Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.
Күріш суының денсаулыққа пайдасы
*Ежелгі Қытай рецептілері тәніміздің саулығын сақтайды. Уақыттың өзі тексерген медициналық білім әдеттегі құралдар пайдасын тигізбеген кезде көмектеседі. Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес.
Дұрыс дайындалған күріш – өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын, өте пайдалы тағам. Күріш жеп отырған кезде, ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады. Асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.
Күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, дәл қазір салауатты өмірге жаңа қадам басасыз. Мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері – күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді, оба ауруын алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар: саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Арнайы тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Күріш суының арқасында дисбактериоз, дерматит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған.
Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стақан суға бір ас қасық күріш жеткілікті болады. Қайнатпа түсінің бұлдырлануына мүмкіндік беріңіз. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды.*
Уақыттың 12 құпиясы
*«Уақыт» жайлы сөз қозғаған ойшыл да, дана да көп. Уақыт, махаббат пен байлық сан ғасырлардың басты тақырыбы болып та келді. Қала да береді. Назарларыңызға уақыт жайлы 12 мәнді дәйексөзді ұсынамыз.
Жұмысқа уақыт табыңыз - ол табыстың кілті.
Ойлануға уақыт бөліңіз - күштің қайнар бұлағы ойда.
Ойынға уақыт табыңыз - ол жастықтың құпиясы.
Оқуға уақыт бөліңіз - білімнің кілті оқуда.
Дінге уақыт бөліңіз - ол адамдықты сақтайды.
Достыққа уақыт бөліңіз - ол бақыттың кілті.
Махаббатқа уақыт бөліңіз - ол өмірдің ерекше сыйы.
Арманға уақыт табыңыз - ол жан азығы.
Күлкіге уақыт бөліңіз - ол өмір қиындықтарына көмекші.
Сұлулыққа уақыт бөліңіз - сұлулық әлемді құтқарады.
Денсаулыққа уақыт бөліңіз – ол ең бағалы аманат.
Жоспарлауға уақыт бөліңіз - ол осының бәрін жасауға көмектеседі.*
Жеті дәрі жаныңызда жүрсін
*Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын.
Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін тигізеді.
Ішке бұл дәрінің әсері Имодиумнен кем емес. Есесіне бағасы оған қарағанда әлдеқайда арзан. Егер ішіңіз қатты өтсе, лоперамидтің 4 мг тұтыныңыз. Бір ескерте кететін жайт, 5 жасқа толмаған балаларға 2 мг артық ішуге болмайды.
Бұл бәрімізге белгілі Эриус дәрісінен кем түспейді. Аллергияға қарсы тұрады және іш ауруларының алдын алады. Бұл дәрінің арнайы кішкентай балаларға арналған түрі де бар.
Валерьянканы қарапайым халық бұрыннан бері қолданып келеді. Дәрігер мамандардың айтуы бойынша, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Бірақ 12 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды.
Бұл жүрек ауруын басатын дәрі. Сонымен қатар қан тамырларын кеңейтіп, қан ағысын жақсартады. Жүрек қыспасы кезінде де жаныңызда болғаны дұрыс. Алайда бұл дәрінің бір кемшін тұсы – бас ауруына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
Бұл дәріні көбіне стенокардия мен гипертония ауруларына шалдыққан адам ішеді. Папазолды 2-3 күнде 1 таблеткасын ішсе жеткілікті. 12 жасқа жетпеген балаларға беруге болмайды.
Бұл әлемдегі ең танымал дәрілердің бірі. Ішек-қарын жолдарын тазалауға көмектеседі. Бірақ өзіңізбен бірге 2 бумасын алып жүруіңіз қажет. Себебі бұл дәріні салмағыңызға қарай ішесіз (10 кг – 1 таблетка).*
Қаржы қауіпсіздігі
*Соңғы бес жыл ішінде қаржы қауіпсіздігі технологиялары үлкен қарқынмен дамып кетті. Алайда алаяқтар қорғаныс амалдарын айналып өту үшін қолданушылардың құпия мәліметтерін қулықпен алуға тырысады. Машинаға қарағанда адамды алдау оңай.
Кеше жаңалықтардан қазақстандықтарға арналған, мұқият болып, арандатуға жол бермеуге шақырған ірі банктердің үндеуін оқып қалдым. Тағы бір рет еске сала кетейін: қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, бұл жағымсыз жайттарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қандай жағдай болмасын бірде-бір адамға картаның ПИН-коды және басқа мәліметтерін беруге болмайды! Поштаға келген күмәнді хаттарды ашпаңыз, белгісіз USB-тасымалдаушыларды қолданбаңыз. Компьютердің файл жүйесіне түскен соң вирустар логиндерді, құпиясөздерді және қаржылық ақпараттарды алаяқтарға беруге тырысады.*
Қаракесек фан канал ; )
Админ: @KZmenenger
Құран арқылы Әлемді таны?
Ұстаз Ерлан Ақатаев уағыздар жинағы.