ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago
Дәл солай??. Мусталах ілімі бір мәзһабтың аясында ғана шектелетін ілім емес.
«Қазіргі таңда көптеген шәкірттерде ортақ бір проблема бар. Олар ілімді басқалардың аузын жабу үшін оқиды.
Тіпті кітап оқыған кезде:
“Бұл кітаппен мыналарға радд жазамын, басқалардың аузын жабамын, мынаның айтқанын қатеге шығарамын” деген оймен оқиды.
Өйткені, маған қойылатын сұрақтардың басым көбі: “Ұстаз, мына кітапты оқысақ әлгі пәленшелерге радд жаза аламыз ба?”деген сұрақ.
Алла сені кешірсін! Сен ең алдымен мына кітапты оқысам, жаман әдеттерімнен тыйылып, күнәларымнан арыламын ба?,
Мына кітапты оқысам, осы бір мәселені терең түсініп, ғалым бола аламын ба?”-деген сұрақты қойып үйренсейші!»
Шейх Мужир әл-Хатиб (хафизаһулла)
«Арабша сөйлеудің пайдасы жоқ, кітаптағы сөзді түсінсең болды»,- деген сөзден артық бос сөз жоқ.
Кітаптағы ережеге сай дайын тұрған сөздерді оқи салу бір сөзбен айтқанда – зона комфорта.
Сенің 5 жылдап оқыған сарф-нахвуды 100% татбиқ қылатын нәрсе – арабша сөйлеу. Арабша сөйлеген сәтте бүкіл грамматикалық қағидаларды ойша практика жасап, жақсылап бір пісіріп алатының рас.
Сол себептен күніне кемі жарты сағат уақытты сөйлеуге арнаңыз. Сөйлейтін реті келмесе, қазақша мәтіндерді арабшаға жазбаша түрде аударып шықсаңыз да болады.
Бір ұстазымның сөзі есіме түсіп кетті:
«Әр қағидаға кітаптан бір мысал жаттап, соны өмір бойы келтіре беріп, қашанғы қадірлеріңді құрта бересіңдер!»дейді:)
Расымен, ілім ізденушінің мәселені түсінгендігінің үлкен бір белгісі – мәселеге кітаптан тыс бірнеше мысал келтіре алады.
Ана разылығының маңызы..
Әбул Хасан әл-Қаттан (рахимаһулла) егде жасқа келіп, қаусыраған кезінде мына бір сөзді айтты:
«Хадис жолында сапар шеккен кезімде шамамен 100 мыңға жуық хадисті жатқа білетінмін.
Ал қазір болса тіпті 100 хадисті де жаттай алар емеспін. Онымен қоса көзім де дұрыс көрмей қалды.
Осының барлығының себебі – анамның менің одан ажырап кеткеніме төгілген көз жасы екенін түсіндім. Оны тастап кеткенім үшін төгілген көз жасы – маған солай жаза берді».
[Сафахат мин сабр әл-ғуләмә?]
– Ілімге деген құлшынысым азайып кетті, не істесем болады?
– соңғы рет қашан мағалимді, қиматуззаманды, сафахат мин сабрил ғуләмәні оқыдың?
– есімде жоқ.
– ғалымдардың өмірін оқымасаң, ілімге деген құлшынысың жоғалып, сен де ешкімнің есінде қалмайтын боласың.
Ең бірінші ілім жолында сапар шеккен Адам (алейһиссәләм).
Хадисте келгендей: ”Алла оны жаратқаннан кейін, әлгі бір мекенде бір топ періште бар. Соларға сәлем беріп, олардың сәлеміне құлақ сал…” деп жөн сілтеді.
Ғалымдарымыз осы хадиске сүйене отыра, ең алғашқы ілім жолына сапар шеккен Адам пайғамбар деп айтқан.
©️Әбдул Фаттах әбу Ғудда (рахимаһулла)
[Сафахат мин сабр әл-ғуләмә?]
– Ұстаз, имам әл-Ғизз ибн Әбдуссәләм, имам ән-Нәуәуилердің бидғатты беске бөліп, әрі уәжіп болған бидғаттың мысалы – атеисттердің ойларына қарсы жүйелі дәлелдер тізу деп келтірді. Бұл амал тек мутакаллимдерге ғана қатысты ма?
— Бұл амалды уәжіп кифая деп айтсақ болады. Әрбір мұсылман адамға атеисттермен күресе беру міндет емес. Қоғам ішінде атеисттердің ұстанымдарына қарсы пікір айтатын кәләм мамандары бар болса болғаны.
ТЕГІН ВИКТОРИНАЛАР💝😍 :
ДЖТ каналымыз: https://t.me/djt_2025
БИОЛОГИЯ каналымыз: https://t.me/bio_ubt_2025
ГЕОГРАФИЯ каналымыз: https://t.me/geo_ubt_2025
Алмасбек Ералыұлы ҰБТ саласында
9 жылдық тәжірибе
"UBT Academy" жобасын құрушы
Last updated 1 month, 2 weeks ago
@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
Last updated 3 days, 19 hours ago