәрседен басқасы. Соның ішінде ілім жолында болып, Алланың дінін жаю бар?
Бұдан артық қандай сөз керек ілім жолында аяқтың нық болуы үшін..
алынды: https://t.me/oqyiqro
Жұма мүбәрәк болсын
Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon
Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy
Last updated 2 weeks, 1 day ago
3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338
Last updated 1 year, 1 month ago