Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
үйленейін десем
жанымда жоқ қосағым,
қосағымды тосамын.
көзімде бар от, алау
бойымда бар күш ағын.
үйленейін десем мен,
жасайын деп үлкен іс.
кішкентайлар ақымақ,
үлкендері феменист.
келмей тағы шешімге,
айырылардай есімнен.
үйленбеймін деп тағы
сөз естідім шешемнен.
жеңшемнен
Тәуелсіздік үшін күресте қаза болған батыр ерлеріміз бен батыр қыздарымыздың жаны жәннатта болғай🙌
*Жанымда болмасаң да,
Қасымда қалмасаң да.
"Мен сені сүйемін" деп
Алдашы анда-санда.
Мына өмір қарбаласында,
Өзгемен жан бағасың ба?
Тек мені сүйші сен жаным,
Сездірмей жан баласына.*
Ұйықтап кетсем, көрем әлі түс аппақ,
Үй жағыңа барам жаным жүз аттап.
Сенің ыстық құшағыңа жетпейді,
Жатсамдағы жетпіс қызды құшақтап.
қайырлы түн 141 штук адам✨
*Арайлап атқан таңдарың және
әр түнің сенің қайырлы.
Мінезің және кірпияздығың
өзге жандарға жәй үлгі.
Өзіңе тағы жиі арнап өлең
Қанатымдағы қиялым.
Ұялған сайын ұната берем,
Ұяңым менің ұяңым.*
Сен дегенде көңілім теңіздей шын,
Сені сүйіп, шашыңнан жел иіскесін.
Ой да жоқта көшеде жолықсақта,
Бұдан былай тағдырымыз түйіспесін.
Сонда да сен мен үшін әлемдегі,
Ең таңдаулы періштесің!
күзді күндер өтіп барады
*Сағыныштан өзіңе жыр жазғалы,
Түрімнен өң, өңімнен түр қашқаны.
Радиодан құлағым шалып қалды-ау,
Біз екеуміз тыңдаған үнтаспаны.
Есіме естелік боп оралғансың,
Бойдан орын, жүректен төр алғансың.
Өзіңнен өзге ештеңе қалмағандай,
Естелік боп қалғандай орамал шын.
Күндер өтті қаншама түндер өтті,
Арадағы біздің көпір жөнделмепті.
Енді қайтып жағамыз жарығым-ау,
Екеуміздің арадағы сөнген отты.
Құстар да қайта келіп, қайта кетті,
Тамылжыған тамыз әнін айта кетті.
Біз екеуміз қол ұстасып жүрген бірге,
"Махаббат қызық мол жылдар" қайда кетті?
Сендегі төзім бітіп таусылғалы,
Мендегі сезім өлген баяғыда.
Сүйем, күйем деп жүріп біз екеуміз,
Еш нәрсе бітірмедік аяғында.*
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.